Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

«Шошқа ұстамаймыз ғой»

Ата-аналар балаларында тамақтану тәртібінің бұзылуын қалай қалыптастырады

«Тамағыңды тауыспасаң,дастарханнан тұрмайсың», «Ал Африканың балалары аш жүр...»  – жас ұрпақты осындай зиянды нұсқамалармен өсіретін ата-аналар тамақтану тәртібінің мәдениеті дәл осы отбасында қалыптасатынын ұмытып отырады. Балаларымыздың дәрігерлер мен психотерапевттерге баруға жұмсайтын ақшаларын үнемдеу үшін не істеу қажет және не істеуге болмайтынын анықтайық.


ТТБ дегеніміз не

Тамақтану тәртібінің бұзылуы (ТТБ) – бұл уақытында және дұрыс тамақтануды бақылау қабілетінің бұзылуына негізделетін аурулар. Ең кеңінен таралған ТТБ түрлері:

  • тәбетсіздік,
  • мешкейлік,
  • компульсиялы артық тамақтану.

Жүйкелік тәбетсіздік адамның сыртқы келбетіне деген көңіл толмаушылықпен сипатталады, негізінен бұл ауруға қыздар мен әйелдер жиі ұшырайды. Олар, тіпті, олай болмаса да, артық салмағы бар деп есептейді. Тәбетсіздікпен ауыратындар бұл мәселенің шешімі ретіндегі жалғыз жол – қарқынды физикалық белсенділікпен бірге тамақтан толық бас тарту деп біледі.

Жүйкелік мешкейлік дертіне шалдыққанда адамның өмірі тұйық шеңбер бойымен жүріп отырады. Ол тамақтан бас тарта алмайды, дегенмен кінәлік сезімнің салдарынан құсу, іш жүргізетін, несеп айдайтын дәрі-дәрмектерді қабылдау немесе клизмалар арқылы сол тамақтан құтылуға мәжбүр болады.

ТТБ пайда болуының себептері қандай

Психолог Әсел Жұбанышеваның айтуынша, ТТБ – бұл әрдайым өз-өзіне бағытталған агрессияның, яғни, аутоагрессияның көрінісі болып саналады. Мысалы, бала кезінен бүлдіршінге ашулылық сезімін білдіруге рұқсат етілмейді, өйткені «бұл әдепсіздік», «мейірімді болу керек», «үлкендермен ұрысуға болмайды». Алайда адам баласы эмоциялардың барлық спектрін, соның ішінде жағымсыз эмоцияларды да сезінеді. Осы тұста ашу жебесі өзіне қарай бағытталады.

Зерттеулер көрсеткендей, мешкейлік пен тәбетсіздіктен зардап шегетін әйелдер өздерінің ата-аналарымен арасындағы қарым-қатынастарды «негативті» деп сипаттаған. Отбасыларында эмоционалдық тұрғыдан «салқын», қамқорлық танытпаған әке және аса қамқор, үстемдік танытқан ана болған. Сонымен қатар баладан әрқашан да мінсіз болу талап етілген.

«Мен тамақ ішкенде саңырау және мылқау боламын»

Тамақтану мәдениеті де балалық шақта қалыптасатыны айдан анық. Көптеген ата-аналар баласы аз жейді деп ойлайды да, оны күштеп тамақтандыруға тырысады. Дегенмен олар балаларының не тұтынатынып жүргендері туралы ойланбайды, дейді психолог Әсел Жұбанышева.

Сондай-ақ оқу Дұрыс тамақтану неден басталады?

Мәселен, балалар күні бойы көбінесе чипсы, піспенан, крекерлерді жеп жүреді. Әдетте мұндай өнімдердің құрамында шамадан тыс мөлшерде қосылған қант немесе дәм күшейткіші – натрий глутаматы кездеседі. Осының нәтижесінде баланың қарапайым пайдалы тағамдарды ішуге деген ұмтылысы мүлдем жоғалады екен.

Сонымен бірге психолог маманы кеңес беріп отырғандай, баланы мәжбүрлеудің де қажеті жоқ. Бүлдіршіннің тамақ рационынан барлық бос «дәмділерді» алып тастау керек.

Сонымен қатар балақайды сәби кезінен тамақтанудың дұрыс кестесіне үйрету қажет. 

Яғни, таңғы ас, түскі ас және кешкі асқа үйрету. Әрі олардың арасында ешқандай да дастархан үстіндегі отырыстардың болмауы тиіс. Бұдан бөлек, тамақ ішкен кезде ешбір гаджет немесе теледидар баланың назарын алмауы керек. Бала дәл осы мезетте тек қана тамақ ішіп отырғанын және одан басқа ештеңе істемеуі керектігін нақты ұғынуы қажет. ТТБ бар адамдар мұны көбінесе түсіне бермейді, – деп көрсетеді психолог.

«Халық даналықтарының» барлығы да бірдей пайдалы бола бермейді

Егде жастағы адамдар көбінесе аңғармай, ТТБ туындауына әкелуі мүмкін белгілі бір сөздерді айтып отырады. Әжелер кезінде осы сөздерді аналарымызға, ал олар өз кезегінде біздерге айтып, солай тәрбиелеп келген.

Дастархан басында айтылатын қандай «кіріспелер» мен «ынталандыру» сөздерін мәңгілікке ұмытқан абзал:

  • Тамағыңды тауыспағаныңша, дастарханнан тұрмайсың
  • Жей берме, сен онсыз да семізсің
  • Құр сүйек – кәне, тез тамағыңды іш
  • Ыдыс-аяқты жусаң, саған кәмпит беремін
  • Әне, Панабек не берсе де жейді, ал сен еркелейсің де жүресің
  • Тауысып же, біз шошқа ұстамаймыз ғой
  • Африканың балалары аш жүр, ал сен болсаң тамақты тастайсың
  • Бәліштерді ала берме, айнаға қарап па едің

Мұндай триггерлік сөз тіркестерінің бірнеше жүздегенін мысал ретінде келтіруге болар еді, әрбір отбасы өзіндік тіркестерді ойдан шығарып отырады. Сондықтан егер сіз балаңызға қарап, осындай секілді сөздерді жиі айтатыныңызды байқасаңыз, сөйлеген сөзіңізді бақылауға тырысқаныңыз жөн.

Тағы не істеуге болмайды?

Тамақпен жазалауға болмайды – бұл дегеніміз одан айыру немесе баланың қалағанынан артық тамақтануға мәжбүрлеу.

Егер балақай бір нәрсені жеуден бас тартса, оны жазалауға болмайды.

Қарын ашу сезімі табиғи жолмен туындауы керектігін қадағалап жүріңіз. Мұнда тамақ қабылдау тәртібі мен белсенділіктер өте маңызды – яғни, далада қыдыру арқылы шынымен де баланың тәбетін ашуға болады. Жоғарыда көрсетілген әрі әлденуге көмектесетін «бос» дәмділерден бас тартқандарыңыз абзал.

«Жағымсыздық – дәмділер» деген секілді байланысты қалыптастырмаңыз. Бұл дегеніміз бүлдіршініңіздің көз жасы көрінген сайын аузын чупа-чупспен жабу – әртүрлі мағынадағы жаман идея болып саналады.

 

 Аударған Рита Сәрсенова

Автор Евгения Сазонова

Понравилась ли вам статья?

0
1
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз