Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Төмендетуге талпыныс

Алкогольдің зиянын ең төмен деңгейге қалай түсіруге болады?

Төмендетуге талпыныс: Алкогольдің зиянын ең төмен деңгейге қалай түсіруге болады?

Черчилль, Хемингуэй, Ван Гог   –  бірін алкоголь босаңсытса, екіншісін шығармашылық әуресін жеңілдетіп, өзіне деген сенімділігін арттыратын. Кейде ішімдікке президент те, олимпиялық чемпион да төтеп бере алмайды, ал поп-мәдениетте арақ-шарап нық орын алған.  Күнделікті өмірде болса ғой алкогольге тәуелділік Джонни Депптің кинокейіпкерлері шытырман оқиғаларынан гөрі, улы романды  көбірек елестеді. Бас айналдыратын жаңалық пен жарқын әсерлер өте кетеді, демек шамадан асып кетсе, алкоголь денсаулықты бұзатын кем дегенде 200 тәсілін табады.  


Әркімнің шамасы әртүрлі, біз ғой, ішімдіктен толық бас тарта алмағандарға, оның зиянын қалай төмендетуге болатынын айтып береміз.

Біраз доғару уақыты келді ме, және неліктен сұлтандар да адам

Барға немесе алкомаркетке кіргенде күшті ішімдіктерден болатын адам шығындары туралы ойланатындар кем де кем. Несі бар, жылына үш миллион, жастық бәрін кешіреді.Оған қоса, тарихта ішсе де ұзақ ғұмыр кешкендер аз емес. 82 жастағы Фрэнк Синатраны қалтасына бір дүңгір сүйікті вискиін салып жерлеген. Алайда әр адамның ағзасы әртүрлі, сондықтан дәрігерге барып жалыну үшін кәрілік міндетті шарт емес.

Статистикаға сенетін болсақ, 20-39 жас аралығында өлім-жітім жағдайларының 13,5%  жуығы алкоголь тұтынуға байланысты. Бұл жарақаттар мен зақымдарды санамағандағы көрсеткіш. Тарихи деректерге сәйкес, масаң түрде болатын қатерлі оқыс оқиғалардан монархтардың өзі сақтандандырылмаған. XVI ғасырда Осман әмірлігінің сұлтаны, шарап сүйгіш  II Селин бассейннен шығамын деп, тайып кетіп ауыр жарақат алды.  Оның өмірі баспалдақтан алған соққыдан қайғылы аяқталды.

Оқыс оқиға былай тұрсын, ал күткен салдары – мүлде басқа жағжай. Осылайша, созылмалы маскүнемдік Түркия Республикасының алғашқы президентінің өміржасын қысқартты. Мұстафа Кемал Ататүрк салтанатты өмір салтын ұстанып, әдемі демала білетін, алайда 57 жасында бауыр циррозынан қайтыс болды.

Ағзаға ең қатты зиян келтіретін этил спирті. Оның құрамындағы химиялық заттар тірі жасушаларды өлтіреді, сондықтан осы спиртпен жарақаттарды және хириргиялық аспаптарды залалсыздандырады. Алкогольдің тұрақты спирт мөлшері ДНК-ны бұзып, гепатит, цирроз және түрлі қатерлі ісіктер, мысалы, асқазан, тамақ және т.б., қауіпін арттырады. Сондай-ақ алкогольді темекімен қатар тұтыну әдеті зиянды одан әрі ұлғайтып, бауырдың қатерлі ісігін арттырады.  

Денсаулыққа зиян келтірмей ішуге бола ма?

Кейбір дәрігерлер аз мөлшерде ішілген алкоголь тамырларды холестерин түйіндерінен «тазартады» және жүрек-тамыр аурулары қаупін төмендетеді, деп санайды. Бұл сирек ішсе ғана. Ал керісінше болса,  ішімдік инсульт қауіпін арттырады.

Ғалымдар ғой зиянсыз ішу мүмкін емес деп сендіреді. Мұнда ағза тезірек қалпына келетін рауалы мөлшер бар. Ер адамдарға ДДҰ күніне 40 грамм спирттен асырмай – бұл екі шөлмек сыра немесе үш бокал құрғақ шарап немесе 100 миллиграмм күшті сусындарға тең көлемде ішуге болады деген сөз. Әйелдерге одан да аз –   30 грамға дейін, демек 1,5 шөлмек сыра немесе екі бокал шараптан асырмай түтынуға болады, деп кеңес береді.  Мұнда аптасына кем дегенде үш-төрт күн ішімдіксіз болуы тиіс.   

Бүгінгі күні алкоголь қоғам өмірімен тығыз байланысты. Онсыз достармен кездесулер, корпоративтер мен отбасылық мерекелер сирек өткізіледі десек, артық болмас. Осы себепті ішімдіктен мүлде бас тарту өте қиын.

Ең қолайлы жолы  –  сыра және шарап сияқты алкоголі аз сусындарға көшу. Спирт мөлшері дәл сол шоттағыдай, екі кружка немесе бокалдың өзі ұзағырақ уақытқа жетеді, ал ағзаға тиімділігі шамалы өзгереді.   


Алкогольді биохагинг ережелері

Этанол ағзаны сусыздандыратындықтан алкоголь ішкен соң міндетті түрде сұйықтық ішу керек. Мінсіз формуласы  – бір мөлшер ішімдікке екі стакан су. Су зиянды заттарды шығаруға көмектесіп, асқазандағы артық  асам ішімдіктің орнын толтырады.  Шырындар мен газдалған сусындар жарамайды, өйткені олардадың құрамындағы глюкоза бауыр мен ұйқыбезге одан да қатты жүктеме береді.


Сондай-ақ ашқарынға да ішуге болмайды, өйткені адам тез мас болып қалады. Одан да жақсылап тамақтану барысында алкогольді мөлшерлеп ішкен дұрыс. Алайда таңдауыңыз көбікті шарап болса, майлы тамақты көп жеуге болмайды. Көмірсу қышқылы майларды жылдам сіңдіреді де, осының салдарынан асқазанда ауырлық пайда болуы мүмкін.

Көптеген жағдайларда алкоголь тұтыну салт-жора. Мұнда кеңес дәуірінен кейінгі адамдар үшін еуропалықтардан үйренетін дүние баршылық. Шарап мәдениеті дамыған халықтарда компания үшін жақсы шарап сатып алу дәстүр, ал оның дәмін татып бағалау өзінше қызықты үрдіс. Бұл дегеніміз – ішімдік таңдауда ғана емес, салауатты болашаққа да саналы көзқарас. Осыған ілесу үшін бәрінен бас тартпай-ақ, әлі келетіннен бастау керек.  

Понравилась ли вам статья?

2
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз