Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Өкпе саулығы: радиологтар неге аз дозалы КТ керек деп жүр?

Өкпе саулығы: радиологтар неге аз дозалы КТ керек деп жүр?:

«ниЖевред» шылымқорлыққа байланысты пайда болатын онкоаурулар профилактикасының заманауи және қолжетімді жолдары туралы, сондай-ақ қазақстандықтардың скринингтен қалай тегін өте алатыны жайлы әңгімелейді. 


Шылымды құнарлана сорған кезде өкпе жасушаларындағы генетикалық мутация туралы ойланатын адам сирек шығар, сірә. Оның үстіне талай темекіні «көріп тастаған» егде жастағы адамдар ғана қатер тобына кіреді деген пікір бар. Өзімізді осылай жұбатамыз, алайда Қазақстанда өкпе ісігі – адам өлімі ең көп кездесетін онкологиялық ауру. Әлемдік статистика да мұны растап тұр: онкологияның бұл түрі таралу жағынан кеуде ісігінен кейінгі екінші орында. 

Проблеманы байқамай қалу әп сәтте

Ісік кішкентай болса, байқау қиын. «Тәжірибелі» шылымқорлар үшін жөтел мен кеудедегі жайсыздық – қалыпты дүние, ал дәрігерге олар көкірек қуысындағы ауру шыдатпай кеткенде және қан түкіре бастағанда бір-ақ көрінеді. Соңғылар – үшінші-төртінші кезеңдегі ісіктің белгілері. Мұндай жағдайда денсаулықтың оңалып кету ықтималдығы 50-де-50.

Шылымқордың созылмалы обструктивті бронхитін да онкологтар ісік алдындағы ауруға жатқызады, сондықтан жөтелді ескермей қоя салуға болмайды. 20 жасқа дейін темекіні «жақсылап» шеге бастаған адамда өкпе обыры 40-тан кейін де пайда болуы мүмкін.

Бұрын ісікті анықтаудың ең кең таралған әдісі флюорография болатын. Алайда бұл әдістің кемшілігі – оның өкпедегі кішкентай өзгерістерді немесе шағын ісіктерді таба алмауы, ауру пайда болғанда барып, нақтылауы.

Ісік немесе күмәнді дүние бар екені анықталса, биопсия жасату керек болады. Ол үшін ұлпаның бір бөлігі алынып, биохимиялық талдауға жіберіледі. Бұл – айтарлықтай жанға бататын процесс. Алайда уақтылы профилактикалық тексеруден өтіп тұрса, мұндайға жеткізбеуге болады. 

Қатерлі ісіктің бастапқы кезеңдерін қалай анықтауға болады?

Ерте диагностиканың дәрігерлер қолында қазір бар ең тиімді әдісі – аз дозалы спиральді компьютер томографиясы. Ол өкпе ұлпасын үшөлшемді түрде визуалдап береді, детальдарын анық көрсетеді және өкпеде әлдене пайда болса, оны тауып алу мүмкіндігі жоғары. Тіпті қатерсіз ісік болған күннің өзінде оны бақылауда ұстап, тұрақты тексеріліп тұру керек.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен АҚШ дәрігерлері шылымқорларға аз дозалы томографиядан жылына бір рет өтіп тұруды ұсынады. Қатер тобына 50 мен 80 жас аралығындағы, жылына 20 қораптан артық шеккен адамдар, сондай-ақ шылым қоймаған немесе соңғы 15 жылда ғана қойып кеткендер кіреді. 

Қазақстанда бар профилактика әдістері

Аз дозалы томография қолданылған пилот жобалар Павлодар, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында тестіден сәтті өтті. 2021 жылдың мамыр айынан бастап мұндай жоба Алматыда Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты базасында іске қосылды. Онкология тізімінде жоқ, 49 бен 70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер мұнда келіп, аз дозалы компьютер томографиясынан тегін өте алады. 

Дәрігерлер шылым шегетін адамдарға КТ-ға немесе кәдімгі флюорографияға жылына ең болмаса бір рет түсіп тұруға кеңес береді. Бұлар кез келген дерлік клиникада бар. Сонымен қатар шылымқорларға бронх жағдайын бағалау үшін бронхоскопия жасату да артық болмайды. Ол сонымен қатар өкпе обырының пайда болу қатерін анықтауға көмектеседі.

2020 жылы ақылы КТ бағасы орта есеппен 15-20 мың теңгені құраған болатын, алайда бұл қызмет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін қолжетімді. Ол үшін учаскелік дәрігерден бағыттама алу жеткілікті. 

Біліп жүрейік, есте сақтайық

Көп жағдайда өкпе обыры шылымқорлықпен тікелей байланысты. Онкологиялық аурудың пайда болу қатерін барынша төмендету үшін темекіден мүлдем бас тарту қажет. Осы жерде темекі құрамындағы ең зиянды элементтердің ол жанған кезде бөлінетін заттар екенін атай кету қажет. Оған 7000-нан астам химиялық зат кіреді. Соның кемінде 250-і зиянды деп танылған, ал 69-ы қатерлі ісікке себепші боуы мүмкін.

Жаман әдетті бір сәтте қойып кету мүмкін болмай жатса, зиянды азайту концепциясына сүйеніп, темекі қыздыруға арналған электронды құрылғыларға көшуге болады. Мұнда температура 350 °С-тан аспайды, ал ағзаға түсетін аэрозольде кәдімгі темекі түтініне қарағанда зиянды заттар 90-95%-ға аз кездеседі.


Аударған Димаш Зиядин

Фотоколлаж yanlaurentxo

Понравилась ли вам статья?

4
5
2

Тақырып бойынша тағы оқыңыз