Редакция ұсынады

Адам тұншығарлық ауа

Үй ішіндегі темекі иісінен қалай құтылуға болады

Адам тұншығарлық ауа: Үй ішіндегі темекі иісінен қалай құтылуға болады

Ләззат үшін әрдайым төлеу керек. Мысалы, бөлмеден шықпай-ақ шылым шектіңіз дейік, бүкіл пәтер бойынша жағымсыз иіс тарады. Дегенмен бөлме ішіндегі темекі түтінінің иісінен қалай арылсақ болады?


Үй ішіндегі темекі иісінен құтылудың ең үздік жолы – шылымнан бас тарту. Егер де сіз никотиннен бас тарта алмасаңыз, онда кем дегенде темекінің жануы барысында пайда болатын түтіннен арылған абзал.

Қазіргі таңда бірқатар баламалар пайда болған – электронды темекі және темекіні қыздыру жүйелері. Бұл никотинді тәуелділігі бар адамдарға ащы түтін иісінің кесірінен болатын тәуекелді азайтуға көмектеседі. Сонымен бірге сіз бірден екі түйткілдің шешімін таба аласыз.

Біріншіден, жанатын темекімен салыстырғанда, олардың аэрозолінде зиянды заттар 95% төмен кездеседі.

Екіншіден, никотин және глицериннің аэрозолінен кейін жағымсыз иіс біршама уақыттан кейін жойылады. Бірнеше минуттан соң пәтер ішінде ешқандай артық иістер қалмайды.

Пәтер мен үй ішінде темекі түтінінің иісінен қалай арыламыз?

Егер пәтердегі темекі иісінің себепшісі сіз болсаңыз, онда қатты қынжылмайтын шығарсыз. Әрі темекінің иісі жақында ғана пайда болуы керек. Ал егер сіз шылымның иісі әбден сіңіп кеткен үй-жайды жалға немесе сатып алсаңыз, жағдайыңыз қиындау. Бұндай жерде темекі түтіні қабырғаларға ғана емес, сондай-ақ жиһаз, перде және басқа да заттардың үстіне сіңіп кеткені анық.

Пәтер ішіндегі шылым түтінінің иісінен құтылу өте қиын. Алайда, бәрі де мүмкін. Дегенмен бірден нәтижеге қол жеткіземін деу қателік.

Шылымқұмардың үйдегі сүйікті орны – бұл дәретхана, асүй, тағы бір сиректеу кездесетін орын – жатын бөлме. Темекі тұқылы жиналатын күлсалғыштар нағыз жағымсыз иістің көзі. Сондықтан, егер де сіз ақыры шылымнан бас тартпаған болсаңыз, күлсалғыштарды жиірек жуып, ішін тазартып тұруды ұмытпағаныңыз жөн. Әйтпесе темекі тұқылының жаман иісінен құтылу мүмкін емес.

Сонымен қатар шылым шегу кезінде таралатын иіс пәтер ішіне балконның жабық есігінен де кіре алады. Жағымсыз иістен сіз де, жақындарыңыз да азап шегуі мүмкін. Балкондар темекі шегуге тыйым салынған орындар тізіміне кірмесе де, «уытты» көршіге айналмағаныңыз жөн. Осы жаман әдеттен мүлдем бас тартыңыз, не болмаса жоғарыда айтылғандай, түтінсіз құрылғыларға көшіңіз.

Әйтсе де, үй-жайдағы темекі иісінен не құтқара алады? Шын мәнісінде ондай әдістер көп-ақ: дүкендерде сатылатын арзан құралдардан бастап, заманауи гаджеттерге дейін қолдануға болады. 

Сіңіп кеткен темекі иісінен қалай құтыламыз

Үйдегі сіңіп кеткен түтіннің иісі шылымқұмардың өзіне ғана емес, сондай-ақ жақындарына да зиян тигізеді. Оған қоса, бұл өзінен кейін сол үйде тұруы мүмкін тұрғындарға да тиесілі.

Бұрынғы иелері шылым шеккен пәтерде темекі иісінен құтылуға тырысу – лас денеге иіссуды себкенмен бірдей. Бұл жердегі нәтиже нөлге тең бола отырып, тіпті, кері әсер беруі мүмкін – иістер бір-бірімен араласып, мұндайда үйдің ауасын желдету де көмектеспей қалады. Сондықтан сізге дейін темекіні бұрқыратқан, түтінмен сасыған үй-жайдың иесі атансаңыз, ең алдымен толық тазалау жұмыстарынан бастаңыз. 

Сондай-ақ оқу Шылым шегуді қашан қойған дұрыс? (Спойлер: “кеше”)
  • Ауыстыруға болатын барлық заттарды ұялмай-қызармай, тастай беріңіз. Бұл матрастар, кілемдер, перделер болуы мүмкін. Осы заттардан темекі иісін кетіру – қиынның қиыны. Ал егер аталмыш тұрмыс заттар сізге керек болып жатса, екінші пунктті оқыңыз. 
  • Темекімен иістенген барлық заттарды химиялық тәсілмен тазалауға өткізіңіз. Мысалы, селдір шымылдықтар, көлеңке беретін перделер, жамылғылар. Кілемдерді де тазалау үшін арнайы қызмет көрсететін орынға тапсырыңыз.
  • Егер түтіннің иісі заттардың үстіне қатты сіңіп үлгермесе, бөлмелерге суланған орамалдарды қойып қойыңыз. Жиһаз қаптауларын су және мүсәтір спирті қосылған ерітіндісімен жақсылап сүртіп шығыңыз. Содан кейін терезелерді ашып, бөлменің ішін желдетіп алыңыз. 
  • Кітаптар мен әртүрлі мүсіншелер темекі түтінінің иісін сақтап тұруы мүмкін. Оларды балконға шығарып, ұзақ уақытқа дейін қалдырған абзал. Әрине, пәтердің іші бос болғаны дұрыс.
  • Темекі иісі қабырғадағы тұсқағаздарға сіңіп кетсе, ең қиыны сол екен. Жуылатын тұсқағаздардың үстін жоғарыда көрсетілген мүсәтір ерітіндісімен өңдеп шығуға болады. Ал қарапайым тұсқағаздарды қайта жапсыруға тура келеді. Оларды толықтай алып тастау керек. 

Темекі иісінен тез арылудың 5 қол асты құралы

Егер пәтердің бұрынғы иесі немесе сіз бөлмелерді қатты сасытып жібермесеңіздер, онда қол асты құралдардың өзі жеткілікті. Үй-жайдағы ауаны тазарту үшін дәріхана немесе ең жақын тұрған дүкендегі арзан құралдар көмектесе алады.

Сірке суы. Темекі түтінінің иісінен құтылуға кәдімгі сірке су, сондай-ақ алма сірке суы жарайды. Жиһаз, үстелдер және төсек жанындағы тумбочкалар, қабырғалар, еден, тіпті, төбелерді де пропорциясы төрт литр суға екі стақан сірке суы қосылған ерітіндісімен сүртіп шығу керек. Сірке суының ерітіндісі бар ыдыстарды бөлмелердің ішінде біршама уақытқа қалдыруға болады.

Көмір. Ағаш көмір керемет сүзгі болып есептеледі, ол ауадағы жағымсыз иістерді сіңіріп алады. Сірке суы бар ыдыстар секілді, көмір салынған контейнерлерді де дәретхана, асүй, басқа бөлмелерге қойып шығуға болады. Күн сайын оны жаңасына ауыстырып тұрған жөн.

Ас содасы. Темекі иісін жоюға кішігірім ыдыстарға салынған ас содасы көмектесе алады. Сонымен қатар оны кілемдер мен жұмсақ жиһаздардың үстіне сеуіп шығып, бір тәулікке қалдырыңыз, ал кейіннен шаңсорғышпен жақсылап тазартып алыңыз.

Кофенің қоюы. Бұл, осыған дейін көрсетілген үш құрал секілді, жағымсыз иістерді сіңіріп алады. Кофені қайнатып алғаннан кейін қоюын суытып, кептіру керек. Айта кетсек, сусынды дайындаған кезде асханалық ауа сорғышты қоспаған абзал. Осылайша кофенің хош иісі шылымның иісін кетіреді.

Аммиак немесе мүсәтір спирті. Аммиак пен мүсәтір спиртінің сулы ерітіндісі – алдыңғы құралдарға қарағанда анағұрлым түбегейлі тәсіл. Алайда бұл қолайсыз иістерді жоюға анық көмектеседі. Оларды қолданудың бірнеше әдісі бар. Заттардың үстін ерітіндімен өңдеп алу және шыны-аяқтарға құйып, пәтер ішінде қойып шығудан бөлек, 4 литр суға 2 стақан аммиакты араластырып қайнатыңыз, ал оның буы пәтер бойынша таралады.

Маңызды! Мүсәтірмен жұмыс істеген кезде нитрилды қолғап пен қауіпті буларды сүзгілеуге арналған бетпердені міндетті түрде қолдануды ұмытпаңыз. Пәтер ішінде ұзақ болудың да қажеті жоқ, ал бөлмелерді өңдеп шыққан соң, терезелерді ашып, үйдің ауасын желдетіп алыңыз. 

Ваниль және басқа да хош иістер

Осыған дейін көрсетілген әдіс-тәсілдердің барлығы қолға алынып, іс жүзінде орындалғаннан кейін ароматерапияны да пайдалануға болады. Мысалы, жағымды иісі бар майшамдарды жағып, бөлмелерге қойып шығыңыз.

Жиренішті иіс ерекше қатты сіңіп кеткен бөлмелерде эфир майларына қаныққан мақта тампондарын қоюға болады. Осы тұста ваниль немесе шай ағашының майлары жақсы көмектесе алатындығы дәлелденген. Екіншісі, тіпті, жағымсыз иістерден арылтып қана қоймай, иммунитетті нығайтады екен.

Алдын алу шаралары

Тағы да әу баста айтылған жайттарға оралайық. Үйдің ішінен темекі иісі шықпасын десеңіз, темекіні бұрқыратуды қойыңыз. Шылымнан мүлдем бас тартыңыз, не болмаса түтінсіз құрылғыларға өтіңіз.

Егер пәтер ішінде шылым тартуды жалғастыра берсеңіз, темекі иісінен арылуға келесі ережелер көмектеседі:

  • темекіні асүйде тұтатсаңыз, асханалық ауа сорғышты қосыңыз;
  • үйдің ауасын бірден желдету қажеттігін естен шығармаңыз: асүй және басқа да бөлмелердің терезелерін ашып қойыңыз;
  • дәретханадағы ауа соратын желдеткішті үнемі тазартып тұру шарт. Алайда отбасыңызбен бірге тұрып жатсаңыз, онда дәретхана – шылым шегуге арналған орын емес. Пассивті темекі шегудің жанама әсерлері туралы ұмытпағаныңыз абзал;
  • ауа тазартқышты сатып алыңыз. Көмір сүзгіші бар құрылғы – ең үздік таңдау. Дәл осы тазартқыштар темекі иісімен неғұрлым тиімді күреседі.

 

Аударған Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз