Редакция ұсынады

Шылым шегуді қашан қойған дұрыс?

(Спойлер: “кеше”)

Шылым шегуді қашан қойған дұрыс?: (Спойлер: “кеше”)

Не десең о де, шылым шегу зиян. Темекі тартушыларға қауіп төндіретін аурулар туралы дәрігерлер, қоғам белсенділері, қорқынышты суреттер мен қораптарға түсірілген жазбалар, тіпті, туыстарыңыз да ескертеді. Алайда сигарет тұтынушылар саны азаймай келеді. Өкпе обасы және ерте қайтыс болу туралы қауіпі туралы ақпараттан қорқып, шылымды тастаған адамдар саны кемде-кем.


ДДҰ мәліметтері бойынша, осы мыңжылдық басталғалы бері әлемдегі шылым шегушілер саны 20 процентке дейін төмендесе де, шылым шегу салдарынан болатын аурулардан әлі де көп. Және шылым шегушілердің 3 миллионға дейіні инфаркт, инсульт сияқты жүрек-тамыр ауруларынан ана дүниеге мезгілінен ерте аттанады.

Бұдан басқа, сигарет тұтынушылар тыныс алу жолдары ауруларынан, обадан, асқазан-ішек ауруларынан зардап шегеді. Бедеулік, белсіздік және басқа да аурулар қауіпі үдеп барады. Алайда бұдан шығу жолы бар. Шылым шегуге байланысты аурулардан қайтыс болу міндетті емес. 

Зиянсыз түтін болмайды

Сигареттің өзінен өлім келмейді. Шылым шегуші темекінің хош иісі мен салт жорадан ляззат алады. Ағзаға зардап келтіретін сигарет түтініндегі химиялық қоспалар. Осындай өзгеше ауруларды шақыратын дәл осы канцерогендер.   

Темекі түтіні құрамында  7000-ға жуық химиялық зат бар. Олардың 250 денсаулыққа зиян және елуден артығы оба ауруын шақырады. Сигарет жанғанда  аммиак, улы газ, ацетон, көгерткіш қышқыл, оған қоса полоний, радий және цезий сияқты радиоактивті компоненттер бар. 

Жанып тұрған сигареттен қалай құтылуға болады?

Неғұрлым ерте болса, соғұрлым жақсы, дейді мамандар. Ең бастысы, бұл ешқашан кеш емес, дейді «Зиянды төмендетудің Қазақстан қауымдастығының» төрайымы Бақыт Түменова.

«Әдеттегідей шылым шегушілер сигареттен бас тартқанда онымен әлеуетті болатын өзгерістер туралы ойланбайды да. Оның шынайы себебі - дәл осы өз ағзасының нақты мүмкіндіктерін білмеушілік шылым шегуді тастауға талаптың болмауында.  Кез келген жаста, кез келген шегуші тәжірибесі мен тәуілігіне шеккен сигарет санына қарамастан, одан бас тарту, ағзаға тек пайда әкеледі», - деп санайды Бақыт Түменова.   

2020 жылы Америка Ауру-сырқаулықты бақылау және алдын алу бойынша орталығы (CDC) шылым шегуді қай жаста тастау дұрыс екені туралы даярлаған есебін шығарды.  40 жасқа дейін тастағандар, 60 жастан кейін тасғандарға қарағанда, шылым шегушілерге тән аурулардан айтарлықтай аз зардап шегеді. Алайда бұрын шылым шеккендердің өкпе проблемалары қалатынын дәрігерлер жасырмайды.

Мамандар шылым шегудің жағымсыз әсерін төмендету зияны төмендеу баламаласы – электронды сигаретке көшуді ұсынады, өйткені оларда жану процесі мүлде болмайды. 2017 жылы ResearchGate электронды сигарет аэрозолін (буын) жұтатын шегуші кәдімгі сигареттің түтініне қарағанда, оның құрамында зиянды және әлеуетті жағымсыз   компоненттер 90-95 процентке аз екендігі дәледенген мақала жариялады.

Шылым шегуді күрт тастаудан қорқатындар не істесе болады

Ақыры сигаретті тастауға бел буған шегушінің жолы жеңіл емес. Шегушіні тән тәуелділігінен басқа сигаретсіз өмірдің өзі қорқытады – өйткені ұзақ жылдар бойы шылым шегуге деген үзілістің өзі марапат болатын, күйзелістен шығуға, әріптестері мен достарымен тіл табысуға көмектесетін. Сондықтан зерттеушілер күрт тастай салмай, балама жолына, мысалы, электронды сигаретке көшуді ұсынады. Зерттеулерге сәйкес электронды құрылғыға көшкен әрбір оныншы адам бір жыл ішінде шылым шегуден үзілді-кесілді бас тартады.

Ғалымдар дәстүрлі сигареттен түтінсіз құрылғыға көшкеннен кейін оң әсерін ерекше атап өтеді.  2019 жылы Британия Жүрек ауруларымен күрес қорының тапсырысы бойынша өткізілген эксперимент электронды сигаретті бір пайдаланғанның өзінде шегушілердің жүрек тамырлары 6,7 процентке кеңейгенін көрсетті. Шылым шекпейтіндердің бұл көрсеткіші 7,7 процент құрады, ал кәдімгі сигарет шегуді жалғастырып жатқандардікі 5,5 процент болды.

«Зерттеулер көрсеткендей, қыздырылатын темекі өнімдерін пайдаланғанда зиянды заттардың әсері, кәдімгі сигареттермен салыстырғанда, азаяды екен. Қыздырылатын темекі өнімін пайдалануға көшкен шегушілердің жанындағы адамдардың денсаулығына да жалпы қауіпі төмендейтіні ықтимал», - деп токсология бойынша комитетінің британ әріптестерімен келісті.  

Америка онкология қауымдастығы сайтының деректері 

Понравилась ли вам статья?

1
1
1

Тақырып бойынша тағы оқыңыз