Редакция ұсынады

Ғалымдар: түтінсіз баламалары...

шылым шегушілердің клиникалық көрсеткіштерінің артуына ықпал етеді.

Ғалымдар: түтінсіз баламалары...: шылым шегушілердің клиникалық көрсеткіштерінің артуына ықпал етеді.

Үш жылға созылған зерттеулер барысында дәстүрлі сигареттен түтінсіз баламаларына көшкен өкпе аурулары бар пациенттердің көрсеткіштері едәуір артатынын айқындады.


Кім, не және не үшін зерттеді

Бір топ итальяндық ғалымдар өкпесінің созылмалы бітелу ауруы бар адамдардың осы ауруы дамуын баяулату мүмкіндігі бар/жоғын айқындау үшін алғаш рет қыздырылатын темекінің әсеріне ұзақ мерзімді зерттеулер жүргізді.

Зерттеуді басқарған респираторлық аурулар және клиникалық имммунология маманы Риккардо Полозо: ғалымдар біреуі сигарет тартқанды жалғастыра берген, ал екіншісі ішінара немесе толығымен қыздырылатын темекіге көшкен екі топ адамды алды. Сынаққа жататын адамдардың жағдайы басында, сондай-ақ 12, 24 және 36 айдан кейін анықталды, мұнда физикалық белсенділік пен шылым шегу жиілігі ескерілді, ал өлшенгені - тыныстану көлемі мен жылдамдығы болды. 

Зерттеулер нәтижесі

Қызыдырылатын темекіге ішінара ауысқандардың өзінде өкпе жағдайы нашарлаған жоқ, ал сигарет тартуы 70%-ке қысқарды. Ал электрондық сигаретке толығымен ауысқандардың ауру ағымын жеңілтедіп, өзінің респираторлық көрсеткіштерін арттыру мүмкін болды. Мұнда сынаққа алынғандардың бәрінде, сигарет шегуді жалғастырған басқаларға қарағанда, өмір сапасы арта бастады, ал өкпе ауруларының өршуі  40%-ке төмендеді.

«Қорытынды біз білетін соңғы 30-40 жылда темекі түтінінің химиялық құрамы мен өкпенің созылмалы бітелу ауруының патогенезі туралы мәліметпен үйлеседі. Біз дәстүрлі сигаретті никотиннің жанбайтын көздерімен, нақты, темекіні қыздыру жүйелері және вейптермен алмастыру едәуір жақсаруға әкелетініне практикалық тұрғыдан сенімдіміз», - дейді профессор Риккардо Полозо.

Неліктен бұл маңызды және Қазақстанда жағдай қалай?

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, әлемде 2019 жылда өкпенің созылмалы бітелу ауруы өлім-жітім жағдайлары себептерінің ішінде үшінші орынды алып тұр, ал оны шақыратын негізі сигарет тарту және ауаның ластануы.

Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстанда өкпенің созылмалы бітелу ауруымен 100 мың адамның 360-500-і ауырады. Алайда CORE (Chronic Obstructive Respiratory diseases) тәуелсіз зерттеуі бұл сан 17 есе көп, жалпы 1,3-1,5 млн. болуы мүмкін екенін көрсетті.    

Понравилась ли вам статья?

1
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз