Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Шылым шегуді тастау әдетінен қалай арылса болады

Шылым шегуді тастау әдетінен қалай арылса болады:

«Бүгін шынымен соңғы сигарет». Шылым шегуді тастауға тырысу әдетке айналып бара жатқанын байқадыңыз ба?


Мәселе никотинде емес

Бірақ сіз оны қайта-қайта жасамақ болғанда, темекі, турасын айтқанда, өміріңізді уландырып жатады. Барлығы «мәселе никотинде» деген ойды дағдыға айналдырып алған. Бірақ, ол тек тәуелділік тудырады, негізгі қауіп – көбіміз біле бермейтін темекі түтінінің мыңдаған канцерогені.

«Көптеген зерттеулер көрсеткендей, сигареттерде 4000-ға жуық түрлі химиялық заттар мен қосылыстар бар, соның ішінде 40-тан астамының дәлелденген канцерогенді әсері бар. Одан басқа, өндірушілер сигареттерге қосымша дәм беретін, дәмін жағымды ететін қоспалар (ментол, ванилин, какао және басқалары) қосады, ал арнайы мөлдіреткіштер шылымқұмарларды қорқытпас үшін түтіннің түсін ағартады», – деп айтады қазақстандық пульмонолог Константин Гаркалов.

Ол тап осы заттар ең қауіпті және қатерлі ісік ауруының дамуына әкелетінін атап өтті. Халықаралық зерттеулер бойынша сигареттегі зиянды химиялық заттар одан да көп – шамамен 7000. Өкпе қатерлі ісігінен қайтыс болғандардың 90%-тен астамы және қатерлі ісік ауруынан қайтыс болғандардың шамамен 30%-і темекі түтінінен болған.

Бірақ, одан басқа да аурулардың қатері бар.

«Шылым шегуші сигарет жанғанда тартатын заттары біртіндеп өкпенің созылмалы обструктивтік ауруының (ӨСОА) дамуына, қантамырлар, соның ішінде жүрек, аяқ-қол атеросклерозына алып келеді, асқазан жарасының, инсульттің және басқа да аурулардың дамуына ықпал етеді. Әдетте, жігіт немесе жасөспірім сигаретті тартып көргенде, оны кез келген уақытта оңай тастаймын деген оймен жасайды! Бірақ, бұны жай ғана ермек ретінде жасап жүрген кезде тәуелділік дами бастайды, сондықтан адам шылым шегуді жалғастырады да, тастай алмайды. Сигареттер құрамындағы заттардың салдарынан аурулар дамығанның өзінде де», – деп айтады дәрігер.

Бар-жоғы бір тартылған сигарет ағзаға қатты соққы береді. Өзіңізге жағымды ортада бір ғана сигаретті тартқанда, бұл сәтте ағзада оттек жетіспейтінін, артериалдық қан қысымы көтерілетінін, қан тамырлары тарылып, жүрекке түсетін күш күрт артатынын тіптен байқамайсыз да.

«Күніне бір сигарет тартатын адамдар жүрек ауруларымен 50% жиірек ауырады, олардың инсульт алу қаупі 30%-ке арта түседі. Сондықтан біреулер күніне бар-жоғы бірнеше сигарет тартып, «бұл зиян емес» деп айтады. Зиян болғанда қандай! Күніне бір сигареттің өзі де зиян!» – деп айтады пульмонолог.

Біреудің жанында жай ғана тұра тұруға шақырғанда – сізге деген қауіп арта түседі, өйткені пассивті шылым шегудің зияны көбірек.

«Пассивті шылым шегу кезінде адам барлық улы заттардың 60% алады, оның үстіне шылымқұмарға қарағанда бұның бәрін сүзгісіз алады. Пассивті шылым шегу де қатерлі ісік ауруларының себебіне айналады. Сондықтан шылым шегетін жерде тұратын немесе жұмыс істейтін болсаңыз, онда өз басыңызға қауіпті аурулар қатерін төндіресіз. Айтпақшы, ата-анасының біреуі шылым шегетін болса, онда баланың демікпесі, бронхит ауруларының дамуы, жиі-жиі суық тию мүмкіндігі жоғары», – деп қорытындылайды Константин Гаркалов.

ДДҚ деректері бойынша әлемдегі шылымқұмарлар саны шамамен 1,1 миллиардты құрайды. Ал сигарет тартудан туындаған аурулардан 8 миллионға дейін адам қайтыс болады. Жылына 600 мыңнан астам адам бойында шылым шегуден туындаған аурулар барын анықтайды.

«Таста не өл» дегеннің енді күші жоқ

Ең жақсы шешім – әдеттен толықтай арылу. «Дүйсенбіден бастаймын» деген әдетке айналып кетсе, балама нұсқаларын – никотинді жеткізудің электрондық жүйелерін қарастыру қажет. Бұл қыздырылатын темекісі бар электрондық сигареттер мен бұйымдар. Неге оны шешім дейміз? Иә, олардың ішінде де никотин бар, бірақ жану жоқ, сәйкесінше – ағзаны өлтіретін шайыр мен канцерогендер де жоқ. Шылым шегуге байланысты аурулар ең алдымен жану кезінде түзілетін түтіндегі уытты заттарға байланысты болады. Балама өнімдерде темекі жанбайды, шамамен 350-400 градус температурасына дейін қызады, ал сигарет температурасы болса 700-900 градусқа дейін жетеді.

Әрине, бұндай балама мүлдем қауіпсіз деуге болмайды. Бірақ зерттеулер көрсеткендей, солардың ішіндегі уытты заттар көлемі мен деңгейі сигарет түтініне қарағанда әлдеқайда төмен – шамамен 95%-ке.

«Егер шылым шегуден бас тарта алмайтын немесе бас тартқысы келмейтін шылымқұмарлардың көбі денсаулыққа аз қауіп төндіретін никотинді жеткізудің қандай да бір балама көздеріне дереу ауысатын болса және ақыр соңында оны қолданудан бас тартса, бұл қазіргі денсаулық сақтау саласындағы маңызды жетістік болар еді», – деп жазады ДДҰ.

Никотин тәуелділігін тиімді емдеу туралы сөз қозғайтын зерттеулер де бар.

«Темекі қыздырудың электрондық жүйелерін қолдану барысында тұрақты үш айлық ремиссияға 2 123 адамның 31,7% қол жеткізді», – деп айтылған АҚШ Ұлттық биотехнологиялық ақпарат орталығының зерттеуінде .

Электрондық баламалардың әдеттегі сигареттерге қарағанда басқа да оң жақтары бар. Ең бастыларының бірі – жағымсыз иістің болмауы. Шылымқұмарлардан үнемі сигарет иісі шығып тұрады. Шылым шегетін орынға бір кіріп шықсаң болды, иісін тек киімді жуған соң ғана кетіруге болады. Қыздыру жүйелерімен және вейптермен бұндай қиындық жоқ. Иә, олардың өзіндік ерекше иісі бар, бірақ кәдімгідей әлсіз, тұрақсыз және агрессивті емес.

Аналогтарды қолданғанда қасыңыздағы шылым шекпейтін адамдар иісті сезсе де, беттерін тыржитпайтын болады. Оларға сигаретті тартқан кездегідей қатты зиян келтірмейсіз.

Түтінсіз өзгерістер

Әдеттегі сигареттен бас тартса, не болады: 20 минуттан соң жүрек жиырылу жиілігі азаяды және қан қысымы төмендейді. Қандағы тұншықтырғыш газ 12 сағаттан соң қалыпты деңгейге дейін төмендейді. Бірнеше аптадан соң өкпе қызметі күшейеді. Екі жылдан соң сіз жүректің ишемиялық ауруының даму қаупін екі есе азайтасыз. 5-15 жылдан соң инсульт қаупі шылым шекпейтін адамның қауіп деңгейіне дейін төмендейді.

Бірақ шылымқұмарлардың көбі шылым шегу денсаулыққа зиянды екенін және мезгілсіз өлімге әкелуі мүмкін екенін түсінсе де, темекіні тастауға асықпайды. Бұл әдеттен бас тартуға көбі дайын емес. Шылым шегуді тастай алмасаңыз, онда оның баламасын іздеу қажет. Оны электрондық баламалардан және темекі қыздыру жүйелерінен таба аласыз.

Понравилась ли вам статья?

1
1
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз