Редакция ұсынады

Эмоционалды кеңестер темекіден бас тартуға қалай көмектеседі

Мейірімділік таныту хабарламалары

Осы мақаланы ашып отырған әрбір темекі тартушы оқырман «Шылым шегу сіздің денсаулығыңыз үшін зиянды» деген сөз тіркесімен таныс шығар. Шылымқұмарлар күн сайын осы даусыз тұжырымды темекі қораптарынан, билбордтардан, үндеупарақтардан, мониторлардан көріп отырады. Және... ешнәрсе байқамағандай, елемей жүре береді.

Ал егер темекі тартуға қарсы күрес жүргізу ісінде теріс емес, керісінше, жағымды эмоцияларды қолдансақ қайтеді осы? Демек, жақсы сөздің көмегімен ықпал етуге тырысу. Бұл туралы London South Bank University (LSBU) университетінің ғалымдары ойланып қалып, арнайы эксперимент өткізген. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты келесі жайтты: қандай жағдайда вейптер шылымқұмарларға темекі шегуден бас тартуға көмектесе алатынын анықтау еді.


University College London (UCL), University of East Anglia (UEA) және University of New South Wales (UNSW) серіктестігімен жүргізілген зерттеу үшін ғалымдар әлеуметтік желілер арқылы 1214 қатысушыны тартқан болатын.

Авторлар зерттеу барысында ғаламтор арқылы сатып алынған электронды темекіні алғаннан кейін темекі шегуден бас тартуға бел буған адамдар санын көбейтуге бағытталған бірнеше әртүрлі тәсілдемелерді қолданған еді. 

Мәселен, зерттеушілер қатысушыларға, темекі тартумен салыстырғанда, вейпингті шеккен кезде денсаулық үшін болатын зиянның төмендейтіндігі туралы ақпаратты ұсынған. Сонымен бірге рухтандыратын және ынталандыра түсетін мәтіндік хабарламалар жазып, оларға қолдау көрсетіп келген. Сондай-ақ қандай өнімді, никотиннің концентрациясын немесе қай дәмді таңдауға байланысты жеке ұсыныстар жасалған. Эксперименттің қатысушылары аталған тәсілдемелерді әртүрлі мөлшерде және комбинацияларда алып отырды. Сонымен қатар дәстүрлі түрде топтың ешқандай хабарламалар мен ұсыныстарды алмаған бөлігі де болды. Эксперимент 3 ай мерзімге дейін созылған болатын. Оның нәтижесінде шылымқұмарлардың төрттен бір бөлігі темекіден біржолата бас тартты, тағы да 13%-ы темекі тұтынуды екі еседен артық қысқарта алды.

Ең қызығы, қарапайым эмоционалдық тәсілдеме анағұрлым тиімдірек болып шыққаны рас. Мәселен, өнімнің маркасы жайлы, никотиннің мөлшері туралы ұсыныстар немесе темекімен салыстырғанда болатын зиянның төмендетілгені туралы ақпаратты беру шылым шегуден бас тарту бойынша көрсеткіштерді айтарлықтай жақсартқан жоқ. Темекі шегуден бас тартқандардың максималды пайызы тек қана таңдау жөніндегі кеңестер мен қолдау танытатын хабарламаларды алып отырған топта болған.

«Рухтандыратын хабарламалар мен басқа да кеңестер арқылы жасалатын жеке түрдегі қолдау көрсетудің қарапайымдылығы адамдарға темекі түтінінсіз өмір сүруге көмектесу үшін едәуір ықпал етуі бек мүмкін. Баршамызға белгілі болып отырғандай, темекі тарту жыл сайын дүниежүзі бойынша шамамен 8 миллион адамды өлтіреді, және темекі тартуға қарсы күрес ісінің, тіпті, ең тиімді дәстүрлі тәсілдері шылымқұмарлар санының азаюына тигізетін әсері төмен болып отыр. Біздің экспериментіміздің нәтижесінде қатысушылардың 24,5%-ы үш айдан кейін темекі шегуден бас тартса, тағы да 13%-ы темекі тұтынуды 50%-дан артық қысқарта алған», - деп атап көрсетті LSBU университетінің никотин және темекі бойынша зерттеулер профессоры Линн Докинз.

Сондай-ақ оқу Қалайша вейпинг жылына 500 миллион фунтты үнемдеуге көмектесе алады Денсаулық сақтау саласындағы төңкеріс

Осы жылдың басында британдық үкімет елді «темекі тартудан азат етуге» арналған «Шылымнан бас тартқандары үшін» схемасы аясында 1 миллион шылымқұмарға вейпингке арналатын старттық жиынтықтарды ұсынатыны туралы мәлімдеген болатын.

Денсаулық сақтау министрі Нил О'Брайеннің айтуынша, аталмыш жиынтықтар Англияның әрбір бесінші шылымқұмарына ұсынылады екен. Әрі бұл күллі әлем бойынша бұрын-соңды болмаған осындай тұңғыш бастама болып келеді.

Шенеуніктер мәлімдегендей, бұл бүкіл ел бойынша таралған алғашқы осындай схема болып отыр. Аталмыш айырбастауға үміттенетін адамдар үшін өнімдер түрлері, олардың күштілігі мен дәмдер таңдауы ұсынылады. Схема Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің бюджетінен бөлінетін шамамен 45 миллион фунтты құрайтын болады.

Action on Smoking and Health ұйымының атқарушы директоры Дебора Арноттың айтуынша, вейптер шылымқұмарлардың темекіден сәтті түрде бас тартуға деген мүмкіндіктерін арттыра түседі, сол секілді шылым шегетін жүкті әйелдерге арналған ваучерлердің де мақсаты сол. «Бұл дұрыс бағытта жасалып отырған әрі көптен күткен қадамдар, дегенмен олар жеткіліксіз», - деп атап өтті ол.

Дебора Арноттың пайымдауынша, елді «темекі тартудан азат ету» деген уәдені орындау үшін оның деңгейін 5%-дан кем көрсеткішке дейін төмендететін үлкен серпін керек.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

11
2
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз