Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Жаман әдет біздерді қалайша кедейлендіреді

Шығынды санайық

Жаман әдет біздерді қалайша кедейлендіреді: Шығынды санайық

Темекі тарту – бұл денсаулыққа деген үлкен зиян ғана емес, сондай-ақ бюджет үшін де айтарлықтай шығын. Осы мақалада темекі тарту біздерді неге кедейлендіретінін саралап қарастырайық.

Темекінің құны

Шылымқұмарлар үшін бірінші көзге түсерлік айқын шығын – темекінің құны. Темекінің бағасы тұрып жатқан еліңізге байланысты айтарлықтай өзгешеленуі мүмкін, дегенмен кез келген жағдайда да, шылым шегу сіздің бюджетіңіз үшін қосымша әрі тұрақты түрдегі шығын көзі болып саналады. Ал егер темекі тартудың әдетке жылдам айналатынын есепке алсақ, сондай-ақ көптеген шылымқұмарларға күн сайын қажетті темекі санының ұлғаятынын ескерсек, онда шығын көлемі де уақыт өте келе артуы әбден мүмкін.

Денсаулықты сақтауға кететін шығын

Шылым тарту, әсіресе, темекінің түтінін жұту денсаулық үшін айтарлықтай зиян келтіре алады, әлбетте, бұл шылымқұмарды медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектерге жұмсайтын жоғары шығындарға әкеледі. Темекі тарту неғұрлым ұзаққа созылса, қатерлі ісік, өкпе, жүрек және қан тамырларының созылмалы аурулары секілді ауыр дерттердің пайда болу ықтималдылығы да соғұрлым жоғары болып, әрі бұл емделуге кететін көп шығынға ұшыратуы мүмкін.

«Шылымқұмардың тісін» ағарту – бұл да елеулі шығын бабы болып саналады. Шыны керек, осы тұсқа барлық стоматологиялық қызметтерді де жатқызуға болады, себебі темекі тарту ауыз қуысының денсаулығына теріс әсер ететіні сөзсіз.

Сондай-ақ оқу Шылымқұмар темекіден бас тартып, ТҚЖ-ға ауысады Бұл эксперименттен не шықты?

Сақтандыру шығындарының ұлғаюы

Темекі тарту медициналық сақтандыруға кететін шығындарды да арттыра түсуі мүмкін. Шылымқұмарларда аурулардың пайда болу қаупі жоғары келеді, сондықтан көптеген сақтандыру компаниялары шылым шегетін адамдарға сақтандыру құжаттарын рәсімдеген кезде біршама жоғары ақшалай мөлшерлемені тағайындайды.

Өнімділіктің төмендеуі

Шылым шегу адамның жұмыстағы өнімділігін төмендете алады, соның салдарынан шылымқұмардың табысы да азаяды. Зерттеулерге сүйенсек, шылымқорларда проспективті жадысы зардап шегеді екен. Жадының бұл түрі алдағы уақытқа жоспарлап қойған әрекеттердің орындалуы туралы есте сақтау қабілеті үшін жауап береді. Нәтижесі – ұмыт қалған немесе уақытында орындалмаған жұмыс міндеттері. Шылымқұмарлар жұмыс күні барысында тезірек шаршайды, өйткені, темекі тарту физикалық төзімділіктің деңгейін төмендете түседі. Осы тұсқа иммунитеттің төмендеуіне байланысты шылым шегетін адамдардың маусымдық ЖРВИ және тұмауға шалдыққыш келетінін қосайық. Ақырында төленетін уақыттың жоғалуы мен жалақының төмендеуіне ие боламыз.

Тазалау мен жөндеу

Егер сіз үйдің ішінде немесе жұмыс істейтін ғимаратта темекі тартуды әдетке айналдырған болсаңыз, бұл қосымша шығынға әкеліп соқтыратыны хақ. Темекі түтіні және темекінің қоңырсыған ащы иісі интерьер заттарына сіңіп кетеді де, қабырғалар мен төбенің беттеріне жұғынды болып шөгіп қалады. Осындай жағымсыз салдардан құтылу үшін үйге қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарына анағұрлым көп уақыт пен шығын қажет болмақ.

Киім-кешектің бүлінуі және басқа да тұстар

Темекі тарту киімнің үстінде жағымсыз әрі кетпейтін бір иісті қалдырады, демек, бұл қосымша киім-кешек сатып алу, киімді жиірек жуу, не болмаса бар киімді химиялық тәсілмен тазалау секілді шығындарға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондай-ақ әрбір шылымқұмарға таныс жағдайды да ескеруіміз керек, яғни, темекімен күйдірілген және қалпына келтіруге келмейтін бүлінген заттар баршылық.

Бұл көлік салонына да қатысты әңгіме болып отыр.

Үнемделген ақша

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда сүзгісі бар темекі қорабының ең төмен сату бағасы 650 теңге көлемінде бекітілген.

Біз жаман әдеттен бас тартсаңыз, қанша қаражат үнемдеуге болатынын, әрі үнемделген ақшаға өз денсаулығыңыз бен рахатыңыз үшін не сатып алуға болатындығын тексеруді шештік.

Есептеулеріміз үшін шылымқұмардың шығын баптарының біріншісін – темекінің бағасын ғана назарға алайық. Орташа шылым шегуші күніне бір қорап темекіні ең төменгі бағасымен, яғни, 650 теңгеге сатып алады дегенге негізделетін боламыз.

Темекі шегуден бас тартудың бір айында:

Үнемдеу – 19 500 теңгені құрайды.

Осы үнемделген ақшаға не сатып алуға болады? 

Жаттығу залына абонемент, бассейнге бару үшін абонемент, ауа ылғалдауыш, фитнес-білезік.

Темекі шегуден бас тартудың үш айында:

Үнемдеу – 58 500 теңгені құрайды.

Осы үнемделген ақшаға не сатып алуға болады? 

Бюджеттік смартфон, суға арналған кулер, асүйлік комбайн, ауа тазартқыш, сүйікті парфюм.

Жарты жыл бойы темекі шегуден бас тартқанда:

Үнемдеу – 117 000 теңгені құрайды.

Осы үнемделген ақшаға не сатып алуға болады? 

Ауа баптағыш, кір жуу машинасы, робот-шаңсорғыш, жеміс пен көкөністерге арналған кептіргіш.

Бір жыл бойы темекі шегуден бас тартқанда:

Үнемдеу – 237 250 теңгені құрайды.

Осы үнемделген ақшаға не сатып алуға болады? 

Премиум санатындағы спортзалына жылдық абонемент, Түркия немесе Мысырға «жанып тұрған» жолдама.

Темекі тартуға байланысты шығындардың тек қана бір көзін ескергенде мұндай үнемдеу шыға келеді. Дегенмен, мұндағы ең басты мәселе – шылым тарту өмірдің сапасына теріс әсер ететіні мен өмір үшін үлкен қауіп төндіретінінде жатыр. Ал мұны ақшалай баламамен бағалап салыстыру мүмкін емес.

Сондықтан біз оқырмандарымызды жаман әдетінен мүмкіндігінше бас тартуға шақырамыз. Ал егер де бұны жасау қолыңыздан әзірше келе қоймаса, зияны азырақ балама нұсқаларға – темекіні қыздыруға арналған жүйелерге ауысқаныңыз жөн.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

6
2
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз