Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Әлем бойынша зияны аздау өнімдерді таңбалау

Бұл не екенін түсінейік

Әлем бойынша зияны аздау өнімдерді таңбалау: Бұл не екенін түсінейік

Оралған өнімдердің басым бөлігінде олардың пайдасы немесе зиянын көрсетіп тұратын таңбалау болады: gluten-free, sugar-free және тағы басқалары. Алайда бұл белгілер шын мәнісінде нені білдіреді және тамақ, сусын мен жаман әдеттерінің зиянын азайтқысы келетін адамдардың бұған сенуіне бола ма? Осыны нутрициолог Алина Мартинмен бірге анықтайық.

Таңбалау не үшін қажет

Өнімдердің зияны туралы таңбалау 1850-ші жылдары Штаттарда басталған еді: президент Закари Тейлордың сүттен уланудан қайтыс болғанынан кейін үкімет азық-түліктерде ескерту белгілерін қалдыру қажеттілігі жайлы шешім қабылдайды. Бүгінгі таңда мұндай белгілер өнімдердің ықтимал зияны және аллергендердің негізгі 8 түрі туралы ескертеді, солардың ішінде: сүт, орман жаңғақтары, жұмыртқа, жержаңғақ, балық, сұлы, соя және шаянтәрізділер бар. Алкогольде – тікелей сол ішімдіктің пайызы көрсетілуі тиіс, ал темекіде – құрамындағы никотин туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстанда темекі тартудың салдарынан пайда болуы мүмкін аурулар жайындағы ескертулер де белгіленеді. Дегенмен зияны 95%-ға төмендетілген темекінің баламаларында сол зиянның азайтылғаны турасында сілтемелер жоқ.

Иә, өнімдерді таңдауда мұндай белгілердің көмегі зор. Тамаққа қатысты сөз қозғайтын болсақ, әркім өзінің қандай нәрсеге аллергиясының бар екендігін жете түсінуі керек, әрі аллергендері бар азық-түліктерді тұтына отырып, денсаулығына қауіп төндірмегені абзал. Шылымқұмарларға темекінің зиянын ескеру және зияны төмендеу баламалардың нұсқалары жайлы білу қажет. Алкогольді тұтынатындар – осы алкоголь ішуге тұрарлық па, не болмаса зияны азырақ баламаны – «жеңіл» немесе мүлдем алкогольсіз сусындарды таңдағаны дұрыс па деген саналы әрі хабардар шешімді қабылдау керек. Алайда нутрициологтарда алғашында жақсы болып көрінген идеяға деген, яғни, осындай таңбалаудың ашықтығына қатысты алаңдаушылық бар.

Қандай жасырын қауіптер бар

«Қазіргі кезде өнімнің пайдалылығын таңбалау сол өнімнің тікелей сапасын ғана емес, сондай-ақ оның бағасын да көрсетіп тұрады. Адамдар өздерінің денсаулығына көмектеседі деген үмітпен таңбаланған өнімдер үшін артық төлеп отыруға дайын», – деп көрсетеді нутрициолог Алина Мартин.

Gluten-free деп таңбаланған өнімдердің бағасы 183% қымбатырақ болуы мүмкін. Қантсыз өнімдер мұндай белгісі жоқ өнімдерге қарағанда 84% дейін қымбат болуы ықтимал. Кейбір жағдайларда бұл орынды жайт, себебі қанттың орнына қолданылатын кей өнімдердің бағасы қанттан гөрі әлдеқайда жоғары болады. Сонымен қатар «қантсыз» азық-түліктерде тазартылған қанттың жоқ екендігі көрсетілуі мүмкін – алайда бұл фруктоза, эритрит немесе тәтті шәрбаттың жоқтығын білдірмейді, деп түсіндіреді Алина.  

Бұл темекі қаптамаларына да қатысты болып отыр, мұнда никотин негізгі зиян келтіруші деп жазылған. Дегенмен зерттеулер көрсеткендей, темекінің зияны оның жану үдерісінде жатыр, оның барысында 7000 залалды заттек бөлініп шығады екен. Жану үдерісін болдырмайтын әрі кәдімгі темекінің түтінімен салыстырғанда зиянды заттектерді 95% азырақ бөлетін әрі түтін шығармайтын құрылғыларда зияны төмендеу турасындағы белгілер көрсетілмеген.

Жауапкершілік тұтынушыға артылған ба?

Нутрициолог Алина Мартиннің пікірінше, негізгі түйткіл бағада емес, жалпы өнімдердің таңбалануының айқын еместігінде жатыр.

«Өнімдерді таңбалаудың ережелеріне сәйкес өтірік жазуға болмайды, дегенмен бәрін түгел айтпауға болады, – деп түсіндіреді нутрициолог. – Сол себептен өнімдердегі көптеген белгілер шындыққа жанаспайтын ақпаратты тұспалдауы мүмкін. Адамдардың арасында «BIO» немесе «eco» секілді жазулары бар азық-түліктер зор сенімге ие, алайда бұл түсініктер, тіпті, өзара байланысты емес және стандартталған өлшемдерге сәйкес келмеуі де ықтимал».

Өндірушілер және мемлекет қанша тырыса да, әйткенмен тауарды таңдау кезіндегі жауапкершілік тұтынушыға артылады. Бәлкім, осыдан болар халық денсаулығының жағдайы әлі де жақсартуды талап етеді: еліміздегі халықтың жартысы артық салмақтан зардап шегеді, ал төрттен бір бөлігі онкологиялық аурулардың даму қаупі бар тобына жатады. Бұл негізінен сатып алушылардың дені ағзаға деген пайдасы мен зияны жайындағы субъективті түсінігіне сүйенетіндіктен, әрі белгілі бір объективті ақпарат көздерін іздеуге тырыспайтындықтан және сол мәліметтерді қайта тексермейтіндіктен орын алып отыр. Сондықтан өнімдерді таңдау барысында жазбаларға жай ғана сене салу емес, сонымен бірге оны нықтай түсетін ақпаратты тексеру маңызды.

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз