Американдық психолог, тұлға, эмоция және күйзеліс психологиясының маманы Чарльз Спилбергер адам мазасыздығының 117-ден астам белгілерін анықтаған екен. Жүз он жеті, Карл! Сонымен бірге күллі әлем бойынша халықтың 15 бастап 24,5% дейін осы мазасыздық ауытқуларына шалдығады, ал аурудың жасы қатты жасарған – алғашқы көріністер 20-30 жастан-ақ басталады.

Біз терең қазбай-ақ қояйық, тек қана шағын тесттен өтуді ұсынамыз, соның нәтижесінде өзіңіздің бұл аспектіге байланысты қаншалықты осал екеніңізді түсінетін боласыз. Ал қазақстандық психолог Любовь Синицаның ақыл-кеңестері ары қарай қай бағытта қозғалу керектігі туралы ой салады.

Атап өтетін болсақ: бұл тест клиникалық сынақтама емес, яғни, доктор Спилбергердің тап өзі жазғандай емес. Мұның нәтижелері болжамды сипаттамаға ие. Нақты диагностика үшін емделуші психотерапевт дәрігерінің жеке кеңесіне жүгіну қажет. Басқаша болу мүмкін емес.

Айтпақшы, жауап берген кезде соңғы 14 күн (кем дегенде) ішіндегі хал-жағдайыңызға сүйенгеніңіз абзал.

Сонымен, кеттік!


Аударған: Рита Сәрсенова