Редакция ұсынады

Біздің ғаламшар – біздің жауаптылығымыз

Экологияға зиянды қалай төмендетуге болады

Біздің ғаламшар – біздің жауаптылығымыз: Экологияға зиянды қалай төмендетуге болады

Ерікті ме, еріксіз бе, ғаламшар экологиясы күннен күнге өзгеріп келеді. Қоршаған ортаны біз де, өз қолымызбен жасаған мәшенелер де ластайды. Зауыттар мен фабрикалар атмосфераға тозаң, азот тотықтарын шығарады, ал қалдықтарын өзенге құяды. Ормандарды шабу, топырақты ластау, өнеркәсіптің ауаны ластауы да көптеген инфекциялық емес ауруларға себепкер боп келеді.


Осы уақытқа қарай келтірген зиянымыз

Жыл сайынғы экологиялық тиімділік индексінде 2020 жылы Қазақстан 180 ел ішінде 85-орынға иеленді. Әзірше соңғы емес, алайда 2016 жылы біздің ел 69-орында етін. Оған қоса, Қазақстанда жиналған қоқыстың көлемі соншалықты болғаны, 2019 жылы заңға қоқыс алаңдарына пластмасс, қағаз қалдықтары мен шишаны көмуге тыйым салатын түзетулер енгізілді.

Елімізде жыл сайын 4,5-5 млн. тонна қатты тұрмыстық қалдықтар пайда болады: пайдалануға жарамсыз тамақ қалдықтары, тұрмыстық заттар, киім, техника. Газет бірнеше айдан кейін толық шірісе, синтетикалық майка қоқыс алаңында 40 жылға дейін, полиэтилен қапшығы – 100-200 жылға дейін, ал алюминийден жасалған құты – 500 жыл жатады екен.  

Бірақ бұл әңгіменің басы ғана. Қалдықтардың көбісі: темір мырыш, қалайы, темір қосындыларын, ал батареялар – қоршаған ортаға ауыр металдар сияқты уыттаушы заттар шығарады.


Бұдан шығу жолы бар:

Бір қарағанда, бұл жол оңай болып көрінеді – қалдықтарды екінші қайтара өңдеу. Көптеген қалдықтарды өңдеп, қайта пайдалануға болады: шиша, киім, қағаз және мата қалдықтары, пластик. Алайда қайта өңдеуге барлық қалдықтың 15% ғана жіберіледі, сонда да бұл көрсеткіш жылдан жылға өсіп келеді: 2017 жылы қоқыстың 8% ғана қайта өңделетін.

Негеліктен осыншама аз? Сұрыпталған қоқысты қайта өңдеу оңай, алайда барлық аулада бөлек қоқыс контейнерлері бола бермейді және пластикті өңдеу жүйесі нашар дамыған.


Экосаясаты тиімді елдер

Экологиялық тиімділік индексі бойынша 2020 жылы ең «жасыл» елдер болған Дания, Люксембург және Швейцария. Олар жаңғыртылатын қуат көздерін пайдаланады, мысалы, Данияда әлемдегі ең ірі күн электрстанциясы орнатылған, оған қоса барлық электрқуаттың 20%-н жел станциялары шығарады. Швейцарияда суды тазалауға өте мұқият қарайды: бұл елде 800 су тазарту кәсіпорны жұмыс істеп тұр, ал кәріз жүйесі 130 мың шақырымға созылған.  

Экокөшбасшы елдерде қоқысты қайта өңдеу жүйесі де кеңінен тараған. Орта есеппен, олар қалдықтардың 50%-н 90%-ке дейін қайта өңдейді, ал қайта өңдеуге жатпайтындарын қуат көзі реті пайдаланады. Швейцарияда 20 жылдан бері бір де бір қоқыс алаңы жоқ.

Әрине, бұл елдер тұтынудан мойынына жауапкершілік алуға дейін ұзақ жол жүрып өтті. Және бұған экологиялық бастамаларға, халықты ақпараттандыруға және қоғамның қоқысты сұрыптайтын салауатты әдетін қалыптастыру үшін  орасан зор ақшалай салымдар есебінен қол жеткізілді.


Табиғатымызды аман алып қалу үшін не керек?

Тағы не?

Әлем бойынша ондаған экологиялық бастамалар бар. Бұл қоқысты жинау, ағаш егу, велоқозғалысты насихаттау, таза жанар-жағар майларға жеңілдік беру. Осылардың біразы түрлі мемелекеттер басшылары тарапынан қолдау тауып та жатыр. Және осылардың бәрін біріктеретін, әрқайсысы қолдана алатын түсінікті жолы да бар – зиянды төмендету қағидаты. Бұл жаппай тыйым салу немесе шектеудің орнына қауіпті жүріс-тұрысты қауіпі төмендеуге алмастыруды деп түсінетін денсаулық сақтау стратегиясы. Зиянды әдеттен бас тарта алмайтындар үшін (темекі шегу, алкоголді және зиянды тағамды асыра тұтыну) зияны төмендеу баламалармен алмастырып отырып төмендетуді ұсынады. Мысалы, қағидат шылым шегушілерге дәстүрлі сигаретті жану процесі жоққа шығарылған вейптерге және темекіні қыздыру, демек канцерогенді қоспалар шығуын болдырмайтын жүйелеріне көшуді ұсынады.

Адам бір мезетте және толығымен өзінің өмір салтын өзгертуі міндетті емес – әрбір адам табиғатқа келітерін зиянды әстін-істін төмендетуден бастауы әбден мүмкін. Дүкеннен алған қапшықтан гөрі ұзақ қолданылатын шоппер ұстау, кофе құятын қағаз стақанынан бас тарту, тіс тазалағанда ағып тұрған суды жауып түру – осы әрекеттердің өзі ұзақ мерзімді перспективада бірнеше ағашты аман алып қалады. Содан кейін қоқысты сұрыптау, экоқаптамалар немесе органикалық азық-түлік туралы толығырақ білуге болады. Біраз жылдан кейін ғаламшарымыздың ахуалы қалай болатынына өзіміз жауаптымыз. Осы бағытта жасаған кішкене ғана қадамның өзі – үлкен жеңіс. 


Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз