Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Алданғаныма өзім де қуанамын

Шынымен шылым шегіп, депрессияны жеңілдетуге бола ма?

Алданғаныма өзім де қуанамын: Шынымен шылым шегіп, депрессияны жеңілдетуге бола ма?

Иә деуге болатындай. Алайда шылымқор өзін темекі түтіндегі шайыр және канцерогендермен өлтіріп жатса, оның не мағынасы бар? Темекі мен депрессия арасындағы күрделі байланысты тарқатып, бұл жағдайдан шығар жол туралы әңгімелейміз. 


Псхикалық ауытқулар мен темекі көп ретте қатар жүреді. Адамның марапат алу жүйесіне әсер еетін никотин шын мәнінде мазасыздықты басып, концентрацияны, жұмыс өнімділігін арттыруы мүмкін. Алайда осылайша ауру белгілерін басатын адамдар жанған темекінің түтініндегі қатерді ескере бермейді.

Ыс газы, канцерогендер мен шайырдың қаупінен жану процесін «айналып өтетін», темекіні қыздыруға арналған заманауи жүйелер көмектесе алады. Дегенмен, бұл зиянды әдеттің артында жәй ғана тәуелді болу емес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметінше, әлемде 280 миллионнан астам адам шалдыққан және «клиникалық депрессия» деген атауға ие диагноз тұрса, не істеу керек? 

Депрессия деген не?

Депрессия – ең кең таралған психикалық ауытқулардың бірі. Бұл ауру белгілерінің қатарында кем дегенде екі апта қатарынан қандай да бір іске деген қызығушылықтың төмендеуі, суицид туралы ойлар, тәбеттің және дене массасының өзгеруі, ұйқының бұзылуы, әрдайым өзін кінәлі сезіну, күш-қайраттың таусылуы бар.

Дәрігерлер депрессияның бірнеше түрін сипаттайды. Мысалы, оқшауланған депрессия эпизоды өмірде бір рет қана болады. Сондай-ақ қайталанатын депрессия эпизодтары бар. Бұдан бөлек депрессия қосполярлы ауытқудың бір бөлігі болуы мүмкін: мұнда депрессия эпизодтары эйфория, ашушаң болу, энергияның тасуы секілді сәттермен кезектесіп отырады.

Аурудың жеңіл, қалыпты немесе ауыр секілді түрлі кезеңі бар. Осы кезеңге байланысты ем де түрліше ұсынылады. Мәселен, психотерапиядан бөлек дәрі-дәрмекпен көмектесу де қарастырылуы мүмкін. 

Депрессия және шылым шегу

Дәрігерлер психикалық ауытқуы бар жандардың арасында ментал тұрғыдан сау адамдармен салыстырғанда шылымқорлардың көбірек екенін байқаған болатын. Зерттеушілер темекіқұмарлардың ауыр жағдайын атап өтеді, мәселен, шылымға тәуелді болу депрессиясы бар адамдарда жекелей алғанда өмір ұзақтығы мен сапасының нашарлап, кемуіне алып келеді.

Жалпы, депрессия мен никотинге үйір болудың арасында екіжақты байланыс бар. Басқаша айтқанда, шылым шегу депрессия эпизодтарының пайда болу қатерін тудырады, ал депрессиясы бар адамдар темекі тартуды әдетке айналдырады. 

Сондай-ақ оқу Бәлкім менде посттравмалық ауытқу бар шығар? Қатты стрестің белгілерін тауып, өз-өзіңе көмектесудің жолы қандай

Никотиннің рөлі

Депрессия бар пациенттердің шылымды симптомдарды жеңілдету құралы ретінде қолданатынын байқағанда бір топ ғалым никотиннің бұл ауруды емдеуге қалай ықпал ететіні туралы мәліметтерді жинап, зерттейді. Жекелей алғанда кітап авторлары никотиннің ащ мерщімде психикалық ауытқу белгілерін баса алады деген қорытындығы келген зерттеу туралы айтады.

Ағзаға түскен соң никотиннің аз дозасы аса маңызды дофамин, норадреналин, серотонин секілді нейромедиаторлардың босауымен байланысты ацетилхолин рецепторларымен әрекетке түседі. Осының салдарынан пациентке шылым белгілі бір уақытқа антидепрессанттың қызметін алмастырады деп көрінуі мүмкін. Ал темекіні мүлдем қойып кету екі апта бойы депрессия симптомдарын тудыруы ықтимал.

Айтпақшы, ғалымдардың айтуынша, зерттеу аз адамнан тұратын топта жүргізіліпті отбасылық анамнезінде депрессия бар 20 ерікті), сондықтан берілген қорытындыға мұқият қараған жөн. Басқаша айтқанда көп пациент қатысатын зерттеулер қажет. 

Қорытынды

Аралық мәліметтердің жарқын ойларға жетелейтініне қарамастан, оларды шылым шегуді ақтап алатын дүние ретінде қарастырмау керек. Бәрібір шылым шегу зиянды әдет болып қала береді. Және депрессияны емдеудің әдісі ретінде қарастырмау керек. Тіпті одан ой мен денені босатып, ауыр эмоционал жағдайды бір сәтке ұмытудың жолын көріп тұрсаң да.

1976 жылы психиатр Майкл Рассел айтқан «Адамдар никотин деп шылым шегеді, бірақ шайырдан өледі» деген сөз әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Темекіге қатысты көп аурудың негізгі себебі – никотин емес, түтіндегі зиянды заттар. 

Ал шылымнан бас тарта алмайтын жандарға зиянды азайту концепцяисына сәйкес залалы аздау, ыс газы мен шайыры жоқ түтінсіз құрылғы түрінде балама тәсілдерге өту ұсынылады. Олардың аэрозолінде никотин бар, бірақ жанған кәдімгі шылымға қарағанда зиянды заттар 95%-ға аз кездеседі.

Депрессияның нәтиже беретін ем түрлері жайлы айтқанда, онлайн-тестіден өтудің жеткіліксіз екенін атай кету керек. Бұл ауытқудың белгілерін бойыңыздан байқасаңыз және екі аптадан артық уақыт бойы жоғалмаса, мамандардың қарауына, терапияға барған жөн. Тек психиатр ғана дұрыс ем таңдап, диагностика жүргізіп, қажет болған жағдайда антидепрессанттар жазып бере алады. 


Аударған Димаш Зиядин

Понравилась ли вам статья?

3
1
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз