Редакция ұсынады

Түтінсіз баламалар және темекі – екеуі бір нәрсе ме?

Темекі тартудың балама нұсқалары туралы басты дақпырттарды сейілтеміз


Темекі тартудың түтінсіз баламалары айналадағылар үшін қауіпсіз бе? Олар никотиннің қандай мөлшерін береді? Олар темекі тартуға қарағанда біршама қауіпсіз балама болып келеді ме? Түтінсіз құралдардың барлығы бірдей ме? Осы және көптеген басқа да сұрақтар темекі тартудың зиянын төмендеткісі келетін кез келген шылымқұмарды қызықтыратыны хақ.

Нарықта темекі тартудың алуан түрлі түтінсіз балама нұсқалары пайда болған сайын ересек шылымқұмарларда дәстүрлі темекіні шегуден бас тарту үшін мүмкіндіктердің саны көбейе бермек. Дегенмен бұл жерде де таралып кеткен аңыздар жоқ емес. Кейде олар түсініспеушіліктен, ал кейде – жалған ақпараттың таралуы салдарынан пайда болады. Бұл материалда біз кеңінен таралған жаңылыс пайымдарды жоққа шығаруға және темекі тартудың түтінсіз баламалары туралы ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.

Темекі тартудың түтінсіз балама нұсқалары дегеніміз не және олардың қалай жұмыс істейтіні жайында өткен материалымызда әңгімелеген едік. Біз сіздерді темекіні қыздыру жүйесі, электронды темекі (вейп), шайналатын темекі, иіскейтін темекі, насыбай және снюспен таныстырған болатынбыз. Ал енді сіздердің назарларыңызға шылым шегудің түтінсіз балама нұсқалары туралы 6 аңызды ұсынамыз.

№1 АҢЫЗ. Түтінсіз өнімдерді темекі тартудың салауатты және қауіпсіз баламасы деуге болады ма?

Жоқ, құрамында никотині бар өнімдердің ешқайсысы, соның ішінде түтінсіз өнімдер де қауіпсіз болып саналмайды. Шылымқұмардың қабылдай алатын ең дұрыс шешімі – темекі және никотин тұтынудан толықтай бас тарту. Дегенмен шылым шегуді жалғастыруды таңдайтын ересек шылымқұмарлар үшін, қарапайым темекіні тартумен салыстырғанда, түтінсіз өнімдер денсаулық үшін анағұрлым қауіпсіз баламаға айналуы әбден мүмкін. Оның басты себебі нәтижесінде түтін пайда болатын темекіні тарту кезіндегі жану үдерісінде жатыр. Темекі түтінінің құрамында мыңдаған химиялық заттектер бар, соның ішінде шамамен 100 заттек шылым шегуге байланысты ауруларды қоздырады. Сайып келгенде жоғарыда келтірілген балама нұсқалар, мәселен, булау өнімдері болсын, не болмаса темекіні қыздыруға арналған жүйелер, мейлі шайнайтын темекі, мейлі иіскейтін темекі, насыбай немесе снюс болсын, барлығының құрамында да никотин бар, әрі ол әдеттенуді тудырады және оны зиянсыз деуге келмейді.

№2 АҢЫЗ. Түтінсіз өнімдер және темекі – екеуі бір нәрсе ме?

Жоқ, түтінсіз өнімдер және темекі – екеуі бірдей нәрсе емес. Сигареттер, осыған дейін айтып өткеніміздей, темекінің жануын талап етеді, ал осының нәтижесінде түтін пайда болады. Шылымның түтін шығармайтын темекі бұйымдарынан негізгі айырмашылығы сол бұйымдарды қолдану барысында жану үдерісінің талап етілмейтінінде жатыр, сәйкесінше, түтін де түзілмейді. Мысалы, булау электронды темекіге арналған сұйықтықты жылытуды, ал темекіні қыздыру – темекіні қыздыратын және оған жануға мүмкіндік бермейтін электронды құрылғыны пайдалануды білдіреді. Түтінсіз өнімнің екеуі де түтінді емес, құрамында никотині бар аэрозольді өндіреді. Осының арқасында, қарапайым темекінің түтінімен салыстырғанда, зиянды заттектер 95%-ға азырақ бөлінеді. Дегенмен темекіні қыздыруға арналған кейбір құрылғылардың дизайны тұрғысынан кәдімгі шылымға ұқсас келетін темекі стиктерін қолдана алатынына қарамастан, олар тек қана тиісті құрылғылармен пайдаланылуға арналады және темекі тартуға жарамсыз болып келеді. Сондықтан, егер де адам шылым шегуден біржолата бас тартуға дайын болмаса, онда ол ең болмағанда жану үдерісінен бас тарту арқылы ағзаға тигізілетін зиянды төмендете алады.

№3 АҢЫЗ. Электронды темекі немесе құрамында никотині жоқ түтінсіз өнімдер қауіпсіз бе?

Жоқ, құрамында никотині жоқ электронды темекінің зияны кемірек деген пайым шындыққа сай келмейтіні хақ. Көптеген түтін шығармайтын темекіге балама өнімдердің құрамында никотин баршылық. Бұл тұжырым әсіресе нағыз темекі қолданылатын түтінсіз құрылғыларға қатысты орынды айтылған. Ересек шылымқұмарлар, егер осы өнімдердің құрамында никотин болса, дәстүрлі темекіден бас тартып, түтінсіз балама нұсқаларды таңдай алады. Әрі никотиннің қалай жеткізілетініне қарамастан, мейлі кәдімгі темекі немесе түтінсіз темекі бұйымдары арқылы болсын, никотин әдеттенуді тудырады және оны зиянсыз деп айтуға болмайды.

№4 АҢЫЗ. Түтінсіз құралдардың барлығы да бірдей болып келеді ме?

Жоқ, түтінсіз құралдардың барлығы да бірдей емес. Қазіргі таңда әлем бойынша темекіге балама болып саналатын түтін шығармайтын құрылғылардың түр-түрі ұсынылады, демек, дәстүрлі темекі тартуды тастағысы келетін ересек шылым шегуші адамда балама нұсқаларды таңдай алу мүмкіндігі бар – біз бұл туралы өткен материалымызда егжей-тегжейлі әңгімелеген болатынбыз. Алайда жоғарыда көрсетілген өнімдердің барлығы да бір-бірінен ерекшеленетіндігімен, оларды бір жалпы сипат біріктіріп отырады – бұл жерде олардың жұмыс істеуі және тұтынылуы үшін темекінің жануы талап етілмейді.

№5 АҢЫЗ. Темекіні қыздыру жүйелері және электронды темекі секілді шылым тартудың түтінсіз баламалары айналадағылар үшін зиянды ма?

Жану үдерісінің жалпы жоқтығының арқасында ағзаға никотинді жеткізетін электронды жүйелер айналадағы адамдарды түтіннің әсеріне ұшыратпайды. Дегенмен олардың көбісі әлем бойынша жақында ғана пайда болғандықтан, олардың айналадағыларға тигізетін ықпалының ұзақмерзімді салдары әзірге белгісіз болып отыр. Темекіні қыздыруға арналған құрылғылар мен электронды темекілер аэрозольді бөліп шығаратыны белгілі. Кейбір темекі шығаратын компаниялар өздерінің құрылғылары өндіретін аэрозольдің зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді, сондай-ақ олар әрбір адам таныса алатындай, әрі аэрозольдің айналадағы адамдарға қалай әсер ететінін көруі үшін зерттеулердің нәтижелерін жариялап отырады. Алайда, біріншіден, мұндай мәліметтер барлық түтінсіз өнімдердің санаттарына таралмайды, екіншіден, мұнда да никотин қалады, бұл дегеніміз қарапайым темекімен салыстырғанда азырақ болса да, дегенмен денсаулық үшін зиян сақталып отыр.

№6 АҢЫЗ. Булау секілді темекі тартудың түтінсіз баламалары әдеттенуді тудырмайтыны рас па?

Жоқ, құрамында никотині бар түтін шығармайтын бұйымдар мен құрылғылардың барлығы да әдеттенуді тудырады. Сондықтан мына бір нәрсені естен шығармаған маңызды: вейптер секілді түтін шығармайтын өнімдер дәстүрлі темекілерді тартуды жалғастыра беруді немесе құрамында никотині бар басқа бір балама нұсқаларды қолдануды қалайтын ересек шылымқұмарлар үшін ғана арналады, алайда олар темекі шегуден біржолата бас тартуға арналмаған. Дәл осы себептен Ұлыбритания секілді елдерде вейптер зиянды төмендету құралы ретінде дәрігердің дәріқағазы бойынша ғана тағайындалады.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

17
3
4

Тақырып бойынша тағы оқыңыз