Редакция ұсынады

ҚАЗАҚСТАНДА ЭКО-БРЕНДКЕ ІЛЕСУ ҚАЛАЙ ЕКЕН

Эко-брендтер қызметі және олардың ахуалы туралы неліктен ойлануымыз қажет

ҚАЗАҚСТАНДА ЭКО-БРЕНДКЕ ІЛЕСУ ҚАЛАЙ ЕКЕН: Эко-брендтер қызметі  және олардың ахуалы  туралы неліктен ойлануымыз қажет

“Эко-брендтерді көптеген жағдайда органикалық брендтермен шатастырып жатады, алайда екеуінің арасында айырмашылық бар және ол өте маңызды. Органикалық өнім сататын компаниялар клиенттер денсаулығы үшін химикаттар пайдаланбаған заттар мен құралдар жасауға мамандандырылады. Эко-брендтер болса ғой сәл өзгеше тірлікпен айналысады: олар өнім қоршаған ортаға мейлінше аз зиян келтірумен өндірілген және жеткізілген.


Зиянды төмендету қағидаты – жаңа ой емес, алайда, нақты айтсақ, ғаламдық жылыну көрінісінде өзектілігі жылдан жылға өсіп келеді. Дүниежүзілік Жабайы Табиғат Қоры (WWF) ғаламдық жылынудың негізгі үш себебін көрсетіп отыр: қазба отын, ағаштарды жаппай қырқу және агримәдениет.  Осы үш себепкер мүлде бөлек болып көрінеді және оларды біріктіріп тұрған осы үш индустрия – біздің кінәміз емес, демек бізге қатысы жоқ деген ұғым. Шын мәнінде үшеуі де тұтынушыға тікелей байланысты. Қазба отын (оның  73%-е дейіні – жағылатын көмір) негізі электрқуатын алу үшін пайдаланылады. Өз кезегінде электрқуатының 77%-не дейін жаппай саудаға шығарылатын киім, қапталған тамақ, косметика, т.б. заттар түрін өндіретін индустриялар жаратады. Ағаштарды жаппай қырқу да дәл осыған негізделген: алынған материал ірі көлемді шаруа қожалықтары мен басқа индустрияларға арналған құрылымдар салу үшін пайдаланылады. Агримәдениет алдында аталған екі ресурстарды пайдаланып қана қоймай, малды асыра өсіргендіктен, өзі де метан және көмір қышқыл газы арқылы атмосфераны ластайды. Құлаққа жағымсыз естілсе де, шын мәнінде ұжымдық әсерге қол жеткізу үшін осындай көріністермен әрқайсымыз күресе аламыз. Экологияны жаппай ластайтын бизнестерге қарсы тұру кішкене қадамнан басталып, ауқымды нәтижеге жеткізе алады.  

ТАҒАМДЫ ҚАЛАЙ ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕН АЛУҒА БОЛАДЫ

Біздің ғаламға зиянды шешіміміз титтейден басталады. Азық-түлікке шығуымыз осыған айқын үлгі. Алып супермаркеттердің экологияға жағымсыз әсері негізі осылар пластик қолданғаны және тағамды тастауынан болады.  Тағамды үздік тасымалдау және сұрыптау үшін супермаркеттер оны пластикке салады, ал осы пластик кейін өңделусіз тасталады, демек табиғатты ластанады. Бұдан басқа, супермаркеттердегі азық-түлікткің 45%-не дейіні тұтынуға жарамды бола тұра тасталады (сақтау және жарамдылық мерзімі аяқталған, түрі бұзылған көкөніс пен жемістер, оған қоса қаптамалары бүтін, бірақ мыжылған  қаптамадағы азық-түлік). Яғни осы өнімді өндіру мен тасымалдауға шығындар да желге ұшқан қаражат деген сөз. 

Тоқ етері, күрестің ең тиімді жолы –  жергілікті өнімді сатып алу. Мұнда жергілікті өнімді тасымалдау үшін ұзақ жол жүру қажет емес және осы себепті өнімді қаптауға кететін ресурс азаяды.  

ЗИЯНСЫЗ КОСМЕТИКА

Қазақстанда ең ірі косметика сатушылары – ірі халықаралық желілер. Бұлар алып компания болғандықтан өз тауарларын бүкіл әлем бойынша таратады, оның ішінде Қазақстан да бар. Олар ұсынып отырған таңдау өте тартымды болып көрінгенмен, осының артында не тұрғанын ойлануымыз керек. Нақты, импорттың (әкелудің): сату орнынан алыс жерде өндірілген өнімді әкелу және тарату экологияға қомақты зиянды әсері сияқты көзге көрінбейтін құнын түсінуіміз қажет. Сондай-ақ, супермаркеттерде азық-түлік сатып алатынымыздай, жергілікті брендтерді қолдау ең жақсы баламасы болып табылады. 

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КИІМ

Сән индустриясы – әлемдегі экологиялық әдепсіздердің бірі. Бұл индустрия қоршаған ортаны ең қатты ластаушылардың екіншісі және ол шығарылған көмір қышқыл газының оннан бірі үшін жауапты. Ластауды қолдаудың орнына қазақстандық эко-брендтерге ауысуға болады.

БАСҚА ФАСТ-ФУД

Ет және сүт өнімдерінің өндірісі булы газдар шығарылымының 14,5%-н  құрайды және жарататын су көлемі,  бүкіл әлем бойынша үйлерде жарататын көлеміне қарағанда, бестен он есеге дейіні босқа кететін су. Мысалы, сиырды өсіруге кететін судың бәрі ескерсек, бес жүз грамм сиыр етін өндіруге төрт литр су кетеді. Сиыр еті – ғаламдық жылынудың ең үлкен агримәдениет себепкері болса да, тауық пен балық та сол он төрт проценттің ішінде өз рөлін атқарады. 

         Ет тұтынудан жалғыз Қазақстанда емес профит алатын компаниялардың бірі – фаст-фуд компаниялары. Мысалы, чизбургердің көмірсу ізі (нақты бір заттан немесе тұлғадан белгілі бір уақыт ішінде)  екі литр бензинге тең. Бұл дегеніміз автокөлікпен 1250 шақырымдай  жол жүргенге тең. Яғни етсіз бургер таңдағанда, біз жеке көмірсу ізімізді айтарлықтай азайтамыз.   

Понравилась ли вам статья?

1
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз