Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Жұп ішіндегі қарым-қатынас: арамызда бір мәселе бар сияқты

Тестті өтіп, білуге болады


Кез келген, тіпті, ең берік қарым-қатынастарда байқалмайтын немесе еленбей жүрген, айқындалмаған түйткілдер пайда болуы әбден мүмкін. Бұл тест сізге және жұбыңызға қатынастарыңыздағы назар аударуды қажет ететін қандай да бір жасырын мәселелердің бар-жоғын түсінуге көмектеседі.

Бұл тестіден өтудің керегі не? Біріншіден, бұл серіктестердің екеуіне де қарым-қатынастарындағы байқалмай қалуы ықтимал кейбір аспектілерді жете түсінуге септігін тигізеді. Бұл осы жайттармен жұмыс істеп бастауға және жұп ішіндегі жалпы динамиканы жақсартуға мүмкіндік береді. Екіншіден, тест күрделі немесе, тіпті, жағымсыз болуы мүмкін тақырыптарды талқылау үшін ашық атмосфераны құруға көмектеседі. Ақырында бұл түйткілдерді бірлесе отырып шешуге және араларыңыздағы байланысты нығайтуға септесетін бастапқы нүкте ретінде бола алады.

Ең бастысы, естеріңізде болсын: бұл сынақтың мақсаты – кінәлі адамды табу емес, қайта бір-біріңізді түсіну және өзара қарым-қатынастарыңызды ұғынуды жақсарту, кез келген мерзімі жеткен жанжалдан, түсініспеушіліктен болатын зиянды төмендету болып келеді. Әрбір пайымдауға қатысты өз тәжірибеңізді немесе сезімдеріңізді барынша дұрыс сипаттайтын жауапты белгілеңіз.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

1
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз