Манипуляторлар болып туылмайды, олар жүре қалыптасады, деп сендірген психолог Эверетт Шостром. Бұл автор өзінің мақсаттарына, кейде, тіпті, бейсаналы түрде болсын, әйтеуір дегеніне жету үшін адам тұлғасының әртүрлі айла-тәсілдерді қолданатын қырын манипулятор деп атайтын. Тіпті, бізге мүлдем айла-шарғы жасамайтындай болып көрінгенімен, әрқайсысымыз да әлеуметпен өзара әрекеттесу барысында бұл қасиетке болмашы немесе жоғары дәрежеде ие болады екенбіз. Өзіміздің тестіміз үшін осы жүйеден манипуляторлардың кеңінен таралған 4 түрін алдық және оқырмандарымызға өз іштеріңізде отырған түрімен танысуды ұсынамыз. Сонымен бірге манипуляторлардың әртүрлі типтерімен қарым-қатынас жасаудан болатын зиянды қалай төмендете алатыныңызды біле жүріңіздер.