Редакция ұсынады

Сиқырлы шамның құлы: сіз смартфонға қаншалықты тәуелдісіз?


Гаджеттерге деген тәуелділікті зерделеп жүрген қазіргі заманғы зерттеушілерге эксперименттеріне қатысушыларды іздеп табу оңай емес деседі. Өйткені адамдар өздерінің смартфондарынан бір сағаттан артық уақытқа айрылудан қорқады. Тіпті, «no mobile phone phobia» сөздерінен шыққан – «номофобия» деген аббревиатура да пайда болған. Бір жағынан, бұл ұғынықты дүние, өйткені өміріміздің едәуір бөлігі смартфонға қатысты болып отыр: бұл банк қызметтері де, әрі дос-туыстарыңызбен байланыс та, әрі соңғы жаңалықтар. Екінші жағынан қарайтын болсақ, кейде осы бір өзара әрекеттестік шынайы өмірге зиянын тигізіп, оны виртуалды шындыққа алмастырып, нағыз тәуелділікке айналады. Осы тесттің сұрақтарына жауап бере отырып, сіз смартфонмен «қарым-қатынасыңыздың» қандай екендігін тексере аласыз.

Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

3
1
1

Тақырып бойынша тағы оқыңыз