Редакция ұсынады

Сол бір жарамды заттар

Денсаулық пен ғаламшарға деген зиянды азайтуға көмектесетін бес гаджет

Сол бір жарамды заттар: Денсаулық пен ғаламшарға деген зиянды азайтуға көмектесетін бес гаджет

Үйге кішкентай күнді қалай әкелсе болады? Химиялық тамаққа жолықпаудың жолы қандай? Әрі шылым шегу әдетінің зиянын азайту үшін не істеу керек? 


«Соэкс-F2» эковизоры

Бұл не: азық-түліктің нитраттарға толы немесе комсомол қыздың көз жасындай таза екендігін анықтауға, сонымен қатар ас суының сапасын бағалауға көмектесетін құрал.

Несімен қызық: шағын ғана гаджет азық-түлік өнімдерінің сапасын жеңіл әрі жылдам анықтауға мүмкіндік береді. Бар болғаны кеңейтілген тізімнің ішінен бір «үміткерді» таңдап алып, оны құралдың ішіне салу керек. Жеміс-жидек, көкөніс, соның ішінде ең экзотикалық түрлерін ғана емес, сондай-ақ етті де тексеруге болады екен. Нитраттардың құрамы бойынша нормалардың барлығы да машинканың жадысына енгізіліп қойылған.

Жалпы әлдеқайдағы нитраттар туралы білудің қажеті қанша дейсіз ғой. Шын мәнісінде, адам ағзасына түскен жағдайда нитраттар оттегінің жетіспеуін тудыруы мүмкін, асқазан-ішек жолының жұмысына теріс ықпал етіп, ең қорқыныштысы – онкологиялық аурулардың даму қаупін арттырады. Ал біздер үшін мұның керегі жоқ.

Сонымен қатар эковизордың көмегімен судың кермектігін де анықтауға (егер адам кермек суды үнемі іше берсе, онда бүйрек және қуық тастары пайда болуы мүмкін) және су құбыры сүзгісінің жұмысқа жарамдылығын тексеруге болады.

Қайдан іздейміз: https://soeks.ru/catalog/ecovisor-f2

Темекіні қыздыру жүйесі

Бұл не: егер де темекі шегуден бас тартуға дайын болмасаңыз немесе біржолата тастай алмасаңыз, жану үдерісін болдырмаудың арқасында темекінің зияны төмендеу баламасы болып саналатын гаджет.

Несімен қызық: бұл құрылғы темекіні жандырмайды, оның орнына ең көп дегенде 350 градусқа дейін ғана қыздырады. Түтін және жану өнімдері, яғни, темекі шайыры, уытты газ, аммиак және басқа да адам ағзасын уландыратын заттардың жоқтығынан, қарапайым шылыммен салыстырғанда, зияны айтарлықтай төмендетілген. Темекіні қыздыруға арналған жүйелерге ауыса отырып, шылымқұмарлардың ағзасына денсаулыққа нұқсан келтіре алатын заттектер 95%-ға дейін азырақ түседі.

Сонымен бірге бұл үдеріс іс жүзінде дәстүрлі темекі тартудан еш ерекшеленбейді, яғни, өндірушілер үйреншікті рәсімге деген психологиялық берілгендікті есепке ала отырып, сондай-ақ бұл құрылғының тек ересек әрі тәуелділікке ие болып үлгерген адамдарға ғана арналғандығы туралы ескертуді ұмытқан жоқ.

Қайдан іздейміз: әдепнама түсініктері мен заңнамалық шектеулерге байланысты «ЗияныТөмендеу» осы тармақта брендтерді атамайтын болады, дегенмен денсаулық үшін зиянды төмендету мүмкіндігі турасында ойлануға кеңес береді. 

Сондай-ақ оқу Қуат берсін «Балама темекі» отырып қалса, не істеу керек?

Caia шамы

Бұл не: үйдің ішін нағыз күн сәулесіне толтыруға мүмкіндік беретін «ақылды» шам немесе жай ғана роботтандырылған айна.

Несімен қызық: гаджет ешқандай да бір батареяларды қажет етпейді, күн көзінен қуат алып, үйдің немесе кеңсенің ішіне кәдімгі жарықты жеткізеді. Экологиялық таза әрі экономикалық тұрғыдан тиімді, сонымен қатар денсаулық үшін пайдалы болып саналатын қуат өндірудің әдісі.

Адам ағзасы қызметтерінің реттелуі және ұйқы тәртібінің қалпында сақталуы үшін тұрақты күн сәулесі қажет. Бұл көңіл-күйді және жалпы хал-жайды жақсартып, күйзеліс деңгейін төмендетіп, зат алмасу үдерісі мен қан айналымын ынтландырады да, иммундық жүйеге оң әсер етеді.

Қайдан іздейміз: https://solenica.com

Drumi кір жуғыш машинасы

Бұл не: «Жұлдызды соғыстар» хикасындағы R2D2 роботына ұқсайтын кір жууға арналған құрылғы ғана емес, сонымен бірге шағын спортзал.

Несімен қызық: бұл бар болғаны 10-12 литр суды және жуатын ұнтақтың бір шөкімін ғана қажет ететін әрі киллограмнан артық киімді 5 минуттың ішінде-ақ сапалы түрде жуып шығуға арналған тасымалды машинка. Ал электр тоғын мүлдем тұтынбайды.

Өндірушілердің айтуынша, әдеттегі автоматты кір жуғыш машинаның орнына Drumi-ді тұрақты түрде қолдану көміртектік ізді (электр энергиясын өндіру үдерісі кезінде атмосфераға шығарылатын парниктік газдардың мөлшері) аптасына 4,5 кг-ға азайтуға мүмкіндік береді екен. Жуу кезінде тұтынылатын су мөлшері де бес есе азаяды.

Drumi үшін қуат көзін оның иесі өзі табуы керек – басқышқа басасың да, барабан айналып тұрады. Телехикаяны көру кезінде, зумдағы жиналыс барысында немесе курстық жұмысты жаза отырып, балтыр бұлшықеттерін қатайтуға арналған тамаша жаттығулар. Сол аяғың шаршады ма, оң аяғыңмен жұмыс істей бер.

Қайдан іздейміз: https://www.yirego.com/

SolSource күн пеші

Бұл не: Ашық аспан астында және туристік сапар кезінде тағамдарды пісіруге арналған әрі арқақоржынның ішіне сыйып кететін экологиялық құрылғы.

Несімен қызық: осы заттың көмегімен от жағуға қатаң тыйым салынған жерлерде пикник ұйымдастыруға болады. Бұл бірнеше шағылысатын беттерден тұратын құрылғы күн сәулелерін бір нүктеге шоғырландыра отырып, температураны 140 градусқа дейін реттейді де, мәселен, гамбургерді алты минут ішінде әзірлеуге мүмкіндік береді.

Жоба авторлары саналатын One Earth Designs Foundation эко-ұйымының инженерлері Гималай тұрғындарымен бірлесіп осы әзірлемені жасап шығарған екен. Пеш нағыз сынақтардан сәтті өткенін айту керек. Энтузиасттар командасы Жапонияның Кобе қаласындағы көшелердің бірінде сиыр етін қуырған және АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы Ұлттық аллеяда попкорн дайындаған болатын.

Осындай эко-пеш қоршаған ортаны ғана емес, денсаулығымызды да аяйды. Зерттеушілердің мәліметтерінше, оттың түтінімен тыныс алғанда өкпе ауруларының даму қаупі 60%-ға артады. Отын және көмірден шығатын түтін пневмонияның, демікпенің және қатерлі ісік ауруларының дамуына әсер етуі де әбден мүмкін. Шамамен, жанып тұрған темекі секілді.

Қайдан іздейміз: https://www.solarcooker-at-cantinawest.com/solsource_parabolic_solar_cooker.html

 

Аударған Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз