Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Темекі секілді, бірақ түтіні жоқ

Никотиннен айрылғысы келмейтіндер (немесе айрыла алмайтындар) үшін

Темекі секілді, бірақ түтіні жоқ: Никотиннен айрылғысы келмейтіндер (немесе айрыла алмайтындар) үшін

«Адамдар никотинге бола темекі шегеді, ал шайырдың кесірінен жан тапсырады», – дегенді бір британдық ғалым әрдайым қайталайтын. Адамдардың сол сөзге ұзақ уақыт сенбегендері өкінішті. Ақыр соңында олар шылымқұмарға ащы түтін сыйлайтын нәрселерден никотинді бөлу керек деген ойға келеді. 


Темекі шегудің зияны туралы білмейтін шылымқұмар сирек кездесетін шығар. Алайда, темекіні тарта отырып, осы жаман әдетке қалай әуестенгені мен едәуір қауіптің қайда жысырынғаны туралы біле бермейді. Біздер шылым тарту барысында адам ағзасында не болып жатқаны және никотиннен айрылу қиын болса, зиянды қалай төмендетуге болатыны туралы естеріңізге салуды жөн көрдік.

Спойлер: темекіні жандырмайтын, зияны әлдеқайда кемірек баламаны іздеңіздер. Бәрін рет-ретімен айтып берейік...

Нақты айтқанда, не зиянды?

Темекінің будақтаған қою түтінінің құрамында бірнеше мың химиялық қосылыстар бар. Түтіннің газ тәрізді элементтері де, сол секілді қатты бөлшектері де, яғни, шайыр – едәуір қауіп төндіреді. Дәл осы жерде канцерогендік заттар шоғырланған.

Шайырдың құрамында күшән және ауыр металдар байқалса, газдарда цианды сутек пен тұншықтырғыш газ кездеседі. Өкпенің ішіне түскен кезде бұл заттектер тыныс алу жүйесі жұмысының бұзылуына ықпал етеді. Дәл осы себептен шылымқордың ағзасы сыртқы факторлардың әсеріне анағұрлым сезімтал келеді. 

Былтырғы жылы жасалған зерттеудің нәтижесіне сәйкес коронавирустық инфекциясы бар шылымқұмарлар басқа емделушілерге қарағанда 80% жиі ауруханаға жатқызылатын. Күніне шамамен 10 темекіні шеккен адамдардың өлім-жітімі жоғары болып шықты.

Тәуелділікке ие болу

Егер шайыр мен газдардың функциясы жайында сәл түсінікті болса, никотиннің өзіне қатысты жағдай басқаша болып тұр. Ол адамның ағзасына түскенде жүйке-бұлшықеттік түйіспесі үшін жауап беретін ацетилхолин нейромедиаторына еліктейді. Ақырында ацетилхолиндік рецепторлар никотиннің ағзаға тұрақты түрде жеткізіліп отыратынына үйренеді де, бұл өз кезегінде темекі тарту әдетін қалыптастырады екен. Адам шылымнан бас тартуға шешім қабылдағанда бірнеше сағаттан кейін-ақ пайда болатын абстиненнтік синдромға тап болады.

Дегенмен темекіден бас тарту нышанаты ұзаққа созылмайды – небәрі бірнеше күн ғана. Жағымсыз әдетті жеңуге ниеттенген шылымқор үшін ең қиын кезең психологиялық құрамдастармен кездесу болып саналады, бұл дегеніміз орта, әлеуметтік-экономикалық факторлар, генетикалық бейімділік.  

Сондай-ақ оқу Біз неліктен сигарет қораптарындағы қорқынышты суреттерден үрейленбейміз

Кімнің бейімі жоғары?

Ғалымдар анықтағандай, тұлғалық сипаттамалар мен шылым шегу арасында біршама байланыс бар. Мысалы, олар экстраверсия (ашықтық, оптимизм, албырттық) және нейротизм (эмоционалдық тұрақсыздық, мазасыздық, өзін-өзі қадірлеу деңгейінің төмендігі) секілді мінез ерекшеліктерін айырықша атап көрсетеді. Шылым шегушілердің осы қасиеттерінің деңгейі орта есеппен алғанда жоғарырақ болады деп саналады. Сол секілді албырттық пен жаңа тәжірибені меңгеруге деген ұмтылыс та жоғары келеді екен. 

Тәуекелдері төмен әдет

Сонымен, егер сіз темекі тартуды қаламасаңыз, алайда никотинге деген тәуелділікке қарсы тұра алмасаңыз, не істеуге болады? Бұл заттек қызанақ, картоп, баялды секілді көкөністердің құрамында аз концентрацияда синтезделеді. Дегенмен кәдімгі темекіні картоп диетасына алмастыру идеясы – өршіл болғанымен, онша тартымды емес.

Қазақстанда қабылданған зиянды төмендету тұжырымдамасына сәйкес, үйреншікті темекіге қарағанда денсаулыққа азырақ зиян келтіретін никотин алудың балама тәсілдері бар. Оларға электронды темекі және темекіні қыздыру жүйелері жатады. Осы құралдарды пайдаланудың арқасында залалды компоненттерді тұтыну көлемі айтарлықтай азайып келеді. 

Темекіні қыздыру бұйымдарының қарапайым темекіден гөрі ең басты айырмашылығы – жану өнімдері мен түтіннің жоқтығында жатыр. Бұл шылым шегушілерде аурулардың дамуына байланысты қауіптерді төмендетіп, өмір сапасын жақсартады, айта кетсек, аталмыш құралдардың иісі де жаман емес.

 

Аударған Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз