Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Бір-бірінсіз болмай ма?

Алкоголь мен темекіні араластырғанда нені білген жөн

Бір-бірінсіз болмай ма?: Алкоголь мен темекіні араластырғанда нені білген жөн

Егер сіз ішімдік ішкен соң бірден темекі түтінін де жұтқысы келетіндердің қатарынан табылсаңыз, біз сізге арнап, оларды жекелей ішіп-тартқаннан гөрі бірге тұтынғанның зияны неліктен көбірек екені жөнінде ақпар дайындадық. 


Неліктен, ішсең болды, темекіні де іздейсің де тұрасың?

Алкоголь мен темекі түтіні – барда өтетін кеш үшін үйреншікті коктейльге айналғаны бекер емес. Зерттеулер көрсеткендей, ішетін адамдардың ішінен темекі шегушілерді табу ықтималдығы ішпейтін адамдар ортасымен салыстырғанда үш есе жоғары. Бұл жайт ми жұмысымен түсіндіріледі.

Алкоголь де, темекі де адамдардың құштарлығын (кей жағдайда тәуелділігін) оятатынына олардың бірдей марапаттау механизмдеріне ие болуы себеп.

Яғни, қыздырғыш сусынды ішкенде, біз ұнататын адамымызбен уақыт өткізгендегідей, немесе біреу бізді мақтап-қолпаштаған кездегідей жағымды эмоцияларды сезінеміз. Ағзамыз осы сезімдердің неден туындағанын жадында сақтап қалады да, келешекте соны тағы қатайлауға талпыныс жасайды. Ал алкоголь мен темекі бірге жүретіндіктен (мәселен аталмыш барларда), бірін тұтынғаннан кейін миымыз екіншісін іздей бастайды. 

Бұл несімен жаман?

Темекі мен алкогольдің зиянды екені туралы әр жерде айтылады. Алайда оларды бір-біріне қосқан жағдайда ағзаға тиетін зардаптың қаншалықты артатыны жөнінде білетіндер кемде-кем. Жеке-жеке алкоголь мен темекі обыр ауруының бірнеше түріне, атап айтқанда ауыз қуысы мен көмейдің қатерлі ісігіне алып келуі мүмкін, бірақ оларды бірге ұзақ уақыт тұтынған жағдайда аталмыш аурулардың пайда болу қаупі 80%-ға дейін артады.

Депрессиядан зардап шегетін адамдар оның симптомдарын жеңілдету үшін жиі ішімдік ішіп, темекі тартады. Алайда алкоголь де, темекі де ұзақ мерзімді қамтитын кезеңде мидағы серотонин деңгейінің төмендеуіне әкеп соғады. Ал бұл гормон депрессиямен күресу үшін аса қажет. Демек, алкоголь мен темекінің жұбы сауығып шығатын күнді алыстата береді.

Бұдан бөлек, алкогольді ішкен кезде адам ағзасында ацетальдегид өндіріледі. Ол этанолды қайта өңдеудің аралық өнімі болып табылады және үлкен мөлшерде ағзаға аса үлкен зиянын тигізеді. Масаңдықтан кейінгі ауыр жағдайдың себепшісі осы ацетальдегид. Сондай-ақ ол шылым түтінінде де бар, осылайша оның кері әсері одан бетер ұлғаяды.

Сонымен қатар, темекі шегетін араққұмар жандарда мерзімінен бұрын көз жұму ықтималдығы 51%-ды құрайды, ал темекі шекпейтіндерде бұл көрсеткіш 34%-ға тең.

Сондай-ақ оқу Ішімдікті шамалап тұтынуға көмектесетін гаджеттер мен сервистер

Зиянды әсерді қалай азайтамыз?

Мұндай жағдайларда денсаулықты жақсартып, ұзақ ғұмыр жасау мүмкіндігін арттыру үшін дәрігерлер қандай кеңес береді? Біріншісі: әлбетте, жаман әдеттің екеуінен де арылу. Ол мүмкін болмаса, зиянды әсерді тежеу үшін, алкоголь мен темекіні әртүрлі уақытта тұтынуға тырысыңыз.

Егер сіз екі әдетті де тастауға белді бекем бусаңыз, қайсысын тастау оңайырақ болса, содан бастау ұсынылады. Мысалы, белгілі бір уақыт бойына ішімдікке жоламау. Алкогольдік масаңдықтың жоқтығы қызбалықпен темекіге бас салудан тыйылуға көмектеседі.

Ағзаға никотинді жеткізетін балама электрондық құрылғыларға ауысу – темекіден болатын зиянды әсерді азайтудың дәлелденген жолы. Негізгі қауіп-қатер темекінің жануы нәтижесінде пайда болатын түтіннен төніп тұр. Темекі шегуші түтінмен бірге 6000-ға жуық зиынды заттарды жұтады, олардың 69-ы канцерогенді сипатқа ие, оның ішінде жоғарыда айтылып өткен ацетальдегид те бар. Электрондық жүйелер жану процесін болдырмайды, осылайша түтінді ішке тарту әдетінен болатын зиянды төмендетеді. Аэрозоль құрамындағы зиянды заттардың мөлшері түтінмен салыстырғанда 95%-ға төмен.

Мамандардың айтуынша, алкоголь мен темекіден бас тарту процесінде адам өз жеке жолын таңдауы қажет, яғни өзіңізге ыңғайлы қарқындылықты ұстанған жөн. Маңыздысы, нәтижеге бірден жетуге ұмтылмау керек, оңалысты кезең-кезеңімен бақылап-байқап, екі жаман әдеттен болатын зиянды біртіндеп азайтып, өмір сапасын жақсартқан абзал. 


Аудармашы Алмас Өтебай

Фотоколлаж yanlaurentxo

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз