Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Темекі иісінен қалай құтылуға болады?

Бірнеше кеңес

Темекінің тұрақты иісі шылымқұмарлар үшін де, сол секілді темекі тартпайтын адамдар үшін де белгілі бір ыңғайсыздықтарды тудыруы мүмкін. Баршамызға белгілі болып отырғандай, темекінің жану қалдықтары барлық беттерді, соның ішінде қабырғалар, жұмсақ жиһаз бен перделердің үстіне де сіңіп кетеді. Уақыт өте келе жинақталған иісті кетіру қиынға соғуы ықтимал, ал кейде, тіпті, мүлдем мүмкін емес болып шығады. Көбінесе шылымқұмарлар киім-кешектен, жұмсақ жиһаз немесе үйдегі бүкіл заттардың бетінен темекі түтінінің иісі мен шылымның тұрақты иісін жоюға көмектесетін тәсілдерді ізеумен әлек болып жүреді. Мақалада кейбір жұмыс істейтін тәсілдерді қарастырайық.


Темекі түтінінің иісін қалай жоюға болады?

Сірке суы. Ол темекі түтінінің иісі секілді өткір иістерді өлтіреді, әрі оларды бейтараптандыра алады. Сірке суын лимон шырынымен араластырып, бөлмелердің ішінде спрей ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар оны тазалағыш құрал ретінде заттардың бетін сүрту үшін пайдалануға да әбден болады. Қабырғалар мен жиһаздың қаптамаларын су қосылған сірке ерітіндісіне малынған шүберекпен сүртіп шығыңыз.

Дезодорантты спрейлер. Егер сізде барлығын мұқият тазалап шығуға уақытыңыз болмаса, осы спрейлер темекі түтіні мен темекінің тұрақты иісін жасыруға көмектесе алады.

Жақсы желдету. Бұл темекі түтіні мен тұрақты жағымсыз иістің жиналуын азайта алады. Үйде болған кезде мұндағы ауа айналымын қамтамасыз ету үшін терезелерді ашып қойыңыз.

Түтін шығармайтын балама нұсқалар темекі түтінінің иісін бодырмауы мүмкін бе?

Темекіге қарағанда түтін шығармайтын балама нұсқалар иісті азырақ бөлетіні рас, әрі олар темекі түтінін өндірмейді. Дегенмен мына бір жайтты естен шығармағаныңыз абзал, олар тұрақты иістен толығымен құтылуға мүмкіндік бермейді. Алайда олардың жиһаз бен маталардың үстінде әлдеқайда аз иіс қалдыратыны сөзсіз.

Біршама статистикалық мәліметтерді келтірейік: 2020–2021 жылдары Украина, Канада, Италия және Чехия елдерінде темекіні қыздыруға арналған жүйелерді (ТҚЖ) қолданатын 2180 шылымқұмар сауалнамаға қатысқан еді. Нәтижесінде сауалнамаға қатысқандардың 96%-ы классикалық темекімен салыстырғанда ТҚЖ-ның иісі әлдеқайда аз екендігін көрсетті.

Біз сіздерге осыған дейін жарияланған алдыңғы материалдарымызда түтін шығармайтын балама нұсқалардың темекі түтінін шығармайтындығын айтқан едік. Олар темекіге қарағанда әлдеқайда аз сезілетін иісті ғана қалдырады.

Сондай-ақ оқу Темекіні қыздыру жүйелерінің ішінде не бар?

Қандай түтінсіз балама нұсқалар иісті азырақ өндіреді?

Никотиндің паучтар. Темекі тартудың осы бір балама нұсқасы никотинді сыртқа шығарады да, әдетте, ол көзге көрінбейді. Никотиндік жастықшалар қызыл иек пен еріннің арасына қойылады. Сонымен бірге олар өзінің пішіні арқасында түтін немесе буды шығармайды, сондықтан айналадағы адамдарға тигізетін жайсыздықтары да аз болып саналады.

Темекіні қыздыруға арналған құрылғылар мен электронды темекі. Олардың шылымқұмарлар үшін белгілі бір артықшылықтары болады. Мұндағы темекі жанбай, тек қана қыздырылатындықтан, бұл құрылғылар түтінді емес, темекі буын (аэрозоль) өндіреді. Түтін шығармайтын девайстар түтін иісін тудыратын жанғыш заттектер, шайыр, күл және күл бөлшектерін шығармайды.

Дегенмен ТҚЖ және вейптер зиянсыз болып келмейтіндігі мен адам ағзасына әдеттенуді тудыратын никотинді жеткізетіндігін есте сақтаған маңызды. Кез келген шылымқұмардың қабылдай алатын ең жақсы шешімі – бұл темекі мен никотинді тұтынудан толықтай бас тарту.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

3
0
1

Тақырып бойынша тағы оқыңыз