Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Тұншықтырғыш газ деңгейі: шылым мен темекіні қыздыру жүйелері

Салыстырып көрейік


Көптеген шылымқұмарлар темекінің бөліп шығаратын тұншықтырғыш газдың, не болмаса көміртек монооксидінің залалды салдарына байланысты алаңдаушылық танытуда. Бұл мақалада біз классикалық темекінің түтінінде және темекіні қыздыру жүйелерінің (ТҚЖ) аэрозолі құрамындағы тұншықтырғыш газдың деңгейі турасындағы зерттеуді егжей-тегжейлі талдаймыз. Қарапайым темекімен салыстырғанда, темекіні қыздыруға арналған жүйелер тұншықтырғыш газды орта есеппен алғанда 98%-ға азырақ бөледі екен.

2008 және 2016 жылдар аралығында «Нарық картасы» атты зерттеу барысында сату орындарында әртүрлі темекі бұйымдарының үлгілері сатып алынған болатын. Бұл бұйымдарды таңдау кезінде нарықтың мынадай тұрғыдағы қырларын көрсету мақсатында: алуан түрлі қоспалар түрлері, ISO шайыр деңгейі, деммен бірге сыртқа шығарылатын ауаның құрамындағы тұншықтырғыш газ деңгейі және темекінің дизайны секілді жайттарға ден қойылған еді. Осы зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, кәдімгі темекіні шеккендерге қарағанда, тек қана ТЖҚ-ны пайдаланушы шылымқұмарларда деммен шығарылатын ауаның құрамындағы СО (көміртек монооксиді) деңгейі 98,6%-ға, яғни, айтарлықтай төмен болып шықты.

Химиялық құрамды салыстыру Канада елінде міндетті болып саналатын нормативтік есеп беру үшін Канаданың Денсаулық сақтау министрлігінің тізіміне кіретін, не болмаса осы тізімнің шағын тобына енетін ТЖҚ түрлеріне бағытталған болатын. Бірнеше жыл бойына әрбір нақты нарықта іріктеліп алынған әрбір темекі өнімі шыққан сайын олардың аэрозольдік құрамдас бөліктеріне салыстырмалы түрде баға беріліп отырған.

Тұншықтырғыш газ несімен зиянды?

Аталмыш тұншықтырғыш газ немесе көміртек монооксиді – бұл дәмі мен иісі жоқ түссіз уытты газ болып келеді. Ол оттегінің жеткіліксіздігі нәтижесінде пайда болады, ал басқа жағдайларда – органикалық материалдардың жоғары температуралардағы толық жанбауы кезінде түзіледі. Осы газ темекі түтіні, әрі автокөліктердің пайдаланылған газдарының құрамында және басқа да орталарда, мәселен, ақаулы газ жағулық қазандықтарында кездеседі.

Тұншықтырғыш газдың адам ағзасына тигізетін зияны тұрғысынан СО төмен концентрациясы кезіндегі жүрек-қан тамырлары және жүйкелік мінез-құлықтың анағұрлым сезімтал салдарынан бастап, әрі айтарлықтай жоғары концентрациясындағы асқынған және созылмалы әсер етуден кейінгі естен тану және өлімге дейін әкелуі мүмкін. Кейіннен бұл миокард ишемиясын, жүрекшенің фибрилляциясын, пневмонияны, өкпенің ісінуін, қан құрамындағы қанттың көбеюін, бұлшықет тінінің некрозын, бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігін, терінің зақымдануын және көру мен есту жүйелерінің қабылдай алу қабілетінің өзгеруіне әкеліп соқтыруы ықтимал. 

Көміртек монооксиді қанағымына түскен кезде ол қанның жасушаларына оттегіні тасымалдауға мүмкіндік бермейді. CO адамның бүкіл ағзасы бойынша оттегіні тасымалдайтын қызыл қан түйіршіктерінің гемоглобиндеріне қосылады да, осылайша қан тамырларының тарылуына әкеліп соқтырады. Бұл белгілер оттегінің жетіспеушілігі немесе тұмаудың белгілеріне ұқсас келеді екен.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

3
2
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз