Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Темекі тарту салдарынан қандай мүше кішірееді?

Біз тәжірибелі жолмен, егер медицинадан алыс қарапайым адамға осы сұрақты қойсаңыз, онда ең көп таралған жауаптың «еркектің-сол-бір-құндылығы» туралы нұсқасын алатыныңызды анықтадық. Дегенмен бұл нұсқаға мақаламыздың соңында ораламыз, ал қазір басқа мүше турасында сөз қозғап, оның кішіреймеуі үшін зиянды қалай төмендетуге болатындығы жайлы әңгімелесейік.


«Темекіден миы айналған»

Осыдан бірнеше жыл бұрын ғалымдар анықтағандай, темекі шекпейтін адамдармен салыстырғанда темекі тартатындардың миы әдетте көлемі жағынан кішірек болып келеді екен. Алайда кейбір түсініксіз жайттар қала берген. Демек бұл құбылыстағы не нәрсенің бірінші кезекте екендігі толық түсіндірілмеген.

Жақында жаңа зерттеудің нәтижесі жарияланған еді, ол күнделікті темекі тарту мидың көлемін кішірейтетінін көрсетті.

Вашингтон және Солтүстік Каролина университеттерінің зертеушілері генетикалық деректердің үлкен қоймасы болып саналатын Британдық биобанкінде сақтаулы тұрған ми суреттерінің деректерін талдап көрген. Сонымен бірге олар өздерінің ауқымды зерттеуіне қатысу үшін 28 000 адамды тартқан еді. Қатысушылар бас миының МРТ (магниттік-резонанстық томография) процедурасынан өтіп, әрі темекі тарту әдеті жөніндегі жеке ерекшеліктері туралы сауалнаманы толтырған. Эксперимент екі кезеңге бөлінген: ең әуелі барлық қатысушылар МРТ процедурасынан өткен әрі 2006 және 2010 жылдар аралығындағы есептер жасалған, ал одан кейін қайтадан 2012 және 2013 жылдар аралығындағы есептер жасалады. Нәтижесінде ғалымдар зерттеу жүргізу барысында күн сайын темекі тартқан қатысушылардың ми көлемі өмірінде темекі тартып көрмеген адамдармен салыстырғанда орташа есеппен 7,1 текше сантиметрге кішірек екендігін анықтаған. Сонымен бірге көлемдегі осы айырмашылық нейрондары бар бас миының сұр деп аталатын затының 5,5 текше сантиметрге азайғанын да қамтиды.

Неліктен соңғы нақтылау маңызды болып тұр? Дәл осы нейрондық байланыстардың саны бас миының функционалдық дәрежесін көрсетеді. Нейрондар және олардың арасындағы байланыстар барлық ішкі мүшелердің қызметін басқарып, дене бөліктерін қимылдатады, әрі ойлану үдерісі мен жады үшін жауап береді.

Сонымен бірге сұр заттың нақты көлеміне қатысты айырмашылықтар шегілген темекінің санына тікелей байланысты болып шыққан. Әрбір қосымша шегілген «қорап» – бұл бір жыл бойына күн сайын темекінің бір қорабын тартуға барабар мөлшер – сұр заттың көлемін шамамен 0,15 текше сантиметрге азайтып отырған. «Осы «мөлшер – реакция» өзара байланысы темекі тартудың ми көлемінің азаюына әкеліп соқтырады деген идеясын растады», – деп атап көрсетті зерттеушілер.

Сонымен бірге сұр заттың нақты көлеміне қатысты айырмашылықтар шегілген темекінің санына тікелей байланысты болып шыққан. Әрбір қосымша шегілген «қорап» – бұл бір жыл бойына күн сайын темекінің бір қорабын тартуға барабар мөлшер – сұр заттың көлемін шамамен 0,15 текше сантиметрге азайтып отырған. «Осы «мөлшер – реакция» өзара байланысы темекі тартудың ми көлемінің азаюына әкеліп соқтырады деген идеясын растады», – деп атап көрсетті зерттеушілер.

Генетикалық фактор

Сонымен қатар эксперимент тазалығы үшін зерттеушілер қатысушылардың генетикалық деректерін де зерттеп, келесі жайтты анықтауға тырысты: темекі тарту тәуекеліне әсер ететін гендер нұсқалары сұр зат көлемінің айырмашылықтарына ықпал ете ала ма? Әрі генетикалық тәуекелі әлдеқайда жоғары адамдарда темекі тартуды бастап кету ықтималдылығы да жоғары келетіндігін анықтады. Алайда генетикасының сұр заттың көлемімен ешқандай да бір өзара қатынасы болмады. Мұнымен тек күнделікті темекі тарту тарихы ғана өзгеріссіз байланысты құраған.

Темекіні тастау және ес тоқтату

Жақсы жаңалық та баршылық. Зерттелген адамдардың арасында эксперимент барысында әртүрлі уақыт аралығында темекі шегуден бас тартқандар да кездескен. Жаман әдетінен жақында ғана құтылғандарға қарағанда темекіні бұрыннан тастаған адамдарда мидың сұр заты әлдеқайда көбірек екендігі анықталды. Бұл темекіден бас тарту ми көлемінің азаюын ішінара кейін бұруға көмектесетіндігін көрсетіп отыр.

Мәселен, бұрындары күн сайын темекі тартқан қатысушыларда темекі шегуден бір жылға бас тарту сол бір жыл ішінде сұр заттың 0,09 текше сантиметрге ұлғаюына жол берген.

Зерттеудің тәжірибелік пайдасы

Ми көлемінің азаюы Альцгеймер ауруы секілді күрделі неврологиялық дерттермен байланысты болғандықтан, темекі тарту және мидың кішіреуі арасындағы себеп-салдарлық байланысты орнату әрі қарай маңызды эксперименттерді жүргізудің перспективаларын ашып отыр. Бұл эксперименттер осындай өзара байланыстың аталмыш аурулардың тікелей себебі бола алатындығы, әлде бола алмайтындығын түсінуге септігін тигізеді. Сондай-ақ бұл ми тінінің жоғалуын тоқтатуға ықтимал қабілетті дәрі-дәрмектердің тиімділігін растауға көмектеседі.

Оқырмандардың нұсқасы

Біз оқырмандарымыздың басқа мүшелердің кішіреуіне қатысты алаңдаушылығын жауапсыз қалдыра алмадық (мақаланың басын қараңыздар). Темекі тарту шын мәнісінде де ер адамның жыныс мүшесінің кішіреуіне әкеліп соқтыруы ықтимал екендігін өкінішпен хабарлаймыз. Жыныс мүшесін қанмен қамтамасыз ететін артериялар басқа мүшелердің артерияларына қарағанда айтарлықтай кіші, сондықтан олар темекі шегудің залалды әсеріне ерекше әлсіз болып келеді. Темекі тарту тұрақты түрде жалғаса берсе, қозулық функция үшін жауап беретін тін әлдеқайда қатая түсіп, әрі оның серпімділігі төмендейді, бұл қан ағымының азаюына әкеліп соқтырады. Уақыт өте келе бұл жыныс мүшесінің кішіреуіне әкелуі әбден мүмкін. Алайда бұл басқа мақалаға арналған тақырып.

Қорытындылай келе, біз дәстүрлі түрде оқырмандарымыздың естеріне саламыз, ең үздік шешім – бұл жаман әдеттен толықтай бас тарту, өйткені белгілі болғандай, бұл әдет ағзамыздың барлық жағынан дерлік ең маңызды және құнды нәрселерді кішірейтеді екен. Ал егер де сіз әзірше темекі шегуден біржолата құтылуға дайын болмасаңыз, онда зияны азырақ балама нұсқаларға әрдайым ауысу мүмкіндігіңіз бар.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

15
3
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз