Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
  • Басты бет
  • Орта
  • «Порносыз мастурбация» - босқа өткізілген уақыт болып саналады ма?
Редакция ұсынады

«Порносыз мастурбация» - босқа өткізілген уақыт болып саналады ма?

Порнотәуелділікті талдайық


Порнографияны жай ғана қарап отырудың өзі дене және ақыл-ой механикасымен не істейді? Неліктен порно ер адамдарды десенсибилизацияға (сезімталдықтың төмендеуіне) дейін жеткізеді? Порнографияға тәуелділік алкогольдік немесе ойынға деген құмарлық секілді ауру ретінде мойындалған ба? Осы және басқа да сұрақтарға ғылыми психолог, клиникалық-психологиялық диагностика, психотерапия және кеңес беру жөніндегі маман Карина Дінасылова жауап береді.

Порнографияның зиянды емес екендігі туралы қате түсінік тым көп порно қараудың нақты салдарын жете бағаламауға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Порнографияға тәуелділік дегеніміз не және бұл өзі тәуелділік пе?

Соңғы ғылыми мәліметтерге сүйенер болсақ, жалпы порнографияға деген тәуелділік те, сол секілді тәуелділіктің ресми түрі де және психикалық ауытқушылық та — жоқ.

Порнография шынымен де миымыздағы ләззатты белсендіре түседі, дегенмен бұл адамның міндетті түрде ішімдік немесе есірткі құралдарына секілді оған да тәуелді болады дегенді білдірмейді. Порнографияны қарау шынайы тәуелділіктен гөрі, компульсивті мінез-құлыққа көбірек байланысты болып келеді. Компульсивті мінез-құлық — бұл адамның өмір сүру сапасына зиянын келтіріп, оны нашарлата түссе де, бақылаусыз әрі үздіксіз қайталанып жасалатын әрекеті. Бұл мінез-құлық дағдылы және еңсерілмейтін мінез-құлыққа айналады да, егер адам сол белгілі бір рәсімді орындамаса, қатты мазасыздық немесе тынышсыздықты сезініп тұрады.

Мұндағы негізгі айырмашылық белгілі бір заттектерге деген тәуелділік басқа жолдар арқылы ләззат алуға тосқауыл болса, ал порнографияға құмар адамдар онсыз да қалыпты жұмыс істей береді, дегенмен осы әрекеттен бас тарта алмауында жатыр.

Порносайттардың табынушыларының саны жыл өткен сайын айтарлықтай өсіп келеді. Тек қана 2019 жылдың қорытындысы бойынша PornHub 42 миллиард рет кіруді тіркеген болатын, соның ішінде ең кеңінен таралған порнографиялық санаттар «japanese», «hentai» және «lesbian» деп танылды.

Порнографияны жазықсыз қарау нағыз тәуелділікке қашан айналады?

Жазықсыз ермек істен нағыз тәуелділікке ауысу бірте-бірте орын алуы және өз алдына жеке үдеріс болуы мүмкін. Төменде әуестіктің тәуелділікке айналып жатқанын көрсететін кейбір белгілер келтірілген:

Бақылауды жоғалту

Адам өзінің өміріне келтірілетін жағымсыз салдарына қарамастан, өз әуестігін шектеу немесе оны тіптен тоқтатуға байланысты қиыншылықтарға тап болады. Ол, тіпті, мұның зиянды екендігін ұғынып отырса да, осы мінез-құлыққа ары қарай «тартыла» беруді жалғастырады.

Күшейту қажеттілігі

Бұрынғыдай қанағаттану сезімі немесе сол баяғыда болған әсерге қол жеткізу үшін адамда аталмыш әуестігінің көп мөлшерде болуы немесе қарқындылығының ұлғаюына деген қажеттілік туындайды.

Теріс салдар

Әуестік адамның физикалық және психикалық денсаулығы, қарым-қатынастар, жұмыс немесе оқу секілді өмірдің әртүрлі аспектілеріне теріс әсер ете бастайды.

Басқа қызығушылықтардан бас тарту

Бұл ермек іс адам өмірінің негізгі фокусына айналады да, әрі ол басқа жайттар, хобби немесе міндеттемелерге деген қызығушылығын жоғалтып алады. Адам өзінің әуестігіне көбірек уақыт бөлу үшін басқа бір белсенділіктерге қатысудан бас тартуы әбден мүмкін, яғни, белгілі бір шырғаланып қалу пайда болады.

Эмоционалдық өзгерістер

Адам өзінің қызығушылығына эмоционалдық тұрғыдан тәуелді болады. Ол өз әуестігімен айналыспаған кезде мазасыздық, жай таппау немесе түңілу секілді сезімдерді бастан кешіп, әрі осы мінез-құлыққа «берілген» кезде уақытша жеңілдік немесе қанағатты сезінуі мүмкін.

Эротикалық фильмдерді көру қандай жағдайларда пайдалы?

Порнофильмдерді қарау – бұл көптеген келіспеушіліктер мен пікірталастарды тудыратын сауал. Алайда порноны көру ықтимал тәуелділікпен ғана байланысты емес, сонымен қатар кейбір жағымды аспектілерге де ие болуы мүмкін.

Жыныстық білім беру және ақпараттандыру

Эротикалық фильмдер сексуалдық жайлы, жыныстық қатынастағы тілектеріңіз, техникалар мен салауатты қарым-қатынастар туралы ақпарат алуға көмектеседі.

Интимдік байланысты арттыру

Эротикалық фильмдерді серіктесіңізбен бірге қарау жыныстық қатынас, қиялдарыңыз бен қалауларыңыз туралы әңгімелесуге ынталандырады да, жұбыңыздағы байланыс пен өзара түсіністікті жақсарта түседі.

Жыныстық қозуды арттыру

Кейбір адамдар үшін эротикалық фильмдерді қарау көңіл-күйді жақсарту, әрі қиялын ояту және сексуалдық өмірге алуантүрлілікті қосу арқылы жыныстық қозуды ынталандыруға септігін тигізеді.

Жыныстық сәйкестілікті зерттеу

Эротикалық фильмдер ақпарат пен шабыт көзі ретінде қызмет ете отырып, өзіңіздің жыныстық қалауларыңыз, сәйкестілігіңіз, қиялдарыңыз бен сексуалды бағдарлығыңызды түсінуге көмектеседі.

Сондай-ақ оқу Анықтама жоқ, секс те жоқ: неліктен қауіпсіздік соншалықты маңызды?

Алкогольдік, есірткі және порнографияға тәуелділіктердің арасында ортақ нәрсе бар ма?

Айта кетсек, алкогольдік, есірткі және порнографияға деген тәуелділіктердің арасында бөліп көрсетуге болатын бірнеше жалпы аспектілер бар.

Сыйақы механизмі

Тәуелділіктің барлық түрлері де миымызда сыйақы механизмдерін белсендіре түседі. Алкогольді ішімдіктер, есірткілік құралдар және порнография рахаттану және сыйақы сезімін тудыратын дофамин секілді нейрохимиялық заттектердің бөлінуін ынталандыруы ықтимал. Бұл тәуелділіктің пайда болуына соқтыруы мүмкін мінез-құлықты қайталауға деген ұмтылысты тудыра алады.

Күшейту қажеттілігі

Барлық үш жағдайда да адамдар белгілі бір заттекке немесе ынталандырмаға анағұрлым төзімді бола түсіп, әрі бұрынғы әсерлерге қол жеткізу үшін көбірек дозаны қажет ете отырып, осы тұста күшейту қажеттілігі туындауы әбден мүмкін. Бұл тұтыну көлемінің бірте-бірте ұлғаюына, сонымен қатар өз алдына тәуелділіктің дамуына әкеліп соқтыруы ықтимал.

Бақылауды жоғалту

Тәуелділіктен зардап шегетін адамдар өздерінің мінез-құлықтарын бақылай алуын жоғалтуы мүмкін. Олар өз денсаулықатры мен өмірлеріне кесірі тиетін жағымсыз салдарға қарамастан, аса қатты құштарлықты сезінуі және алкоголь, есірткі тұтынуды немесе порнографияны көруді шектеу, не болмаса оны тоқтатуға байланысты қиыншылықтарға тап болуы ықтимал.

Денсаулық және қарым-қатынастар үшін зардабы

Тәуелділіктің барлық үш түрі де адамның физикалық және психикалық денсаулығы үшін, сонымен бірге қарым-қатынастар үшін де теріс салдарға ие болуы мүмкін. Олар жұмыста, әлеуметтік оқшаулауда, отбасыдағы бей-берекеттік түйткілдеріне және басқа да күрделі салдарға әкеліп соқтырады.

Осы жалпы белгілерге қарамастан, аталмыш тәуелділіктер түрлерінің әрқайсысы өзіндік ерекшеліктер мен айырықша аспектілерге ие болып отыр. Әрбір адамның бірегей екендігін атап өткеніміз маңызды, сонымен бірге әртүрлі адамдарда тәуелділік түрліше көрініс табуы және әрқалай дамуы мүмкін.

Порнографиядан бас тартудың жолы қандай?

Кейбір адамдар үшін порнографияны қарау ешқандай қиындық тудырмауы және олардың өмірлері мен қарым-қатынастарына жағымсыз әсер етпеуі де мүмкін, демек, бұл тұста қатаң шеңбер аясынан шықпауды және қатал шектеулерді талап етудің мүлдем қажеті жоқ. Мұндай тәсіл керу кету, өзін-өзі сынау және өзін-өзі құлдырату секілді теріс әсерлерді тудыруы мүмкін.

Дегенмен, егер де біз тәуелділік мәнмәтіні аясындағы порнография жайында сөз қозғап отырсақ, яғни, эротикалық фильмдерді қарау сіздің өміріңізге кері әсерін тигізіп, өмірде басты орынға ие болып, әрі мәселелерді тудырса, — өзіңізге ықыласпен қарап, білікті психолог немесе терапевтің көмегіне жүгіну арқылы жағдайды өзгерту үшін қадам жасауға тырысып көріңіз. Кез келген тәуелділік — бұл негізгі бөлікті жасырып отыратын мәселенің бір ұшы ғана екендігін естен шығармаңыз, әрі дәл осы жайт тәуелді мінез-құлықты тудырады.

 

Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

8
12
5

Тақырып бойынша тағы оқыңыз