Редакция ұсынады

Саптыаяқ, бокал әлде рюмка: қай алкогольдің денсаулыққа зияны азырақ?

Саптыаяқ, бокал әлде рюмка: қай алкогольдің денсаулыққа зияны азырақ?:

Іздеу жүйесіне кіріп, қай алкогольді сусынның зияны азырақ деп өмірінде бір рет болсын сұрап көрмеген адам кемде-кем шығар, сірә. Бұл қатарда, мысалы, тән сымбатына көңіл бөлетіндер мен калориясы барынша аз сусын іздеуге тырысатындар бар. Ағзаға келер зиянды барынша азайтып, келер күнге абырой-беделді аман-есен жеткізудің жолы қандай? 


Шегін біл

The Lancet журналында жарияланған ауқымды зерттеулердің бірінде «пайдалы» немесе «пайдасыз» алкогольдің жоқ екендігі туралы жазылған. Алайда кешкі ас барысында ішілген шарап бокалы немесе бір саптыаяқ сыраны ашқарынға ішілген бір бөтелке арақтың арасында айырмашылық бар екені әркімге аян.

Алкоголь бірлігін, яғни сусындағы таза спирт көлемін есептеу туралы идея тұңғыш рет 1897 жылы Ұлыбританияда енгізіледі. Бір бірлік 10 мл немесе 8 грамм таза спиртке тең, себебі ересек адамның ағзасы бір сағат ішінде дәл осындай көлемді өңдей алады. Сусындағы бірлік саны порция көлемі мен алкогольдің күштілігіне байланысты.

Алкоголь тұтыну кезінде денсаулыққа төнетін қатерді төмендету үшін зерттеушілер бірнеше қарапайым ережені ұстануға кеңес береді:

  • аптасына алкогольді 14 бірліктен артық тұтынбау;
  • мұның бәрін бір күнде ішпеген жөн, одан да бір апта ішінде бірнеше күнге созу керек. Мысалы, демалыс кезінде достарыңмен бас қосқанда және апта ортасында отбасы отырысы кезінде;
  • апта сайын бірнеше күнді алкогольді сусынсыз өткізу. Яғни күнде жұмыстан соң стрестен құтыламын деп ішудің қажеті жоқ. Одан да спортзалға барған немесе сериал қараған дұрыс.

Қай сусынды таңдаған жөн?

Зиянды азайту концепциясына сүйенсек, алкогольді сусын таңдау кезінде шарап, сыра, сидр, глинтвейн секілді күштілігі төмен немесе орташа өнімдерді алған жөн. Ал қандай да бір себепке байланысты бұларды іше алмасаңыз, күшті алкогольді сумен немесе мұзбен араластырып барып тұтыныңыз. Тек газды тәтті сусындарды қолданудан қашыңыз.

Арақ, ром, виски секілді күшті алкоголь негізіндегі тәтті коктейльдер – ағзаға тасталған нағыз бомба. Біріншіден, ұнамды дәм сізге ештеңе ішпегендей әсер сыйлайды, нәтижесінде артық ішіп қоясыз. Екіншіден, жеміс сөлімен араласқан күшті алкоголь асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығын тітіркендіріп, гастрит, тіпті ойық жара тудыруы мүмкін. Үшіншіден, негізгі игредиенті күшті алкоголь болған коктейльдерді араластырсаңыз, таңертең ауырып, басыңызды көтере алмай қалуыңыз мүмкін.

Төмендесе градус

Зерттеушілер не себепті градусы төмен алкогольді сусындарды таңдаған жөн дейді?

«Күшті спиртті сусынды араластырмаған күйде ішудің зиянды екеніне қатысты бірнеше проблема түрі бар. Бұл тізімде артық ішу, яғни улану еш даусыз тұр: күштілігі 2,8% сыраны артық ішіп, уланып өлу өте қиын, алайда этанолы 40%-қа жеткен сусын жағдайында, аса қиын емес», - делінген «A bottle of beer, a glass of wine or a shot of whiskey? Can the rate of alcohol-induced harm be affected by altering the population’s beverage choices?» мақаласында.

Ғылым зерттеулердің көрсетуінше, шағын және орташа көлемде шарап ішетін орта және егде жастағы адамдарда ишемиялық сырқаттың (жүрек ауруы, инсульт, 2-типті қант диабеті) асқыну қатері төмен саналады екен. Алайда тән қимылы белсенді болса, дұрыс тамақтану әдетке айналса, жасы үлкен адамға бұл алкоголь тұтынуға қарағанда әлдеқайда көп пайда береді деп санайды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшылары.

Сыраның пайдасы мен зияны туралы дау да тыншыр емес. Мысалы, АҚШ ғалымдары бұл сусынды аздап ішіп тұратын адамдар бүйректе тас пайда болу жағдайына 41%-ға кем тап болады деген қорытындыға келді.

Ал жапон Ұлттық радиология институты бұл мәселені әрірек қаузапты. Олар құлмақтан ксантогумол, яғни канцерогендердің әсерін басатын флавоноид тапты. Яғни мамандардың бақылауынша, сыра адамды қатерлі ісіктің пайда болу қатерінен белгілі бір деңгейде қорғайды екен.

Бәріміз мұндай зерттеулерді жақсы көреміз, осылайша ғылыми фактілер көмегімен алкоголь тұтынуды ақтап алғымыз келеді. Алайда ғалымдардың сөзінде ішімдік литрлеп емес, аз доза көлемінде ғана келтірілетінін ұмытпау керек.

ДДСҰ Еуропа аймақтық бюросының «Алкоголь және тыйым салынған есірткілер» бағдарламасының басшысы, доктор Ларс Меллер алкоголь туралы ең жиі қойылатын сауалдарға жауап берді. Оның айтуынша, ішімдіктің қауіпсіз дозасы жоқ, алайда қатер айтарлықтай төмен болатын шекті көлемі бар. ДДСҰ мұндай шек бойынша нақты дозаны көрсетпейді, бірақ сарапшылардың пікірі біреу: неғұрлым аз болса, соғұрлым адамның өзіне жақсы.

 

Аударған Димаш Зиядин

Фотоколлаж yanlaurentxo

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз