Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Темекіні қыздыру жүйесі қанша уақытқа жетеді?

Осыған дейін сіздерге түтін шығармайтын баламалардың қандай түрлері бар, никотинді алмастыратын терапияның не екендігі жайлы, темекіні қыздыру жүйелерінің (ТҚЖ) ішкі құрылымы турасында, оларды қоғамдық орындарда қолдануға бола ма, әлде жоқ па туралы әңгімелеп, әрі басты аңыздарды жоққа шығарған едік. Осы жайттардан кейін көптеген шылымқұмарларда мына бір қисынды сұрақтың туындауы әбден орынды – темекіні қыздыруға арналған жүйе қанша уақытқа жетеді? Бұл мақалада біз осы мәселені егжей-тегжейлі қарастырамыз.


Дәстүрлі темекі және темекіні қыздыруға арналған жүйе екеуінің қолдану уақыты әртүрлі болып келеді. Әдетте адам темекі тартқан кезде 5–6 минут ішінде бір темекінің өзін 10–12 рет ішке тартады. Шылымқұмар бір күннің ішінде шамамен әрбір 30–60 минут сайын жаңа темекіні шегіп отырады, әрине, бұл оның күнделікті темекі тұтынуының жеке әдетіне байланысты болып келеді.

ТҚЖ қолдану уақыты бірнеше факторларға байланысты болады. Біріншіден, бұл жерде шығындалатын материал ретінде жүретін темекі стиктері сөз етіліп отыр ма, әлде темекіні қыздыруға арналған құрылғының өзін әңгіме етіп отырмыз ба? Бұдан басқа қолдану жиілігі және құрылғыны күту деген секілді факторлар да баршылық. Олар қызмет ету мерзіміне тікелей әсер етеді. Бұл тұста кез келген басқа да техникаға қатысты айтатынымыз сияқты – егер оған күтім жасалмаса, ол әлдеқайда жылдам істен шығады.

Темекі стиктері

Бір стикті қолдануға жұмсалатын уақыт оның маркасына байланысты болып келеді. Әдетте темекі стигімен бір сеанстың ұзақтығы 6 минутқа созылады, не болмаса оны 14 рет ішке тартуға болады. Осы жерде ескерілетін маңызды бір жайт, маркасы мен шығындалатын материалдың түріне қарамастан, темекінің өзіндік жарамдылық мерзімі бар. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен ескі темекі стиктерін ешбір жағдайда қолдануға болмайтындығын есте сақтаған жөн – оларды кәдеге жарату қажет. Мысалы, біз мерзімі өткен азық-түлікті тұтынбаймыз ғой, дұрыс па? Бұл жерде де дәл солай жасау керек.

Құрылғының өзіне қатысты не айта аламыз?

Енді құрылғының өзіне көшсек. Ол қанша уақытқа жетеді? Әрі осы тұста нақты жауап жоқ: демек бұл да құрылғының түрі мен маркасына байланысты болып отыр. Әдетте темекіні қыздыруға арналған қазіргі заманғы жүйелер анағұрлым арзан тұратын немесе ескірген үлгілеріне қарағанда әлдеқайда ұзағырақ қызмет етеді.

Тағы да бір маңызы зор фактор – сіздің құрылғыңызға қалай күтім жасайтыныңызға негізделеді. Құрылғыны уақытында тазалап отыру оның қызмет ету мерзімін ұзартады.

Сондай-ақ оқу Ненің иісі аздау: қыздырылатын темекінің бе, әлде кәдімгі шылымның ба?

Шылым ба, әлде темекіні қыздыру жүйесі ме?

Осыған дейін біз сіздерге ТҚЖ мен темекі арасындағы басты айырмашылықтың неде екендігін айтып бергенбіз. Сонда да кәдімгі сигаретадағы темекінің 1000 °C температурада жанатындығын еске салғанымыз артық етпейді. Сондай-ақ құрамында 6000 астам зиянды химиялық қосылыстары бар темекі түтіні бөлінеді. Дәл осы түтін қатерлі ісіктің 12 түрі, инфаркт, жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА), өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және эмфизема секілді дерттерді қоздырады. Сонымен бірге бұл, тіпті, толық тізім еместігін айта кеткен жөн.

ТҚЖ стиктердегі темекіні 350 °C температураға дейін қыздырады. Темекінің жану үдерісі болмағандықтан, бұл жерде ықтимал зиянды заттектердің бөлініп шығарылуы 95% төмендейді. Адам никотинді түтінсіз, иіссіз және күлсіз ала алады. Баршамыз білетіндей, егер темекінің жану үдерісін алып тастасақ, ағзаға деген жүктеме де айтарлықтай азаяды. Егер сіз темекі шегуден бас тартуды қаламасаңыз, дегенмен денсаулығыңызға деген қауіпті төмендеткіңіз келсе, онда түтін шығармайтын балама нұсқаларға назар аударуға болады. Алайда сіздің қабылдай алатын ең дұрыс шешіміңіз – бұл темекі мен никотиннен біржолата бас тарту екендігін ұмытпаған маңызды. Қабылдай алатын ең үздік шешіміңіз – бұл темекі мен никотиннен толықтай бас тарту.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

8
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз