Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
  • Басты бет
  • Шолулар
  • Ненің иісі аздау: қыздырылатын темекінің бе, әлде кәдімгі шылымның ба?
Редакция ұсынады

Ненің иісі аздау: қыздырылатын темекінің бе, әлде кәдімгі шылымның ба?


Темекінің иісі өзінің тұрақтылығымен белгілі: ол үйдің ішінде, шашта, киім және жиһаз бетінде қалып қояды. Темекі түтінін жоюдың ең тиімді әдісі – темекіден бас тарту. Ал никотиннен әзірше бас тартқысы келмейтіндер түтінсіз баламаларды қарастыруда. Түтін шығармайтын балама нұсқалар иіс қалдыра ма, әрі ол темекі иісінен аса ерекшелене ме? Осыны егжей-тегжейлі анықтаймыз.

Темекі иісінің өткірлігі соншалықты мықты, тіпті, шылымқұмардың қоршаған ортасына да сіңіп кетуі әбден мүмкін. Бұл темекі тартатын адамдардың арасында ең кеңінен таралған түйткіл болып саналады. Тұрақты иіс темекінің 600–800°C температурада жану үдерісі барысында бөлініп шығарылады. Жанып кету нәтижесінде киім-кешек, шаш және теріні қоса алғанда, кез келген беттердің үстіне шөгіп қалатын қалдық заттар түзіледі. Сонымен бірге иіс тек қана темекі тартқанда ғана болмайды. Ол темекіні тұтатып болғаннан кейін де, көп сағат өтсе де, сақтала беруі мүмкін, осылайша иіс өз ізін жиһаз, перделер, заттар және басқа да беттерде қалдырады.

Шылымның жағымсыз иісі көп уақытқа дейін қалып қоятындықтан, темекіден бас тартқысы келмейтін, дегенмен темекінің «хош иісін» жоюды қалайтын шылымқұмарлар өздерінің назарын түтін шығармайтын балама нұсқаларға аударып келеді.

Сондай-ақ оқу Сіз түтінсіз өнімдерге ауыссаңыз, не болады?

Темекі айналадағы адамдарды түтіннің кері әсеріне ұшыратады, ал түтін шығармайтын құрылғылар – ұшыратпайды. Кәдімгі шылыммен салыстырғанда, мұндағы құрылғыларда темекі жанбай, тек қана қыздырылатындықтан, темекіні қыздыруға арналған құралдар түтінді емес, темекі буын (аэрозоль) өндіріп шығарады. Түтінсіз девайстар жанатын заттектерді – шайыр, темекі күлі және күл бөлшектерін түзбейді – дәл осы себептен жағымсыз иістің пайда болуы іс жүзінде жоққа шығарылған.

Осылайша, түтін шығармайтын құрылғылар, қарапайым темекіге қарағанда, иісті азырақ шығарады екен. Дегенмен барлық шылымқұмарларға бір нәрсені естен шығармаған абзал, темекінің кез келген түтін шығармайтын балама нұсқасы – мейлі бұл никотиндік жабыстырғыштар болсын, мейлі сағыздар, спрейлер, электронды темекілер мен темекіні қыздыруға арналған жүйелер болсын, – олар мүлдем зиянсыз болып келмейді. Сондықтан ең жақсы нұсқа – темекіден бас тарту.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

78
27
21

Тақырып бойынша тағы оқыңыз