Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
  • Басты бет
  • Шолулар
  • Netflix ұсынатын планета мен адамды құтқару үшін түсірілген 3 маңызды деректі фильм
Редакция ұсынады

Netflix ұсынатын планета мен адамды құтқару үшін түсірілген 3 маңызды деректі фильм

Netflix ұсынатын планета мен адамды құтқару үшін түсірілген 3 маңызды деректі фильм:

Біздің сайттың бас тақырыбы, яғни зиянды азайту концепциясы туралы тұрақты оқып, тыңдаған пайдалы, әрине, алайда осының бәрін өз көзіңмен көру одан да жақсы. «ниЖевред» аталған концепцияның қағидаттарын түсінуге ғана емес, оның қаншалық қажет екенін сезінуге көмектесетін үш фильмді таңдап алды. 


ГЕРОИН(Я) (HEROIN(E))

Режиссері: Элейн Макмиллион Шелдон

Жарық көрген жылы: 2017

Ұзақтығы: 39 минут

Атауы тақырыбын ашып тұрған қысқаметражды дерект фильм Батыс Виржиниядағы Хантингтон атты өндірістік қала тұрғындарының тағдыры жайлы әңгімелейді. Бір қарағанда Хантингтон кәдімгі АҚШ қалаларының көпшілігінен еш ерекшеленбейтін секілді көрінуі мүмкін, алайда опиоидтарды шектен тыс пайдалану деңгейі мұнда елдің басқа аймақтарында анықталған ортастатистикалық көрсеткіштен 10 есе жоғары.

«Героин(я)» қаланы жаулап алған ауруды жеңемін деп барын салатын полиция мен сот қызметкерлерінің, жергілікті еріктілердің күнделікті әрекетін көрсетеді. Фильмнің негізгі желісі үш әйел – Хантингтон өрт қызметінің басшысы Джен Рейдер, сот Патриция Келлер және Brown Bag Ministry үкіметтік емес ұйымының қызметкері Несия Фриманды көрсетеді. Кейіпкерлердің әрқайсысы есірткі эпидемиясына қарсы оның өршіп, таралуының әр кезеңінде өз деңгейінде күреседі. Джен нашаны шектен тыс қолданған адамға көмектесіп, оны аман алып қалу үшін асығады. Патриция сот залында толыққанды өмір сапасынан айрылған, құрдымға кеткен жандарды қарсы алып, оларға екінші мүмкіндік сыйлайды. Несия Фридман ҮЕҰ сапындағы әріптестерімен бірге наша алу үшін секс-жұмыстарға жегілген әйелдерге күн сайын тегін тамақ жеткізеді. Сонымен қатар фильмде ескіртіге тәуелдіктен емделіп жатқан адамдардан алынған сұхбат көрсетіледі, онда нашаның салдары, оған қарсы күрес сөз болады.

Апиынға тәуелдік туралы өзге фильмдерден ерекшелігі мынау – «Героин(я)» көріп отырған көрермен соңғы минутқа дейін эмпатия сезеді. Бас кейіпкерлердің әрқайсысы қиын жағдайда қалған адамға көмектесуге ұмтылады және онысына жауап ретінде ештеңе күтпейді.

«Героин(я)» «Үздік қысқаметражды деректі фильм» санаы бойынша «Оскарды» жеңіп алды. Сондай-ақ Rotten Tomatoes порталында 100% жаңашылдық рейтингіне ие. 

МАЛ АСТЫРТЫН ӘРЕКЕТІ (СКОТОЗАГОВОР, COWSPIRACY: THE SECRET TO SUSTAINABILITY)

Режиссері: Кип Андерсен

Жарық көрген жылы: 2014

Ұзақтығы: 91 минут

«Мал астыртын әрекетінің» авторлары әлемдегі ең ірі климат апаттарының артында бір ғана алып индустрия, яғни мал шаруашылығы тұр деген теорияны насихаттайды. Шығарма атауындағы «астыртын әрекет» деген тіркес бекер тұрған жоқ, себебі фильмде экологияны қорғау жөніндегі жаһандық ұйымдарға қарсы айып тағылады – бас кейіпкерлердің пікірінше, олар мал шаруашылығының аса қатерлі салдары жайлы хабардар, алайда бұл туралы ештеңе айтпады, ештеңе істемейді.

«Мал астыртын әрекеті» мал шаруашылығы экологиялық дағдарысқа кінәлі деп қана қоймай, халықаралық экологиялық үкіметтік емес ұйымдардың әлемді құтқару үшін не себепті шара қолданбайтынын айтатын ғалымдардың пікіріне де ереді.

Мал шаруашылығы мен ет өндірісі қоршаған ортаға шынымен аса қауіпті түрде әсер етіп отыр. Деректі фильмдегі ғылыми зерттеулер растаған мәліметтер бойынша, ет өнімдерін тұтыну – жер бетіндегі биологиялық әр алуандықтың кемуінің басты себептерінің бірі. Ет өндірісі бұдан бөлек мал асырау үшін қолайлы орта тудыру кезінде атмосфераға парник газдары мен басқа да қатты заттардың айтарлықтай көлемде тасталуына, судың ластануына және бүтіндей экожүйелердің құрып кетуіне алып келеді.

Ет өндірісінен келетін зиянды сәл де болса азайт үшін фильм авторлары аттас сайтта барлық ниет білдірушіні еттен ең болмаса 30 күнге бас тартуға шақырады. Оған шыдамаймын дегендерге жеңілдеу әдіс ұсынылады, яғни ет өнімдерінен аптасына ең болмаса бір күн пайдаланбау керек. Әрине, бұл бүкіл әлемдегі ет жеу әдетін өзгертіп жібере алмас, мал шаруашылығы корпорацияларын да өндірісін азайтуға мәжбүрлей алмайды, алайда бір адамның саналы жалғыз қадамының өзі бұл бағыттағы ілгерілеуді білдіреді. 

ТЕҢІЗ АСТЫРТЫН ӘРЕКЕТІ (МОРСКОЙ ЗАГОВОР, SEASPIRACY)

Режиссері: Әли Тебризи

Жарық көрген жылы: 2021

Ұзақтығы: 89 минут

Атауы таныс секілді ме? Дәл айтасыз. Бұл филмьде де авторлар мұхиттардың жоғалып ластануының артында жәй ғана адами салғырттық пен немқұрайлық емес, бүтіндей индустрия тұр дегенге сенеді және оны дәлелдеуге тырысады. Бұл жолы камера «нысанасына» коммерциялық балық аулау саласы ілініпті.

Британ режиссері Әли Табризи адамның теңіз өміріне қалай ықпал ететінін зерттейді. Фильмде неізінен коммерциялық балық аулаудың қандай жойқын әсер әкелетіні мұқият қарастырылып, сөз болады. Авторлар балық аулаудың кесірінен ірі балықтардың 90%-ы жоғалып кетті, ал үлкен суда қалқып жүрген макропластиктің 70%-ы су хайуандарын ұстауға арналған құрал-жабдықтан келеді деп сендіреді. Сонымен қатар статистикалық мәліметтер бойынша, балықшылар әр сағат сайын 30 000-дай акуланы және жылына 100 000-нен артық дельфин, кит және теңіз шошқасын өлтіреді екен.

Фильмде драмалық сипат басым болғанына, авторлардың әңгімелеуде конспирологиялық сарынға түсіп алуы сынға ұшырағанына қарамастан, журналистер келтірілген деректердің рас екенін растайды. Англиялық маман, теңіз биологы, океанограф Каллум Майкл Робертс картинаны жақтап, оның басты айтпағы адамның мұхитқа үлкен соққы беріп отырғаны екенін, ал мұны өтірік дей алмайтынымызды көрсетіп, пікір білдірді.

«Мал астыртын әрекеті» секілді мұнда да фильм авторлары көрерменді балық өнімдерін тұтынудан бас тартып, өсімдік диетасына көшуге шақырады. Одан бөлек олар балық аулауға арналған субсидияларды алып тастауды, 2030 жылға қарай мұхиттардың кем дегенде 30%-ын балық аулауға болмайтын, қорғалатын аймақ ретінде бекітуді талап етеді.

 

Аударған Димаш Зиядин

Фотоколлаж yanlaurentxo  

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз