Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Неліктен қыста темекі тарту ерекше қауіпті болады?

Желтоқсан айының басталысымен күллі әлемді дәстүр бойынша мереке қарсаңындағы қарбалас қана емес, сондай-ақ респираторлық аурулардың жаңа толқыны да құрсауға алады, әрі бұл шылымқұмарлар үшін ерекше қауіпті. Алайда, тіпті, нөлден төмен болатын температураға қарамастан, кейбір адамдар өздерінің әдеттерін сақтап қалуды жөн көреді, ал дәрігерлер болса, дабыл қағып жүр. Өйткені статистика бойынша шылымқұмарлар арасындағы өлім жағдайларының басым көпшілігі жылдың дәл осы суық мезгіліне сәйкес келеді. Бұл мақалада біз неліктен аязда темекі тартқан аса қауіпті екендігін, мұның денсаулық үшін салдары қандай болуы мүмкін және зиянды қалай төмендетуге болатындығы туралы айтып береміз.


Аяз несімен қауіпті?

Суықта темекі тартуды ерекше қауіпті ететін басты факторлардың бірі ызғарлы, салқын ауаның салдары болып келеді, әрі ол темекі түтінін деммен бірге жұтқан кезде одан да салқын бола түседі. Мұндай ауа тыныс алу жолдарының шырышты қабығына агрессивті әсер етіп, олардың тітіркенуі мен қабынуын тудырып, бронхтар және қантамырларды тарылтады да, бұл мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуін нашарлата түседі. Ал осыған канцерогендер мен шайыр мөлшеріне байланысты темекі түтінінің уыттылығы қосылған кезде мұның салдары өте күрделі болуы әбден мүмкін. Осындай жағдайда жану үдерісі болмайтын, темекіге қарағанда зияны анағұрлым азырақ балама нұсқаларға көңіл аударған абзал. Алайда оларға сәл кейінірек егжей-тегжейлі тоқталатын боламыз.

Зерттеулер дәлелдеп отырғандай, солтүстік өңірлерде өмір сүретін шылымқұмарларда темекі тартуға байланысты аурулар басқа географиялық аймақтарда тұратын құрдастарына қарағанда 10 жылға бұрынырақ пайда болады екен. Олардың көбі өмірлерінің ерте кезеңдерінде-ақ мүгедектікке тап болады, әрі осының жалғыз ғана себебі – темекінің жүйелі түрде тұтынылуы болып саналады. Кеңінен таралған аурулардың бірі – эмфизема. Бұл өкпе тінінің серпімділік қасиетінен айырылуымен, бұл жердегі қан ағысының азаюымен, сонымен бірге ауыр гипертонияның дамуымен сипатталады.

Сондай-ақ оқу Мұздай балғындық: неліктен ментолды темекі денсаулығыңыз үшін қауіпті

Темекі тартудың ағзаға ықпалы

Иммунитеттің төмендеуі. Жылыту маусымының басталып кетуіне байланысты пәтер ішінде пайда болатын құрғақтықпен бірге сырттағы салқын ауа адам ағзасының қорғаныс күшін әлсірете түседі де, әрі оны жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмастай дәрменсіз етеді. Темекі тарту иммундық функциясын жаншып тастап, әрі ағзаға әртүрлі вирустардың (соның ішінде коронавирус, тұмау вирусы және жедел респираторлық вирустық инфекциялардың басқа да қоздырғыштарының) еніп кету қаупін арттыра отырып, осы әсерді күшейтеді. Сыртқы киімсіз балконға шығып, тіпті, 5 минут темекі тартудың өзі теріс әсер тигізген жағдайлар көптеп кездеседі.

Жүрекке түсетін салмақ. Жалпы төмен температуралар жүрекке түсетін салмақты арттырады, себебі ол адам ағзасының жылуын қамтамасыз етіп отыру үшін анағұрлым қарқынды жұмыс істеуге тиіс. Ал осыған уытты заттектердің ықпалы қосылған кезде бұл әсер күшейе түседі. Жүрекке деген осындай жүктеменің салдары қан қысымының жоғарылауына, тромбтардың пайда болуы және, тіпті, коронарлық күретамырлардағы спазмдарға әкеліп соқтыруы ықтимал. Жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан адамдар үшін бұл жүрек қыспасы немесе, тіпті, миокард инфарктісі секілді күрделі асқынулар үшін негіз бола алады.

Үсік шалу қаупі. Аязда темекі тарту үсіп кету қаупінің артуына соқтыруы әбден мүмкін. Темекінің түтіні қан тамырларын тарылтады да, бұл өз кезегінде теріге және шеткі тіндерге келетін қанағымын төмендетуі ықтимал. Қан ағысының жеткіліксіздігі кезінде ағза мүшелері мен тіндері үсіп кету қаупіне ұшырайды, әрі бұл ауыр асқынулар және, тіпті, аяқ немесе қолдан айрылу тәуекеліне дейін апарады.

Тіс аурулары мен ерін құрғақтығы. Температуралардың ауытқып отыруы, соның ішінде ыстық және салқын ауаның арасындағы ауытқулар тіс кіреукесіне теріс әсерін тигізіп қана қоймай, сондай-ақ микрожарықшалардың пайда болуына ықпал жасайды. Ақыр аяғында бұл тістің құрылымы мен беріктігіне әсер етеді. Сонымен бірге ұзақ уақыт бойы темекі тартып жүрген адамдардың ернін жалау әдеті дамиды, ал аязда мұндай әдет жарықшалар мен жаралардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

Өкпеге қатысты түйткілдер. Даладағы салқын ауа мен деммен бірге сыртқа шығарылатын темекінің жылы түтіні температуралардың жылдам ауытқып отыруын тудыра алады, бұл өкпенің үсіп кетуіне ықпал етеді. Сонымен қатар бұл тыныс алу жолдарының қабынуына, олардың созылмалылық қасиетінің төмендеуі мен газ алмасудың нашарлауына, созылмалы бронхит және өкпенің созылмалы обструктивті ауруына (ӨСОА) соқтыруы ықтимал.

Зиянды әсерді төмендетудің жолы қандай?

Ең жақсы шешім – бұл темекі шегуден біржолата бас тарту болып келеді. Егер де жаман әдеттен құтылу әзірше қолыңыздан келмесе, онда ең алдымен аязда темекі шегуден бас тартқаныңыз абзал. Түтін шығармайтын балама нұсқаларға көңіл аударып көріңіз, бұл жерде жану үдерісі болмайды және зиян келтіретін химиялық заттектер мөлшері 95% төмендетілген. Алайда салқын температура тұрғысынан алғанда аязда тұрып ТҚЖ тарту немесе қарапайым темекі шегудің арасында ешқандай да айырмашылықтың жоқ екендігін есте ұстаған жөн. Сондықтан никотиннің өзіндік бір мөлшерін алу үшін сыртқа қарағанда ауа температурасы жоғарырақ болатын арнайы шылым тартатын орындарға жүгінген дұрыс. Сонымен қатар қыс мезгілінде, яғни, адам ағзасы вирустар мен жұқпалы аурулар алдында дәрменсіз болған кезде, иммунитетті нығайту және үй-жайлардағы ауаны ылғалдандыру қажеттілігі туралы ойланған абзал.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

6
1
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз