Редакция ұсынады

Бір реттік темекілер қауіпті ме? Дәрігердің пікірі


Темекі өнімдері бірнеше ғасыр бойы сатылып жатыр, алайда олардың зияны төмендеу келетін нұсқалары жақында ғана пайда болған. Әрі темекі баламаларының барлығы бірдей зиянды аздау тигізеді деуге болмайды. Неліктен – мұны терапевт, зиянды төмендету тұжырымдамасының сарапшысы Гинтаутас Кентра түсіндіреді.

Темекі тарту әлемдік экономикаға жыл сайын 1 триллион доллар шығын әкеледі (соның ішінде темекі тарту салдарынан болатын жылына 6 миллион өлім-жітімге байланысты шығындар да бар). Мәселен, бір ғана АҚШ-тың өзінде ел экономикасы темекі шегудің салдарынан 300 миллиард долларға дейінгі қаражатты жоғалтып отырады екен. Сонымен бірге адамдар шылымнан жаппай бас тартып жатқан жоқ және темекіні тастайтыны да екіталай – тек біздің елімізде ғана бүкіл халықтың бестен бір бөлігі темекі тартады. Темекінің жану өнімдері онкологиялық аурулар, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және басқа да жұқпалы емес дерттерді қоздырады.

Көптеген зерттеулерге сәйкес қарапайым шылымдағы темекі Цельсий шкаласы бойынша 600-800 градусқа дейін қыздырылады, әрі осы үдеріс барысында зиянды химиялық қосылыстар бөлініп шығарылады (соның ішінде шайыр да бар, оның зияны туралы көптеген зерттеушілер жиі дабыл қағып жатады). Баламалы түрде темекіні ауыстыруға да болады. Мысалы, 1970-ші жылдары медициналық қауымдастық никотинді алмастыратын терапия (НАТ) туралы айта бастайды, бұл дегеніміз ешқандай «сынуларды» сездірмейтін, тәулігіне 24 сағатқа дейін тері үстіне жабыстырып жүруге болатын никотиндік жапсырмалар. Осы жапсырмаларды бір уақытта никотиндік сағыз немесе спрейлермен бірге қолдана беруге болады, әрі бұл темекі тартуға деген ұмтылысты азайтуға көмектеседі. Алайда бұл жағдайдың күрделілігі ұзақ уақыт бойы темекі тартып жүрген адамдардың никотинге ғана емес, сондай-ақ әдеттің өзіне, яғни, шылым шегудің физикалық үдерісіне деген құштарлықта жатыр. Сондықтан осындай шылымқұмарларға темекінің балама нұсқаларына ауысқан ыңғайлы болуы мүмкін, өйткені олар, атап айтқанда, темекі қыздыру жүйелері (ТҚЖ) немесе бір реттік вейптер, яғни, бір рет пайдаланылатын темекілер, шылым тарту үдерісін қайталайды. Соңғы екеуі сыртынан ұқсас келетіндіктен, көптеген адамдар оларды бірдей деп санайды. Алайда олардың зияны бірдей емес.

Халықтың шамамен 97,5%, жанама әсерлерін қоса есептегенде, жану өнімдері бар темекіні тұтынады: бұл 2022 жылдың шілде айында Ұлттық статистика бюросының темекі тұтыну туралы ересек халық арасында жүргізген сауалнаманың мәліметтері. Өкінішке қарай, сауалнамада бір реттік вейптердің үлесі көрсетілмеген.

Темекі қыздыру жүйелері және бір реттік темекілер – бұл қалай жұмыс істейді және мұндағы зиян неде?

Алғашқы түтін шығармайтын өнімдер 2003 жылы сатылымға түскен болатын (дегенмен, олардың түпүлгілері сонау 1960-шы жылдары әзірленген екен). Бұл темекі тартудың физикалық үдерісін сақтайтын темекінің алғашқы балама нұсқалары болған. FDA, яғни, АҚШ-тың азық-түлік өнімдері және дәрі-дәрмектердің сапасын бақылау жөніндегі басқармасының тексерісінен өткен темекіні қыздыруға арналған қазіргі заманғы жүйелер модификацияланған қауіп туралы айтуы мүмкін, өйткені олар қарапайым темекінің шығаратын түтінімен салыстырғанда зиянды заттектерді 95%-ға азырақ бөледі. Дегенмен, бұрынғы кезде, сол секілді қазіргі уақытта да, қарапайым шылымды тартқанға қарағанда, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді қолдану әлдеқайда қымбатқа түседі. Мұны Иллинойста жүргізілген зерттеу де растап отыр, яғни, темекінің сертификаттаудан өткен баламалары бір реттік темекілерден қымбатырақ, алайда соңғылары дәл осы электронды темекінің арзан нұсқасы ретінде арнайы жасап шығарылған болатын.

Бір реттік темекілер, яғни, вейпингке арналған қуаттандырылмайтын және жанармай құйылмайтын құрылғыларды тұтыну барысынан кейін жай ғана қоқысқа лақтыру керек (берілген атауы да осыған байланысты). Олар қолдану кезінде де әлдеқайда ыңғайлы болып келеді (оны жай ғана сатып аласыз да, батырманы басасыз, қолдана бересіз). Бір реттік темекілерде (сол секілді темекіні қыздыруға арналған жүйелерде де) жоғарыда сипатталған себептерге қатысты зиянды болып саналатын жану үдерісі болмайды. Оған қоса, дәл осы себептен үшіншілік түтін де қалмайды. Алайда бір реттік темекілер FDA басқармасының ресми сертификаттауынан өтпеген, әрі зерттеулер көрсетіп отырғандай, денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін – бұл құрылғылар құрамындағы майда еритін Е дәруменінің жоғары мөлшеріне байланысты өкпенің будың салдарынан маймен бітелуіне әкеліп соқтыратын липоидтік пневмонияны тудырады. Дәрігер, «Денсаулық» ұйымының сарапшысы Гинтаутас Кентра бөліскендей, Е дәрумені болмаған жағдайда да, осы препараттардың құрамы алуан түрлі, әрі көбінесе тексерілмеген болуы мүмкін, бұл өз кезегінде денсаулыққа зиян келтіруі ықтимал – осылайша, тіпті, он жеті жасар жас өреннің өкпесі жетпіс жастағы қарттың өкпесіндей болуы мүмкін.

РЕДАКЦИЯ АТЫНАН: айта кетерлік бір жайт, негізінен Қытайдан әкелінетін белгісіз брендтердің майдагерлік өндірісі де денсаулыққа зиян тигізуі әбден мүмкін. Олардың сапасы ешкімнің тарапынан да тексерілмейді. Мұндай сұйықтықтар бу шығаратын құрылғыны бұзып қана қоймай, сондай-ақ қауіп-қатер келтіретіндігі өте маңызды. Сұйықтықтың қарапайым құрамына қарамастан, мәселен, пропиленгликольді алайық, ол тағамдық, яғни, тазартудың жоғары дәрежесіндегі өнім, не болмаса техникалық, мысалы, антифриз өндірісінде қолданылатын өнім болуы да мүмкін. Жоғары дәрежедегі тазартудан өткен глицерин де ерекшеленеді — ол тағамдық және, мысалы, дәріханалық (талдауларды жасауға арналған) болып келеді. Хош иістендіргіштер де тағамдық болуы немесе тағамдарда қолдануға жарамсыз болуы ықтимал. Ірі өндірушілердің сертификатталған өнімдері болады, алайда олар Қазақстанда ұсынылмаған.

Кәмелетке толмаған балаларды электронды темекіні қолданудан қалай арашалауға болады? АҚШ-та осы түйткілдің шешімі табылған. Бұл мәселені қатаң реттеу керек – сатуды шектеу және шектеулерді бұзған адамдарға қомақты айыппұл салу осы түйткілді шешуге көмектеседі. Мәселен, АҚШ-тың Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша ел ішінде 5 миллионнан астам жоғары сынып оқушысы вейптерді қолданады екен, әрі соңғы жылдың ішінде ғана олардың саны 20% өсті. Бүкіл әлемде барлығы 35 миллион вейпер бар екен. Жасөспірімдер арасында «вейп-індетін» тоқтату мақсатында АҚШ мемлекеті никотині жоқ хош иістендірілген қоспаларға тыйым салуды жоспарлап отыр. FDA басқармасы электронды темекінің өндірушілері мен таратушыларына жасөспірімдер мен жастарды темекі шегуге тартатын әдіс-тәсілдерді қолдануға жол берілмейтіндігі туралы хаттарды жіберген еді.


Аударған: Рита Сәрсенова

Корректор Елена Залевская
Редактор Александр Молодой

Понравилась ли вам статья?

5
7
3

Тақырып бойынша тағы оқыңыз