Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Қыздырылатын темекіні қоғамдық орындарда пайдалану заңды ма?

Қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салатын заңдар адамдарды темекі түтініне байланысты ауыр қауіптерден қорғауға бағытталған. Алайда қыздырылатын темекіге қатысты жағдай қандай екен? Ал басқа мемлекеттердің заңнамаларында қоғамдық орындарда темекіні қыздыруға арналған жүйелерді тұтыну турасында не делінген? Осы девайстарды пайдалану заң жүзінде рұқсат етілген бе? Бұл сауалды әртүрлі қырларынан қарастырып көрейік.


Ең алдымен қандай орындар қоғамдық, ал қайсысы қоғамдық емес екендігін анықтап алайық. Сонымен қоғамдық орын – бұл ашық және баршаға қолжетімді кеңістік болып саналады. Ол жабық жайларда (вокзал, мұражай, сауда орталықтары), сол секілді ашық ауада да (саябақ, көше) болуы мүмкін. 

Егер біз түтін шығармайтын құрылғыларды құқық тұрғысынан пайдалану турасында сөз қозғайтын болсақ, онда олардың темекіге теңестірілгенін айта кеткеніміз жөн. Ал қоғамдық орындарда темекі тарту 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшеріндегі айыппұлдың салынуына әкеліп соқтырады.

Қыздырылатын темекі және қоғамдық орындар

Мұндағы ережелер сіздің түтін шығармайтын құрылғыны қай елде пайдаланып отырғаныңызға байланысты болады. Кейбір елдерде заңнамалық деңгейде электронды темекі кәдімгі шылыммен салыстырғанда зияны әлдеқайда төменірек балама нұсқа болып саналады. Сондықтан оларды қоғамдық орындарда қолдануға қатаң шектеулер қойылмайтыны хақ. 

Ережелер сіздің жабық кеңістікте ме, әлде ашық ауада ма, яғни, қай жерде екеніңізге байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.

Жабық кеңістіктегі қыздырылатын темекі

Қарапайым шылыммен салыстырғанда қыздырылатын темекінің адам денсаулығына тигізетін зияны әлдеқайда азырақ болғанына қарамастан, оларды жабық кеңістіктерде қолдану көп жағдайда темекі тартумен теңестіріледі.

Айта кетерлік маңызды бір жайт, түтін шығармайтын девайстарды қоғамдық көліктің барлық түрлерінде де, соның ішінде пойыздар, автобустар мен трамвайларда пайдалануға заң жүзінде тыйым салынған. Бұл тыйым салу әсіресе ұшақтарда өзекті болып келеді. Адам ұшақтың ішінде түтін шығармайтын құрылғыны пайдаланғысы келген жағдайда ұшудың аяқталуын күтуге тиіс, әрі шылым тартатын орынды жерде іздеуі керек.

Естеріңізде болсын: егер сіз қандай да бір жерде түтін шығармайтын құрылғылардың қолданысы бойынша ережелерді, тіпті, өте мұқият зерттесеңіз де, дегенмен толық сенімді болмасаңыз, онда сақтық танытып, девайсты пайдаланудан тартынғаныңыз абзал. Сонымен бірге бұл қарапайыс темекіге де қатысты айтылған сөз.

Жабық кеңістіктің ішінде орналасқан кейбір қоғамдық орындарда түтін шығармайтын девайстарды қолдануға рұқсат етілуі ықтимал, алайда кез келген жағдайда да осы сұрақты нақтылап алған артықтық етпейді. Үй-жайлардың ішіндегі ережелер компания немесе сол орын иесінің жеке қалауына байланысты болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқу Никотинді алмастыру терапиясы деген не және ол кімге жарамды болады

Ашық ауадағы қыздырылатын темекі

Әдетте ашық ауадағы қоғамдық орындарда қыздырылатын темекіні қолдануға рұқсат етіледі – бұл сіздің әлемнің қай жерінде екендігіңізге байланысты болып келеді. Егер сіз девайсты пайдалануға деген рұқсаттың бар-жоғына сенімді болмасаңыз, ақпарат алу үшін жергілікті әкімшіліктің көмегіне жүгінгеніңіз дұрыс, әрі кез келген мемлекеттің мәдениетін құрметтегеніңіз абзал.

Қыздырылатын темекіні қолдануға рұқсат етілгеніне көз жеткізбегенше оны пайдаланбаңыз.

Ал біздің еліміздегі жағдай қандай? Бұл жайында Қазақстан заңнамасында не делінген? Егер сіз түтін шығармайтын құрылғыны тұрғын үйдің қасында орналасқан дүкеннің жанында қолдансаңыз, онда сіз заңды бұзбайсыз. Алайда егер осы дүкен білім беру ұйымының аумағында орналасқан болса, онда темекі мен түтін шығармайтын құрылғыларға тыйым салынады. Бұл ережелер үйіңіздің ауласы, пәтеріңіз және саяжайыңыздың теліміне таралмайтыны хақ. 

Айта кетсек, темекіні қыздыруға арналған жүйелер стиктің құрамындағы темекіні 350 °C температураға дейін ғана қыздырады. Мұндағы темекі жанбайтындықтан, ықтимал зиянды заттектердің бөлінуі 95%-ға дейін төмендетіледі. ТҚЖ зиянсыз емес – олардың құрамында нағыз әдеттенуді тудыратын никотиннің бар екендігін ескерген жөн.

Қоғамдық орындарда ТҚЖ құрылғылары кәдімгі темекіге теңестіріледі. Егер сіз оны пайдалану рұқсатына қатысты сенімді болмасаңыз, онда шылым тарту үшін арнайы белгіленген орынға жеткеніңізше дейін темекіні қыздыруға арналған құрылғыны пайдаланбай тұрғаныңыз дұрыс.

Танымал қоғамдық орындар

Кеңінен танымал қоғамдық орындарға қатысты не деуге болады? Бұл жерлерде қыздырылатын темекіні пайдалануға бола ма? 

Кинотеатрлар. Жалпы алғанда кинотеатрлардың көбінде түтін шығармайтын девайстарды қолдануға тыйым салынған;

Жұмыста. Бұл мәселе жұмыс берушіңіздің саясатымен реттеледі;

Қонақ үйлер. Мұндағы ережелер де мекеменің өзіне байланысты болып келеді. Қонақ үйде темекі тарту үшін арнайы аймақ бөлінуі мүмкін;

Барлар мен пабтар. Әдетте бұл жерлерде темекі тартуға арналған әрі сыртта орналасқан арнайы аймақ қарастырылады;

Мейрамханалар. Әдетте бұл орындарда түтін шығармайтын құрылғыларды қолдануға тыйым салынады. Әрі жақын маңда темекі тарту үшін арнайы аймақ болуы мүмкін;

Түнгі клубтар. Көп жағдайда осы орындарда түтін шығармайтын құрылғыларды пайдалануға тыйым салынады, алайда оларда темекі тартуға арнайы бөлінген аймақ болуы мүмкін.

Естеріңізде болсын: түтін шығармайтын құрылғыларды пайдалану ережелері өңірге байланысты өзгеріп отыруы да ықтимал. Сондықтан өзіңіздің девайсыңызды шығармас бұрын, заңнамамен танысып шыққаныңыз абзал.

Қыздырылатын темекі шылым шегуден бас тартудың баламасы немесе темекіні тастауға көмегін тигізетін құрал емес. Өз тарапыңыздан қабылдай алатын ең жақсы шешіміңіз – бұл темекіден біржолата бас тарту болып келеді.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

1
1
1

Тақырып бойынша тағы оқыңыз