Редакция ұсынады

Ішу әлде ішпеу

Көңілді сауық кешін денсаулыққа зиянсыз қалай өткізуге болады

Ішу әлде ішпеу: Көңілді сауық кешін денсаулыққа зиянсыз қалай өткізуге болады

Алкогольді ішімдіктерді ішу мәдениеті біздің өміріміздің бөлігі болды келеді және көптеген адамдар үшін уақытты ішімдіксіз де көңілді өткізу дегенді елестетудің өзі қиын. Денсаулыққа зияны мейлінше төмен сауық кештерін қалай өткізуге болатынын айтып берейік.


Біз пайдасы күмән туғызатын әдеттерден болатын зиянды төмендету бойынша жобамыз. Зиянын төмендету қағидаты адам денсаулығына жағымсыз және қауіпті факторларды барынша азайту мүмкіндігін беріп, осылайша зиянды әдеттерден толық бас тарта алмаған жағдайда денсаулықты жақсарту және бір қалыпты ұстап тұруға көмектеседі. Зиянды төмендету қағидаты жағымсыз әдеттерден үзілді-кесілді бас тарту туралы ұрандаудан гөрі, тиімдірек болып келеді. Тыйым салу ештеңе шешпейді, демек адамның таңдау құқығы болуы керек.

Алкоголь өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды – отбасылық болсын, басқа болсын - бір де бір іс-шара алкогольдің түр-түрісіз өтпейді. Көптеген жағдайда компанияларда ішпейтін адам өзін өгей сезінетіні бар. Бұл әсіресе уақытын көңілді өткізіп, сөйлесіп, ішімдік тұтыну үшін барларға келген жастар арасында кең тараған. Ішпейтіндер әдеттегідей басқалардың жағдайын байқап отырып, саясат туралы пікірталасқа араласпайды. .

 

Евгения 24-те, ол жастар кештеріне жиі қатысады да достарымен бірге ішеді. Алайда бойжеткен  өзін-өзі уақтылы тоқтата алады, кейбір компанияларда тіпті ішпеуге тырысады. «Егер сен билеу мүмкіндігі бар жерге келсең, әлбетте, аздап ішіп алатындар үшін қызығырақ болады, өйткені сен туралы басқалар не ойлайды деп, бет-әлпетің, киімім қандай деп басыңды қатырмайсың. Және шынында да, өз-өзіңе ұнай бастайсың. Мысалы, мен аздап ішіп алсам, шет тілде айтарлықтай жақсы сөйлей аламын», - деп Евгения өз ойымен бөліседі.  

 

Мұнда басы айналып, көз алдындағысы бұлдырай бастағанын түсінген қыз тоқтайды, өйткені үйіне жайлы жете алмай қалуы мүмкін. Бойжеткен бейтаныс компанияларда мүлде ішпейді, өйткені ең алдымен жеке басының қауіпсіздігін ойлайды. «Біріншіден, стаканыңа қауіпті зат сеуіп жіберуі мүмкін, екіншіден, мұның соңы не болары беймәлім. Бірде мен осындай кештің бірінде есімнен танып, отырған жерімде ұйықтап кетіппін, ал таңертең басқа диванда жатқанымды түсіндім. Бұл жағдай басың бәлеге ұшырауға жақын қалдың деген сөз. Ол күні сыныптастарыммен болғандықтан бәрі сәтті аяқталды. Ал егер бейтаныс компаниянада болсам, бұл жақсылықпен аяқталмас еді», -  дейді Евгения.

 

Бойжеткен осындай кештерде ішімдіктен толық бас тарта алады, алайда кейбір адамдар қалыптасқан әдеттен мұндай қадамға қабілетсіз келеді. Дәрігері Гинтас Кентро алкогольге тәуелділік тұтынған ішімдік пен оның күшіне байланысты екеніне сенімді. Бірақ сонда да алкогольге деген құмарлық және оны ішкісі келіп тұру, ішімдік ішкенде мінез-құлқын бақылаудың қиындауы, ішімдікті тастаған жағдайда абстинетті халге ұшырау (қатты қозу немесе енжарлық және бағыттану қабілеті бұзылуы), денсаулыққа келетін айқын зиянды әсеріне қарамастан, алкольді одан әрі де тұтыну сияқты медициналық критерийлермен өлшенетін алкогольдік тәуелділік белгілері  болған жағдайда нарколог-дәрігерге жүгіну маңызды. «Тұтынған алкогольдің мөлшері неғұрлым жоғары болса, зардабы соғұрлым ауыр болады. Мұндағы қағидат- неғұрлым аз болса, соғұрлым жақсы. Адамның 60-н аса ауруы ішімдекке байланысты. Күніне бір бокал жеңіл шарап гипертониялық ауру қауіпін төмендетеді, күшті арақ-шарап тамырларды тазалай алады. Ал басқа жағынан қарасақ, бауырға, бүйрекке, жүйке жүйесіне асыра жүктеме түсіреді. Ақыл тоқтатқан жаста ішімдікті шамасын біліп ішкен адамға оның зиянды әсері қатерлі болмаса, керісінше, жас кезінде арақ-шарап тұтынған адамға зиян келтіретіні даусыз.  Алкоголь жасушаларға оңай енеді әрі оның химиялық реакциясы үшін көп су қажет, сондықтан осы себепті жасушалар сусызданады», - дейді Кентро.  

 

Достарыңмен кездескенде уақытты ішімдіксіз де көңілді өткізуге болады. Алайда ішімдіктен үзілді-кесілді бас тарту міндетті емес, өйткені әр адамның таңдау мүмкіндігі бар. Яғни мына ережелерді қолданса, денсаулыққа зиянды төмендетуге болады.

 

Көптеген елдерде қабылданған зиянды төмендету стратегиясы күшті сусындарды алкогольді коктейль, шарап, сыра немесе сидр сияқты құрамында этил спирті аз сусындарға алмастыруды ұсынады. Осының арқасында Сіз босаңсып өзіңізді еркін ұстайсыз және компанияға тез қосылып, көңіл көтересіз, оған қоса, күшті ішімдіктерден келетін зиянға қарағанда зияны да төмен болады. Өзіңізге градусы 20-н аспайтын ішімдік таңдауға тырысыңыз – ДДҰ жіктеуіне сәйкес   мұндай ішімдік күшті деп саналмайды.

 

2018 жылғы сәуірде ғалымдар 7,5 жыл өткізген зерттеу нәтижелерін  көрсетті. Аптасына 100 миллилитрден аз этанол ішкендердің 48%-ке инфаркт қауіпі төмен екен. Бұл мөлшерді екі есе ұлғайтқанда Сіз 1-2 жыл өміріңізден айырыласыз, ал 3,5 есе  ұлғайтқанда – өміріңіздің 4-5 жылын жоғалтасыз. 100 миллилитр таза спирті шарап ішетін бокалмен санасақ, бұл 10 бокал жеңіл   шарап немесе 10 рюмка арақ деген сөз.

 

Әркімнің таңдауы өзінде – ішу я ішпеу, яғни Сіз үшін шешім қабылдауға ешкімнің құқығы жоқ. Осы қарапайым ұсыныстардың көмегімен Сіз достарыңызбен әңгімелесіп, кештерде рахаттана аласыз әрі денсаулығыңызға да зияны шамалы ғана болады.  

Понравилась ли вам статья?

3
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз