Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
  • Басты бет
  • Шолулар
  • Адам және этанол: «Ішсем бе, ішпесем бе? Алкоголь және сіздің денсаулық туралы жаңа ілім» кітабынан алынған 5 факт
Редакция ұсынады

Адам және этанол: «Ішсем бе, ішпесем бе? Алкоголь және сіздің денсаулық туралы жаңа ілім» кітабынан алынған 5 факт

Адам және этанол: «Ішсем бе, ішпесем бе? Алкоголь және сіздің денсаулық туралы жаңа ілім» кітабынан алынған 5 факт:

Нейропсихофармаколог Дэвид Натт туындысында алкогольдің не екені, біздің заманда ойлап табылса, не себепті оны тұтынуға бірден тыйым салынатыны, бас жазудың қандай 47 белгісі бар екендігі, бұл күйде болған сәтіңізді неге ұнату керектігі, сонымен қатар ішімдіктің барынша аз зиян һәм барынша үлкен ләззат сыйлайтын көлемін қалай табуға болатындығы туралы әңгімелейді. 


Британ үкіметінің бұрынғы бас кеңесшісі өз кітабында наркосаясат мәселелерін көтереді, адамзаттың ұзақ жылдар бойы жүргізіп келе жатқан жаһандық алкотәжірибесі жайлы қарапайым тілмен толыққанды ақпаратты бөліседі және келтірілген дәлел-дәйектерді ең заманауи деген ғылыми деректермен бекітіп, сөзін «бұл еңбек сізге ішімдік ішу үшін өмір сүру, тіпті өлуді емес, өмір сүру үшін ішімдік ішуді үйретеді деп үміттенемін» деп аяқтайды.

Профессор Нат қалағандай болуы үшін, ол жазған кітаптың кей тұсын түсініп алу жеткілікті болар еді. 

Стақандағы наша – зиянды есірткі

Наттың пікірінше, алкогольдің басқа есірткілерден ерекшеленетін бір ғана тұсы – оның заңды және қолжетімді екені. Ішімдікке тән және психика тұрғысынан тәуелді болып қалу көрші дүкенге нанға барып келгеннен де оңай. Ішіп алған адам өзін еркін, көңілді, сенімді сезінеді, басқаларға деген махаббаты ашылады. Себебі оның ағзасында бақыт, қуаныш және ләззат гормоны саналатын эндорфиндер мен эмоция молекулалары бөліне бастайды. Алайда ол адам кокаин қабылдаса да дәл осындай күйге түсер еді.

Ішімдіктің әлеуметтік қаупін әр адам түсінуге тиіс

Алкоголь – кез келген дерлік мәдениеттің координаталар жүйесі бөлігі. Қоғам бізді онымен бала кезде-ақ таныстырып қояды. Ежелгі гректердің симпосийлерін, Рим импераиясындағы вакханалияны еске түсіру немесе ішімдік ішуге қатысты түрлі сюжет бейнеленген көне суреттерге көз салу жеткілікті. Қазіргі замандағы корпоративтер, банкеттер, үйлену тойлары, достардың бас қосуы, кештер, кинофильмдер де мұнсыз жүрмейді. Ал сыра мен энергетиктер түрлі жарыстарға белсенді түрде демеуші болуға көшкендіктен, ішімдік үлкен спорттың да бір белгісіне айналып үлгерді. Ел үкіметтері мұндай жағдайға қатысты ешқандай шара қолданып отырған жоқ, алайда «өзге азық-түлік өнімдеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары алкогольге қатысты қолданылса, спиртті сусындарды қауіпсіз тұтыну шегі жылына бір бокал шарап деңгейінде белгіленер еді». Жоғарыда аталғанның бәрі адамның ойы мен бойында алкогольді шамадан тыс, артық тұтыну салдарының қаупі жайлы психологиялық кедергілерді айналып өтуге жол ашады.

Мас болу тәжірибесі әркімде әрқалай

Масайып қалу шамасын алкоголь емес, адамның не күткенімен және ішкен кезде қоршаған айналаның қандай болғанымен байланысты. Біреу демалу үшін, енді біреу жауапты кездесу алдында ойын жинақтап, өзін сенімді сезіну үшін ішімдік тұтынады.

Арақты шектен тыс ішкен кезде ағзада не болып жатады?

Қандағы 0,8 % алкоголь дозасы адамға тепе-теңдік сақтауға бөгет болады, есту қабілетін нашарлатады, сөйлеуі баяулайды, болып жатқан дүниеге дұрыс реакция білдіру мүмкіндігінен айырады. 1,5 %-ға жеткенде, жүріп-тұру, әлдене деу қиянға соғады, жүрек айниды. 2,5 % адамды мелшитіп тастайды, жан-жақты танудан қалады, ойы шатасып, жады жаңылысады, сыртқы көмексіз бірдеңе істеу мүмкін емес болады, құсады. Қандағы алкоголь бұдан да жоғары болса, адам есінен тануы, комаға түсуі ықтимал. Ал 6 %-да тыныс алу тоқтап, өлім тіркеледі.

Бас жазғанға қуану керек

Бас жазу – ұнамсыз іс. Онымен бірге гиперамия, жүрек айну, бастың ауыруы, болғанды есте сақтап қала алмау, асқазан-ішек жолдарындағы жағымсыз күй қатар келеді және мұндай жағдай бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады. Алайда бас жазу – ағзаның бізге салынып ішіп кетуге жол бермейтін қорғаныс реакциясы. Ол болмағанда адам маскүнемдіктен бас көтермей, көз ашпас еді.

Автор бас жазу синдромын ибупрофен, бета-блокатор және ағзадағы сұйықтық пен электролиттерді қалпына келтіретін спорт сусындары, пробиотиктер, B дәрумендер кешені, көмірсулы тамақтар, кофеин және дене жаттығулары арқылы жеңілдетуді ұсынады.

Профессор Натт – моралист емес және біздің ағза үшін жалғыз мүмкін жағдай күні-түні сау болып жүру деп оқырманды сендіруге тырыспайды. Ғалым әрі Лондон аудандарының біріндегі шарап барының иесі, яғни алкоголь тұтынуды жан-жақты білетін адам қарапайым оқырманға әдетін бақылауға алуға көмектесетін тиімді лайфхактарды қолдануды ұсынады.

 

Аударған Димаш Зиядин

Фото ашық дереккөздерден

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз