Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
  • Басты бет
  • Орта
  • Жаңа жыл: мереке салдарынан болатын зиянды қалай төмендетуге болады?
Редакция ұсынады

Жаңа жыл: мереке салдарынан болатын зиянды қалай төмендетуге болады?

Диеталар мен режимді сақтауға қаншалықты тырысқанымызбен, жаңажылдық мереке біздің ерік-жігерімізге арналған нағыз сынаққа айналады. Ал егерде мен сіздерге мерекелік дәмді тағамдардан ләззат ала отырып, әрі келесі жылдың басына қарай екі аяғы бар шарға айналмай-ақ қоюға болатындығын айтсам ше? Жаңа жыл түніне қалай дайындалу керектігі және ақыл-есті (тәнді де) дұрыс сақтап қалудың жолын қарастырайық.


Мерекелік дастарханның құпиялары

Жаңажылдық дастарханнан болатын зиянды төмендетудің негізгі тұстарының бірі теңдестірілген ас мәзірін құрастыру болып келеді.

Майонез қосылған салаттар санын шектеңіз

Бұл жерде майонездің өзі ғана емес, майларды шамадан тыс тұтыну зиянды болып отыр. Тіпті, қарсы көрсетілімдері болмаған адамдардың өздерінде майлардың жоғары деңгейі бауырға, сол секілді ұйқы безіне де теріс әсерін тигізуі мүмкін, өйткені олардың екеуі де жұптасқан мүшелер болып келеді. Ал асқазан-ішек жолының ауруларына шалдыққан адамдарға одан мүлдем бас тартқан абзал, себебі майонездің құрамындағы май мен қышқыл ағза үшін нағыз қауіпті төндіре отырып, асқазанның ойық жаралы аурулары, ушыққан ішек синдромы және басқа да дерттердің асқынуын тудыруы ықтимал.

Тойымды мерекелерден кейін «майонездік комаға» ұшырамау үшін балғын көк шөп пен кез келген талғамға сай келетін дәмдеуіштер: зәйтүн және күнбағыс майлары, лимонды дрессинг, шарап сірке суы, бальзамикалық тұздық және, тіпті, ең қарапайым лимон шырыны қосылған салаттарды да дәмтатым ретінде қарастыруды ұсынамыз. Майонездің нағыз жанкүйерлеріне грек йогурты мен майсыз қаймаққа назар аударған жөн.

Оңтайлы порциялар

Сізге еліміздегі халықтың жартысын тамақтандыру міндеті қойылғандай бір көп қылып тамақ әзірлеудің қажеті жоқ, себебі жаңажылдық тағамдар мен сусындар молшылығының рахатына бату көбінесе артық тамақ жеп қою жағдайына әкеліп соқтырады. Осының нәтижесінде көңіл-күйдің нашарлауы, іштің кебуі мен ас қорытуға байланысты басқа да күрделі түйткілдерді тудырудың үлкен қаупі секілді жайттарға тап болуымыз мүмкін.

Бұл мәселе мерекелік күндері ішілетін алкоголь мөлшеріне де қатысты болып отыр. Қатты мастанудан бөлек ішімдікті шамадан тыс тұтынудың улану, ертесіне мастық салдарына тап болу және президенттің жаңажылдық сөз сөйлеуін ақыры естімей қалу тәуекелі секілді салдары бар. Сонымен бірге алкогольдік сусындардың дені жоғары калориялы келетіндігін естен шығармаған абзал, ал ішімдіктерді майонездік салаттармен қосқан кезде бұл бауырға деген салмақты «соққы» беретіні хақ.

Тағамдар мен сусындар санын алдын ала жоспарлап қойған маңызды, өйткені екі-үш бокалдан кейін өз-өзіңізді бақылау әлдеқайда қиынға соғуы ықтимал. Бұл жердегі тағы бір жайт алкогольдің әрекет ете бастауы кезінде адамның тәбеті әжептәуір ашыла түседі де, тұтынылатын тамақтың мөлшерін бақылау сезімі жоғалады, әрі ағзаның өзі алкогольдің әсерін төмендету мақсатында сізді тағамдарға қарай итермелеп тұрғандай болады.

Градусты төмендетеміз

Мерекеден түні бойы ләззат алуды жоспарлап жүрген адамдар үшін алкогольді ішімдіктердің адам ағзасына қалайша әсер ететіндігі туралы біздің мақаламыздан оқып шығуға кеңес береміз. Ішімдіктің ағзаға тигізетін зиянын төмендету мақсатында алкогольсіз сусындар немесе күштілігі төменірек келетін алкогольді сусындарды қарастыруды ұсынамыз. Шарап, сыра немесе құрамында алкоголь мөлшері төмен болатын коктейльдер секілді түрлі сусындар алкогольдік әсердің күрт секіруіне жол бермеуге мүмкіндік туғызады.

Сонымен қатар алкогольдік сусындарды тұтыну бойынша ережелерді білген өте маңызды. Мәселен, алкогольді тұтынудан болатын жарақаттар қаупін төмендету мақсатында дені сау, әрі кәмелетке толған адамдарға 4 стақан/бокалдан артық алкогольдік сусындарды ішу ұсынылмайды. Тіпті, бір ғана ережені сақтағанның өзінде бұл сізге денсаулығыңызды сақтап қалуға көмектеседі. Баршамызға белгілі болып отырғандай, адамдардың үлкен пайызы дәл осындай мерекелік күндері мас күйінде өздеріне және айналадағыларға зиян келтіреді. Жақсы жаңажылдық шешім ретінде – алкогольді барынша азырақ тұтыну болып келеді.

Сондай-ақ оқу Аяз Атадан аяу-рақым сұрайық Айсұлу Әзімбаева, Әсел Баяндарова және Сергей Мазур Жаңа жылды қалай қарсы алады?

Емдегеннен гөрі алдын алған оңай

Сонымен таңертең болатын бас ауруы мен дімкәстіктен аулақ жүрудың жолы қандай?

Ас қабылдау: алкогольді ішімдіктерді тұтынудың алдында жақсылап тамақтанып алған дұрыс. Асқазандағы тамақ алкогольдің сіңірілуін бәсеңдете отырып, оның ықпал етуін жеңілдетеді. 

Араластырмаңыз: кеш бойына спирттік ішімдіктің тек бір түрін ғана ішіңіз. Сусындардың «градусын арттыра» отырып, келесі күні болатын мастық салдарының алдын алуға болады деген кеңінен таралған пікір баршылық. Ғылым тұрғысынан қарайтын болсақ, мұндай тұжырымның ешқандай да негіздемесі жоқ: бұл жай ғана әртүрлі химиялық құрауыштарды араластыру болып келеді, әрі оның нәтижесі интоксикацияға әкеліп соқтырады.

Ақшыл сусындар: Браун университетінің ғалымдары анықтағандай, алкогольдік сусынның түсі неғұрлым күңгірт болса, оның адам ағзасына деген әсері де соғұрлым күштірек болады екен. Бұл ашыту ерекшеліктеріне байланысты болып келеді, соның нәтижесінде мастықтың деңгейін күшейте түсетін биологиялық құрауыш бөліктер түзіледі. Сондықтан анағұрлым ақшыл сусындарға көңіл аудару ұсынылады.

Ал егерде сіз сонда да мастықтың салдарына тап болсаңыз, онда сұйықтықты көбірек ішуді, әрі бұрыннан таныс «Полисорб» немесе «Энтеросгель» (жеке тексеруден өткен) қабылдауды ұсынамыз.

Көңілсіз кеш

«Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, жыл бойы солай өтесің» деген әйгілі мақалда айтылғандай, мерекелік ас мәзірі туралы ғана емес, сонымен бірге кешке арналған бағдарлама туралы да алдын ала ойластырған абзал. Жаңажылдық ойын-сауық түрлерінен тек теледидардан көрсетілетін концерттер мен келген қонақтарыңыздың стандартты тосттары және күлкілі әңгімелері ғана болса, шыны керек, бұл өкінішті жайт. Сондықтан сіздерге костюмді кеш ұйымдастыруды ұсынамыз. Өйткені Қытай күнтізбесі бойынша 2024 жылдың иесі – жасыл ағаш айдаһар да осыған оң көзімен қарайды. Айдаһар жылы таңдамашылдық және молшылықпен байланыстырылады, сондықтан Жаңа жылға арналған киіміңіз де осы көңіл-күйге сәйкес келуі маңызды. Ал алдағы Жаңа жылға арналған түстерге келер болсақ, бұл жерде де кеңістікті безендіру кезінде қолданылатын ережелер сақталады. Астрологтардың айтуынша, бұл кештің негізгі реңктері — жасыл, қызыл және алтын болып сналады. Сонымен қатар әртүрлі аксессуарларды, әсіресе алтын түсті әшекейлерді пайдаланудан тартынбаңыздар.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

4
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз