Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
  • Басты бет
  • Адамдар
  • Тамақтан кейінгі темекі:10 есе «дәмдірек» пе,әлде 10 есе зияндырақ па?
Редакция ұсынады

Тамақтан кейінгі темекі:10 есе «дәмдірек» пе,әлде 10 есе зияндырақ па?

Неліктен тамақтан кейінгі темекі өлімге әкелуі мүмкін және осы жаман әдеттің зиянын қалай төмендетуге болады

Адам тойып тамақтанғаннан кейін, әдетте ұйқышылдықты сезінуі мүмкін. Сондықтан көбі серігіп алу мақсатында, әрі бұл ас қорыту үдерісіне көмектеседі деген сеніммен бір шыны шай ішіп алады немесе темекі тартатын көрінеді. Алайда бұл әдеттердің пайдасынан гөрі зияны көбірек болып келеді, әрі тамақтанудан кейін олардан аулақ болған жөн. Осы мақалада диетолог маманы Алмагүл Ержекенова неліктен тамақтан кейін темекі тартуға болмайтындығы мен мұның зиянын қалай азайтуға болатындығы туралы айтып береді.


Ас қабылдаудан кейін не болады?

Баршамыз білетіндей, тамақтанғаннан кейін бірден істеуге болмайтын белгілі бір әрекеттер бар. Ұйықтау, шай ішу және темекі тарту туралы жоғарыда айтып өттік, осы әрекеттерге жүзуді де қосуға болады. Дегенмен, егер алғашқы үш әрекет салдарынан жайсыздық сезімінің пайда болатындығы айқын болса, тамақтан кейінгі темекі тарту жағдайында – керісінше. Бұл әдет, бұл рәсім, бұл «ерекше ләззат» – деп барлық дерлік шылымқұмарлар сендіріп жатады. Олай болса, бәрін де анықтап көрейік.

Сіз ас қабылдаған кезде ағзаңызға тамақты қорытуға тура келеді, яғни, бұл дегеніміз ол тамақты адам ағзасы сіңіре алатындай пішінге келтіреді. Тамақты аузыңызға салған бойдан ас қорыту үдерісі басталып кетеді екен. Сілекей ферменттері осы үдерісті іске қосады. Асқазан тағамды химус деп аталатын жартылай сұйық массаға айналдырады да, дәл аш ішекте сіңіру үдерісі басталады. Тамақ асқазанның ішінде шамамен 4 сағаттай қала береді, содан кейін тағы 3-4 сағат аш ішекте болады.

Тамақтан кейін темекі тартсаңыз, не болады?

Мына бір нәрсені анық айта аламыз: егер сіз тамақтанғаннан кейін шылым шексеңіз, тамақпен келетін қоректік заттардың ағзаңызға толықтай сіңуі екіталай. Ұзақмерзімді болашақта бұл ағзадағы микроэлементтердің жеткіліксіздігіне әкеліп соқтыруы ықтимал. Сонымен қатар ас қабылдағаннан кейін болатын дене температурасының көтерілуіне байланысты темекі тарту негізгі ақуыз бен бикарбонаттың секрециясын тежейді де, бұл барлық тіндердің жылдамдатылған қартаюына негіз болады.

Осыған дейін айтылғандай, ас қорыту үдерісі тамақты жей бастаған кезде-ақ басталады, ал қоректік заттардың сіңірілу үдерісі аш ішекте басталады. Дегенмен тамақтанудан кейін адам ағзасындағы абсорбацияның (яғни, заттардың сіңірілуі) жылдамдығы бірнеше есе арта түседі. Ас қорыту жүйесі тұтас ағза бойынша дерлік жұмыс істейді, әрі тамақ қабылдаудан кейін ол өте белсенді бола түсетіндігіне байланысты никотин, тұншықтырғыш газ және темекідегі басқа да заттектер қан құрамындағы оттегімен байланысады. Сондықтан ағза темекідегі никотин мен қалған барлық 6000 уытты заттекті әдеттегіден гөрі айтарлықтай жылдам және әлдеқайда көп мөлшерде сіңіреді.

Сондай-ақ оқу Темекі тарту зат алмасуға қалай әсер етеді? Дәрігер Алмагүл Ержекенова айтып береді

Тамақтанудан кейінгі темекі тартудың нәтижесінде түзілетін бос радикалдардың бөлініп шығуы салдарынан ішек және басқа да ішкі мүшелер жиі зақымдалады. Сонымен бірге шылым шегу асқазан мен жіңішке ішектің тікелей зақымдануын, асқазан-ішек жолдары функциясының бұзылуын, өт секрециясының жоғарылауын тудыруы мүмкін, сондай-ақ іштің ауыруы және өзге де симптомдардың тез пайда болуына жағдай жасайды.

Ғалымдардың пайымдауынша, ас қабылдаудан кейінгі темекі тарту әдеті ішек және өкпенің қатерлі ісігінің даму ықтималдылығын бірнеше есе арттыра түседі. Сонымен қатар зерттеулер растап отырғандай, осындайда тамақтан кейінгі темекінің бір данасының өзі бірден шегілген он темекіге татитын зиянды келтіреді екен. Соңғы жайттың қорқынышты екендігі рас.

Зиянды төмендетудің жолы қандай?

2023 жылы Қазақстандағы халықтың ересек тұрғындарының арасында 19,4% (2022 жылы – 20,4%) темекі тартқан, соның ішінде ер адамдар 36%-ды құраса, әйелдер 8,5%-ға жеткен. Шылымқұмарлардың барлығы да тамақтан кейін темекі тартқылары келетіндігімен келісетіні хақ. Тіпті, темекі шегуден бас тартуға ұмтылып жүрген адамдардың өздері де дәл осы тамақтанғаннан кейін шылым шегуге деген құлшыныстың ерекше бақыланбайтындығын байқап отырады, әрі ақыр аяғында, тіпті, көптен бері шыдамдылық танытып жүрсе де, темекіні тұтатып тарта бастауы бек мүмкін. Бір қызығы, ас қабылдаудан кейін бірден темекі шегу әдетінен бас тарту жалпы темекі шегуден біржолата құтылудың әлдеқайда жоғары ықтималдылығын көрсетті. Демек әрбір шылымқұмар түскі немесе кешкі астан кейін уақыт созудың қандай да бір әдіс-тәсілдерін ойлап табуы керек екен, сонда ол темекі шегуден болатын зиянды төмендетіп қана қоймай, сонымен бірге күндердің күнінде шылым шегуден мүлдем бас тартуға деген өз мүмкіндігін арттырады. Ең қарапайым нұсқалар – тамақтанудан кейін кем дегенде 20 минутқа көңіліңді басқа нәрсеге аудару және/немесе түтін шығармайтын балама нұсқаларға ауысу. Осы уақыт аралығы ас қорытудың алғашқы белсенді толқынына тыныштануға жағдай туғызады, ал темекіні қыздыруға арналған жүйелерге ауысу зиянды төмендетуге мүмкіндік береді, әрі кәдімгі темекінің түтінінде кездесетін 7000 уытты және канцерогенді заттектердің ағзаға жеткізілмеуіне септеседі. Алайда өзіңіздің денсаулығыңыз үшін қабылдай алатын ең жақсы шешіміңіз – бұл темекі шегуден біржолата бас тарту екендігін есте сақтағаныңыз жөн.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

5
2
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз