Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Темекі тарту және қартаю арасында қандай байланыс бар?

Генетик ғалымы және қартаюдың зерттеушісі Александр Коляда әңгімелейді

Темекі тарту және қартаю арасында қандай байланыс бар?: Генетик ғалымы және қартаюдың зерттеушісі Александр Коляда әңгімелейді

(Читайте интервью на русском языке здесь)

Гендер – бұл біздерді айырықша ететін жасушаларымыздағы нұсқаулықтар. Олар сыртқы келбетімізді және денеміздің қалай жұмыс істейтінін басқарады. Қазіргі әлемде генетикке негізінен денсаулыққа байланысты қауіп-қатерлер туралы сауалдар бойынша жүгінеді. Сонымен қатар адамдардың көпшілігін жаман әдеттер, соның ішінде темекі тарту әдетінің тұқымға деген әсері алаңдатады.

Темекі тарту қандай қайтарымсыз салдарға әкеліп соқтыруы мүмкін? Темекі тарту келесі ұрпақтарға қалайша әсер етеді? Осы және басқа да сұрақтарға PhD, генетик және қартаюдың зерттеушісі Александр Коляда жауап берді.

Темекі тарту және ерте қартаюдың арасында қандай байланыс бар?

Бәріміз білетіндей, темекі тарту – ең көп таралған жаман әдет. Әлбетте, ол қартаюға өте қатты әсер етеді. Біздер XXI ғасырда өмір сүре отырып, атам заманғы бір оттың түтінімен дем аламыз да, оны қалтамызға салып жүреміз. Шыны керек, шылымқұмарларда жылдамдатылған қартаю үдерісі болатыны туралы деректер бар. Олардан әртүрлі биоматериал алынған болатын, әрі барлық зерттеулер көрсеткендей, шын мәнінде темекі тарту қартаю үдерісін тездетеді, тіпті, айтарлықтай жылдамдатады екен. «Өтілі» жоғары шылымқұмарлардың биологиялық жасы шамамен 10, 15, 20 жасқа дейін жоғары келеді. Яғни, олар өздерінің күнтізбелік жасынан әлдеқайда ересек болады. Әрі өз денсаулығыңыз үшін қолыңыздан келетін ең пайдалы нәрсе – темекіден бас тарту. Немесе темекі шегудің салдарынан болатын зиянды төмендетуге көмектесетін әртүрлі әдістер бар.

Темекі тартудың қайтарымсыз салдары қандай болуы мүмкін?

Темекі тартудың зияны жану үдерісінің нәтижесінде пайда болатын түтінмен дем алатынымызға тікелей байланысты. Осы түтіннің құрамында өте зор мөлшердегі, яғни, мыңдаған заттектер кездеседі, әрі олардың барлығы да өсімдіктердің жану үдерісінің өнімдері болып саналады. Бұл тұста көпшілік ойлағандай, мәселе темекінің өзінде емес. Кеңінен таралған бір пікір баршылық: «никотиннің бір тамшысы жылқыны өлтіреді», яғни, никотин зиянды. Шын мәнісінде, никотин – бұл дәрілік зат. Ол, тіпті, кейбір ауруларды емдеуде қолданылады. Әлемнің кейбір дәріханаларында оны сатып алуға да болады, алайда оның зияны негізінен тек қана тәуелділікті тудыруында жатыр. Осы тұста никотинге деген тәуелділіктің пайда болуы оп-оңай.

Бірінші болып, әлбетте, өкпеміз зардап шегеді, өйткені оны ешкім қорғамайды. Егер адамның терісі эволюциялық түрде қалыптасқан көптеген қорғаныш қабаттардан тұрса, табиғат біздің жану өнімдерімен осыншама қарқынды тыныс алатынымызды ешқашан «ойламаған». Осыдан кейін барып, әрине, бұл заттектер қанымызға сіңіп кетеді. Содан кейін бауырға қатысты түйткілдер де басталады. Дегенмен, біз осы салдарды ең алдымен шылымқұмарлардың терісінен көріп отырамыз. Шылымқор терісі деген ұғым бар – ол анағұрлым сарғыштау келеді, әрі әжімдер де көп кездеседі. Бұл металлопротеиназаның белсенділігімен байланысты, бұл коллаген синтезімен, және де эластин синтезімен байланысты болып отыр. Адам темекіні жиі тартқанда, әрине, осы үдерістердің барлығы да айтарлықтай төмендей түседі. Темекі түтінінің құрамындағы ең зиянды заттектердің бірі – шайыр болып саналады. Осыған дейін айтқанымдай, бұл жалғыз заттек емес, олар өте көп.

Темекіні қыздыру құралдары – темекі тартудың баламасы ма?

Өкінішке қарай, бұл жерде сарапшылардың пікірлері бөлініп кетеді. Темекіден арылудың жолы қандай? Мұның екі тәсілі бар. Оның бірі – темекі шегуден қатаң түрде бас тарту. Бұл жерде бар ерік-жігеріңізді салып, шылым шекпеу үшін бар күшіңізді салуға тура келеді. Алайда ерік-жігер адамның ең сенімсіз қасиеттерінің бірі екендігін білеміз. Егер де біз оған көп міндет артып қойған болсақ, мәселен, тәттіден бас тарту, темекі шегуден де бас тарту, хикаяларды қараудан да, бұл дүниенің басқа да рахаттарынан бас тартуды жүктеп қойсақ, оның бәріне де шамасы келмей қалып, белгілі бір жаман әдеттерге ақыры оралатын боламыз. Екінші жол бар – бұл әртүрлі баламалар арқасында зиянды төмендету жолы. Бұл дегеніміз, дүниеде көптеген ләззаттардың бар екендігін біле тұра, мегаполисте өмір сүріп жатқанымызды түсіне отырып, әрі салауатты өмір салтының мінсіз ұстанушылары бола алмайтынымызды мойындай келе, дегенмен, шын мәніндегі ненің зиянды екендігін ұғынып, оныі әсерін барынша төмендетуге тырысып, өмірдің кейбір рахаттарын өзімізге қалдыру. Мәселен, құрамында қанты бар өнімдер туралы сөз қозғағанда, оның салауатты баламасы болып саналатын қант алмастырғыштардың бар екендігін білеміз, олар – аспартам, стевия. Ал темекі туралы айтар болсақ, мұнда да түтін шығармайтын балама құралдар баршылық, олар темекі бұйымдарында болатын зиянды заттардан (шайыр, басқа да жану өнімдерден) құтылуға көмектеседі де, дегенмен, әзірге толықтай бас тартуға дайын емес біздер үшін никотиндік құрауышты қалдырып отыр.

Жас қалпында қала беруді қалайтындар үшін кеңестеріңіз.

Жалпы алғанда ұзақ өмір сүрудің құпиясы өте қарапайым: бәрін дұрыс істеу керек. Бар болғаны дұрыс дегеннің не екендігін түсіну ғана қалып отыр. Мұнда әдетте дұрыс тамақтану, салауатты өмір салты және сапалы ұйқы туралы айтылады. Дұрыс тамақтану – бұл ұзақ өмір сүруге бағытталған тамақтану. Бұл тамақтану рационыңыздың негізін көкөністер құрап, жасұнықтың көп болғанын меңзейді, мұнда ет болуы мүмкін, не болмаса болмауы да мүмкін, бірақ оның көп болмағаны жөн, әрі бұл жерде аптасына екі рет балық тағамдары болуы керек. Сондай-ақ сүт тағамдарын, қантты, тұзды шамадан тыс тұтынбаған маңызды. Баршамызға белгілі, көп жасау үшін көмектесетін тамақтану, бұл шамамен жерортатеңіздік типтегі тамақтанудың айналасындағы тағамдар болып саналады. Сонымен қатар осыған дұрыс әдеттеріңіз де байланысты: яғни, пассивті өмір салтын ұстанбау, қайта кем дегенде, күніне 80 минуттан жаяу жүру. Ұйқы да маңызды рөл атқарады. Сіз 7-9 сағат ұйықтау керектігі туралы білесіз, сіз өз нормаңызды білесіз, әрі оны қадағалап жүруге тырысасыз, яғни, сіздің өміріңізде реттілік бар болса, ол циркадты гендердің жұмысына ықпал етеді, ал олардың қартаю үдерісімен байланысы өте мықты. Бәрін уақытында жасау, бір мезгілде ұйқыға жату, бір мезгілде ояну. Сенбі және жексенбі күндері түске дейін ұйықтамауға тырысып, ал жұма күні әдеттегі уақыттан бес сағатқа кешірек жатпағаныңыз абзал. Бұл шын мәнінде ұзақ өмір сүру «диірменіне» тамшылағандай әсер етеді. Молекулярлық жолдардың өте кішкентай, әрі жұп-жұқа жіптері арқылы жасушаларға ұзағырақ сүруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқу Темекі тарту жүрегіңізге қалай әсер етеді? Кардиохирургпен сұхбат

Темекі тартатын адамдар әлдеқайда тез қартаяды ма?

Адамның қартаю жылдамдығын арттыратын бірінші нәрсе – бұл, әрине, жаман әдеттер болып саналады. Ал шылым шегу бұл жерде тағы да бірінші орында тұр. Біздер байқап отырғанымыздай, темекі тартатын адамдарда қартаю үдерісі шамамен екі есе қарқынды түрде жүріп жатады. Дегенмен, бәрі де алғаш көрінгендей соншалықты жаман емес. Адамдар зиянсыз балама нұсқаларға көшкен кезде немесе темекі тартудан мүлдем бас тарқанда, оларда мына бір үдеріс – қартаюдың жылдамдауы бәсеңдейді екен. Яғни, олар ақырындап өз нормаларына қайтып оралады. Адам темекіден неғұрлым ертерек бас тартса, оң нәтиже соғұрлым жақсырақ болады. Шын мәнісінде, тарихқа үңіліп жүгінер болсақ, адамның отпен «достасқанына» көп уақыт болмағандығын түсінеміз. Шамамен осыдан бірнеше миллион жыл бұрын ғана біз отты бірдеңе етіп «қолға үйрете» бастаған болармыз. Ал табиғат осыншама қысқа уақыт аралығында (ал табиғат үшін миллиондаған жылдар – бұл өте-мөте аз мерзім) қасымызда үнемі орын алатын жану салдарынан қорғайтын механизмдерді адам ағзасында қалыптастырып үлгермеді. Темекі тарту туралы сөз еткенде, бұл жердегі ең залалды нәрсе никотин емес, түтінді шығаратын жану үдерісі болып саналады. Кейде зиянды төмендету жолымен жүрген абзал, бір жағынан, никотиннің үлесін азайтқан жөн. Дегенмен, бірінші кезекте жасай алатынымыз, кем дегенде, сол зиянды барынша азайту және темекімен үнемі бірге жүретін зиянды заттектері болмайтын никотинді алудың басқа бір көзіне ауысқан дұрыс. Белгілі бір балама нұсқаның әрдайым бар екендігін түсіну керек. Темекіні никотин жеткізуші басқа көздерге ауыстыруға мүмкіндік беретін алуан түрлі нұсқалар бар. Никотиндік жабыстырғыштардан бастап, әртүрлі түтінсіз құрылғыларға дейін, мұнда жану үдерісі болмайды, мұнда аэрозоль шығарылады және кәдімгі темекінің жану үдерісі кезінде пайда болатын зиянды өнімдер мөлшерімен салыстырғанда, осы балама нұсқаларда олар әлдеқайда азырақ болады. Әрине, бұл жерде кең таңдау баршылық. Анағұрлым зиянды, зияны төмендеу, орташа зиянды өнімдер. Сол себептен адам әрқашан таңдау жасай алады. Демек, бұл жерде темекі тарту біздер тұтынып жүрген жану үдерісінен кейінгі басқа өнімдерден еш ерекшеленбейтінін ұғыну керек. Мысалы, Риганың шпроттары турасындағы әйгілі әңгіме бар. Рига шпроттарының бір құтышасы құрамындағы пиролизаттар, әртүрлі шайыр мен жану өнімдерінің мөлшері бойынша адам шегетін он темекісіне тең. Бұл дегеніміз сіз осы заттектерді өкпе арқылы емес, осы шпроттарды жей отырып, ағзаңызға түсіресіз. Бұл шпроттарға қатысты әртүрлі елдерде көптеген өзіндік нюанстары бар. Олар көптеген мемлекеттердің импорттық стандарттарына сәйкес келмейді. Себебі, шын мәнісінде, олар денсаулыққа қатты зиян келтіретін акцизделетін тауарлар тізіміне әлдеқашан жатқызылуы тиіс еді.

Темекі тарту келесі ұрпақтарға әсер ете ме?

Темекі тартудың салдары расында да ДНҚ-ға әсер етуі мүмкін. Иә, шылым шегетін адамдарда қатерлі ісікпен ауырып қалу қаупі жоғары болады. Дегенмен, олар осы қатерлі ісік қаупін келесі ұрпақтарға бермейтінін түсінген абзал. Ол сол пайда болған ұрпақта қалады. Шыны керек, темекі тартатын адамдарда аналық жасушаның сапасы мен шәуеттің сапасы анағұрлым төмен. Әрі бұл олардың жүкті болуына және отбасының балалы болу мүмкіндіктерін азайтады. Алайда шылым шегудің сарғыш тартқан тері мен сары тіс, нашар өкпе секілді салдары келесі ұрпаққа берілмейді – бұл жол эволюция үшін жабық. Дегенмен, балаларымызға бір нәрсені қалдыра аламыз. Тәуелділіктерге деген бейімділік беріледі екен. Бұл расында да бір жағынан генетикаға негізделген болып саналады. Оны зерттеудің өзі өте қызық. Шын мәнісінде, адамның рахатты іздеуге деген ықыласы, алкоголь арқылы болсын, никотин арқылы болсын, ойынқұмарлық немесе белгілі бір дәрі-дәрмектер арқылы болсын – ол генетикалық негізге ие және келесі ұрпақтарға берілетіні рас. Бұл бір жағынан жақсы нәрсе емес, өйткені балаларыңыз белгілі бір тәуелділкке тап болуы мүмкін. Ал екінші жағынан, мұны пайдаға асыруға болады. Өйткені дәл осы тәуелділік жақсы бір дүниелерге байланысты болуы да мүмкін. Дәл осы гендер балаларды өмірдегі белгілі бір драйвқа және белгілі бір нәрсеге деген әуестікке бейімдейді.

Александр Колядамен жүргізілген толық сұхбатты Plus On YouTube-арнасынан тамашалаңыздар, бұл өмірдің қосымша 10 жылға дейінгі уақытын сақтап қалу туралы жобасы.

Корректор Елена Залевская
Дизайнер Қуаныш Жұбандықов
Редактор Александр Молодой

Понравилась ли вам статья?

2
4
5

Тақырып бойынша тағы оқыңыз