Осы өмірді басқалардан гөрі жақсы білетін жұрттың баласы туралы әйгілі хикаялардан бөлек, сол жұрттың өзі, мәселен, анаңыздың құрбысын алайық, былтыр темекіден бас тартып, содан семіргені туралы аңыз-әңгімелер халық аузында жүр. Біреудің жаман әдетінен арылып, соның салдарынан артық салмақ қосқаны жайындағы әңгімелер кешкі алау оттың айналасында отырып айтылатын қорқынышты ертегілер секілді ауыздан-ауызға тарап жүр. Шылымқорлар арасындағы ең үлкен қорқыныштардың бірі – зиянды әдетінен бас тартқан соң семіру. Сол себептен таңғы ас кезіндегі, кейде тіпті, түскі ас барысында да кофе ішу және темекі тарту тамақтанудың үйреншікті үлгісіне айналады. Шынында да, шылым шегу мен дене бітімі сұңғақтығының арасында белгілі бір байланыс баршылық. Темекінің дене бітіміне әсері бар ма екендігін, ал егер бар болса, шылымнан бас тартқаннан кейін семірмеудің амалдарын анықтайық.


Аударған: Рита Сәрсенова