Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Ересектер өз балаларына темекі тартуға қалай үлгі береді

Улы үлгі


«Ашықтан-ашық темекі тартатын» ата-аналардың ортасында тәрбиеленетін бала еріксіз түрде пассивті шылымқұмарға айналады. Оның табиғи қорғаныс тосқауылы бұзылғандықтан, ол бүкіл темекі түтінін деммен бірге жұтып, әрі осы шылымның барлығын ата-анасымен бірге өзі шеккен секілді болады. Ересектердің өз балаларына темекі тартуға қалай үлгі беретіні туралы және мұнымен не істеуге болатынын анықтап көрейік.

Қазіргі таңда салауатты өмір салты қанша жерден «сәнге» айналғанына қарамастан, темекі тартқысы келетін адамдардың саны азаятын емес. Жыл сайын шамамен 8 миллион құлпытастың бетінде эпитафияның орнына – «темекі құрбаны» деген жазуды қалдыруға болады. 8 миллион! Бұл әрбір 4 секунд сайын бір құлпытастан қою дегенді білдіреді. Бұл ЖИТС, теміржол, әуе және көлік апаттарының салдарын бәрін бірге қосқаннан да көп... Әрі осы статистикадағы ең өкінішті жайт – никотинге әуестенгендердің арасында балалар мен жасөспірімдер көптеп кездеседі. Ал бұған көбінесе сол балалардың өз ата-аналары кінәлі болып шығады. Психологтар балалар мен жасөспірімдердің ауыздарына темекі салатындарының бірнеше себебін келтіреді: қызығушылық, құрдастарының мысалы, сәнсіз болып көрінуден қорқу, кино және теледидардың ықпалы, пір тұтатын тұлғаларына ұқсауға тырысу және, ең бастысы, темекі тартатын ата-ананың үлгісі. Әрі ата-ананың баласына тастаған «Темекі тартасың ба, жоқ па, оны ересек болғаныңда шешесің» деген секілді нақыл сөздері бұл жерде орынсыз – өйткені, балалар өздерін «ересек» ретінде 5-7 жасынан-ақ санай бастайтындарын ескерген жөн. Тиісінше, шамамен 12 жасқа қарай, одан қалса, тіпті, 14 жастағы балаңыз өзі үшін бәрін де бұрыннан шешіп қойғаны айдан анық. Қалай болғанда да, әйтеуір ол кезде бала солай деп санайды.

Әйтпегенде, үй ішінде «түтіндетпеу» деген секілді нұсқаны қарастырсаңыз да әбден болады. Немесе тағы бір шешім ретінде никотинді тұтынудың түтін шығармайтын жүйелеріне ауысу нұсқасы болуы мүмкін: электронды темекі немесе темекіні қыздыруға арналған жүйелер. Ғылыми мағлұматтарға сүйенетін болсақ, осы құралдарды қолданған кезде бөлініп шығарылатын темекі аэрозолінің құрамында, әдеттегі темекі түтініне қарағанда, улы заттар 90–95% төменірек болады.

Сондай-ақ оқу Шылым шегу және бедеулік Темекіні түтіндету әдеті ата-ана атану мүмкіндігін қалайша азайтады

Әрбір ата-ана мынаны жете түсінуі тиіс: 7 жасқа дейінгі баланың ағзасы темекі түтінінің иісін негативті қабылдайды – бұл улануға және осының салдарынан пайда болатын ыңғайсыздыққа деген табиғи биологиялық қорғаныстың көрінісі болып саналады. Бір сәт ойланып көріңізші: темекі тартпайтын адам үшін шылым шегілген бөлмеде 1 сағат бойы болу 4 темекіні тартып шығуымен тең. Ал егер ағзаның енді-енді дамып келе жатқанына байланысты балалардың тыныс алу жиілігі жоғары болатындығын назарға алатын болсақ, онда олар үшін пассивті темекі тарту әлдеқайда қатты әсер ететіндігін ұғынамыз (яғни, енді 4 емес, 10 темекі!), әрі темекі түтініндегі улы заттектер балалардың ағзасында анағұрлым ұзақ уақытқа дейін сақталады. Осының нәтижесінде – денсаулыққа қатысты түйткілдер пайда болады. Мұндай бала бронхит, өкпенің қабынуы, менингит және, тіпті, демікпе, құлақ инфекциялары, аллергия секілді дерттермен оңай ауырып қалуы мүмкін, сондай-ақ психикалық дамудың тежелуі және психологияық мәселелер де жиі кездеседі, соның ішінде асқан белсенділік, мазасыздық, ұйқының бұзылуы... Сонымен қатар есте сақтау қабілеті мен зейін қоя алудың төмендеуі, көру қабілетінің нашарлауы, ауыз қуысының аурулары және тісжегі пайда болуы әбден мүмкін.

Нарколог мамандарының есептеулеріне сәйкес, жасөспірімнің 12 жасқа қарай темекі тартуға деген тәуелділігінің туындау ықтималдылығы келесідей: егер отбасыда кем дегенде бір ата-ана темекі тартса – 40%, ал егер ата-ананың екеуі де тартса – 80% болмақ. Медицина ғылымдарының докторы Даррен Мэйз бастаған Джорджтаун университеті медициналық орталығының ғалымдары да дәл осындай дерлік қорытындыға келген. Олар 12–17 жас аралығындағы 406 жасөспірім мен олардың ата-аналары арасында сауалнама жүргізген. Сауалнама бастапқы кезеңде және 1 жыл және 5 жыл өткеннен кейін өткізілген. Жеткіншектерді мынадай: «ерте бастаған» тұрақты темекі тартушылар (6%), «ерте бастаған» экспериментшілер (23%), «кеш бастаған» экспериментшілер (41%) және темекі тартпайтындар (30%) секілді төрт топқа жіктеуге мүмкіндік берген нәтижелер 2014 жылы «Pediatrics» журналында жарық көрген.

Сонымен бірге бейресми статистика да баршылық, оған сәйкес бүгінгі таңда бала басқа бір жерлерде жасырынып жүрмей-ақ, керісінше, ыңғайлы жағдайда, өз үйінде отырып, яғни, ата-анасының үйден тыс жерде болған кезде, әрі үйде темекінің бар болуының арқасында өзінің алғашқы тәжірибесін алады екен.

Не істеуге болады?

  • Мүмкіндігінше балаңызға «улы» үлгі көрсетпеу. Бұл ең тиімді тәсіл екендігі сөзсіз. Дегенмен, жаман әдеттердің зияны мен «тыйым салынған жемістердің» еліктіру күші жайында, соның ішінде темекі тартудың залалы турасында профилактикалық әңгімелердің де пайдасы аса зор. Ең бастысы, осы тұста дұрыс дәлелдерді таңдай білу керек. Сонымен бірге осындай әңгімелерді 3-4 жастан бастап жүргізген абзал. Тек ақыл айта беру мен жаза қолданудан гөрі қарапайым сырлы әңгіме-дүкен құру әлдеқайда жақсы нәтиже берері хақ. Бұл жерде «қамшылау» саясаты, тіпті, қарама-қарсы әсер беруі де әбден мүмкін. Баланың назарын жаман әдеттен басқа нәрсеге аударудың маңызды факторы ретінде оның спортқа, музыкаға, өнерге және т.б. ермек істерге деген әуестігі бола алады, әрі бұл балақайдың өзін-өзі бағалауын арттырып, өзін кем сезінудің дамуына өзіндік бір тосқауыл болып, өзінің басымдықтарын сауатты түрде жайғастыруға септігін тигізеді және «сәнді» қуалау үшін оған уақыт қалдырмайтыны анық.
  • Дегенмен, егер отбасыда ата-ананың бірі темекі тартатын болса... Егер ересек адам үшін қысқа мерзім ішінде жаман әдетінен бас тарту мүмкін болмаса, онда кем дегенде баласының көзінше шылым шекпеуге тырысқаны және үй іштегілерді темекі тартудың салдарынан барынша оқшаулағаны дұрыс. Яғни, үй ішінде «түтіндетпегені» абзал.
  • Никотинді тұтынудың түтінсіз жүйелеріне ауысу нұсқасын қарастыру. Жоғарыда айтып бергеніміздей, электронды темекі немесе темекіні қыздыруға арналған жүйелер бүкіл пәтердің ішін түтіндетіп жібермеу мақсатында және өзіңіздің туған-туыстарыңызға зиян келтірмеуіңіз үшін жағдайды едәуір жақсарта алады. Осы мәселені егжей-тегжейлі зерттеуге де болады. Бұл жерде сізге «Шылымқұмар темекіден бас тартып, ТҚЖ-ға ауысады» атты материалымыз көмекке келуі мүмкін. Біздің кейіпкерлеріміздің бірі осындай экспериментке атсалысуға келісімін беріп, әрі күнделік түрінде өз әсерлерімен бөліскен еді.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

1
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз