Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Аңыз: кейбір шылымқұмарлар қаусап қартайғанға дейін өмір сүреді

Неліктен кейбір қарт адамдар темекі тартады да, 80 жасқа дейін өмір сүреді? Осыны анықтайық

Аңыз: кейбір шылымқұмарлар қаусап қартайғанға дейін өмір сүреді: Неліктен кейбір қарт адамдар темекі тартады да, 80 жасқа дейін өмір сүреді? Осыны анықтайық

«Темекіні бұрыннан тартамын, темекі тартып жүрмін және бұдан бас тартуға ниетім жоқ» деген секілді ұстанымға берік болып жүрген әрбір шылымқордың темекі шегуді жақтаудың дараландырылған дәлелі болады. Әлгі бір «Мырқымбай ағай паровоз сияқты бұрқылдатып, 100 жасқа дейін өмір сүрген». Зерттеушілермен бірге шылым шеккен әрі ұзақ жасаған кісілердің хикаяларын қарастырып көрелік.

Жерортатеңіздік диета

«Олардың көбісі темекі тартады да, әрі спортпен айналысып жүргендерін немесе тамақтануда шектелгендерін сирек көруге болады»

Осыдан бірнеше жыл бұрын Римдегі Сапиенца университеті және Сан-Диегодағы Калифорниялық университеттің медициналық сарапшылары мен ғалымдарының тобы италиялық Аччароли балықшылар ауылының әкімінен сол жерде тұратын егде жастағы адамдарды зерттеуге рұқсат алған болатын.

Зерттеушілерді осы аймақтағы ұзақ өмір сүрушілердің айырықша үлкен пайызы қызықтырған: сол кезде Аччаролиде 100 жастан асқан 300-ге жуық зейнеткер болған екен. 

Зерттеу барысында осы ауылда ұзақ жасаған кісілер санының жоғары пайызы ғана емес, сонымен қатар тағы бір таңқалдырарлық жайт, атап айтқанда жүрек аурулары және Альцгеймер ауруының таралу деңгейінің төмен екендігі де анықталды.

Сонымен бірге ұзақ өмір сүрушілердің басым бөлігі темекі тартатындары, спортпен шұғынданбайтындары және берекелі дастарханнан бас тартпайтындары да айқындалды. Бұл ауылдағы тұрғындардың ұзақ жасау қағидаты олардың өмір сүру салтының арқасында емес, керісінше, соған қарсы қалыптасқан секілді көрінеді.

Дегенмен ғалымдар оңтайлы факторларды белсенді түрде іздестіруді жалғастыра берді (әлбетте, олар ғалымдар ғой), әрі нәтижесінде келесідей тұжырымдарға келеді:

  • ауыл тұрғындары өмір бойы тұрақты физикалық белсенділікпен айналысқан. Олар ондаған жылдар бойы теңізде және егіс даласында жұмыс істеген. Ал қартайған шақтарында көп жаяу жүру мен велосипед тебуді жалғастыра берген;
  • «жерортатеңіздік диета», яғни, жаңа ауланған балықтың көп мөлшері, жоғары сапалы жергілікті зәйтүн майы, тағамдардың құрамындағы көкөністер мен жабайы өсетін шөптердің зор үлесінен тұратын ерекше тамақтану, зерттеушілердің пайымдауынша, бұл өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына әсер етуі әбден мүмкін;
  • нағыз сиқырлы ингредиент – гүлшетен табылғаны хақ, жергілікті тұрғындар оны тамаққа әдеттен тыс көп мөлшерде қосады екен. 

«Бұл жерде гүлшетен кеңінен таралған өсімдік, әрі оның ұзақ өмір сүруге ықпал ететін метаболизмдік артықшылықтары бар екендігі дәлелденген дерек, сондықтан бұл біздердің назар аударып отырған басты факторлардың бірі болып саналады»,дейді Римдегі «Сапиенца» университетінің ішкі медицина профессоры Сальваторе Ди Сомма.

Гендердің «қорғаныс» түрлендірмелері

«…Аптасына екі фунт шоколад жейтінмін, көп мөлшерде портвейн ішетінмін, әрі 21 жасымда темекіні тарта бастағанмын», – деген сөздерді өткен ғасырдың 90-шы жылдарында дүниежүзіндегі ең кәрі адам болып саналған және 122 жасында қайтыс болған франциялық әйел Жанне Кальман әдетте өзінің ұзақ өмір сүруінің себептері туралы сауалға жауап ретінде алға тартатын. Ол өзінің үш қасиетімен белгілі болған: оның әзілқойлығы, велосипед тебуге деген сүйіспеншілігі және шылымға деген құмарлығы.  

Қоғамдық денсаулық сақтау саласының барлық ұсыныстарына кереғар өмір сүретін осындай ұзақ жасаушы адамдар зерттеушілерді қызықтыратыны сөзсіз. Өйткені олар денсаулығымыздың белгілі бір бөлігі біздердің бақылауымыз бен біліміміздің аясынан тыс екендігінің нағыз айғақтамасы болып келеді.

Ұзақ өмір сүретін әрі шылым шегетін адамдарды зерттей отырып, Лос-Анджелес қаласындағы Калифорниялық университетінің адам генетикасы саласындағы ғылыми қызметкері Морган Э. Левин, және де Оңтүстік Калифорния университетінің геронтология профессоры Эйлин Кримминс бірлесіп, шылымқұмарлардың ағзаларында темекі тартудың салдарынан болатын зиянды факторлардың нұқсанын жұмсартуға мүмкіндік беретін ерекше генетикалық маркерлердің жиынтығын табады.

Ұзақмерзімді зерттеуге зейнетке шыққан темекі тартатын адамдар атсалысқан болатын. Шылым шеккен және 80 жасқа дейін өмір сүрген 90 қатысушының көрсеткіштері 70 жасқа дейін жасаған 730 шылымқұмардың көрсеткіштерімен салыстырылған.

Зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, 80 және одан да жоғары жастағы темекі тартатын адамдардың қан қысымы, қабыну деңгейі мен иммундық жүйенің жалпы хал-ахуалы секілді физиологиялық функциялары олардың жас тобындағы шылым шекпейтін адамдармен бірдей екендігі анықталды. Олардың барлығы да ерекше «қорғаныс» қасиеті бар генетикалық маркерлердің жиынтығына ие болған екен. Ал 70 жасқа дейін өмір сүрген шылымқұмарларда мұндай ерекшеліктер айқындалмағаны хақ.

Темекі тартатын адамдарда келесі бір маңызды сұрақ туындауы мүмкін: олар зерттеу барысында анықталған генетикалық нұсқалардың таратушылары болып саналады ма екен? Әлде жоқ па? Морган Э. Левин жақын арада осындай сынақтамалар пайда болуы әбден мүмкін екендігін, әрі ол шылымқұмарларға денсаулықтары үшін генетикалық қауіп-қатерлерді анықтап алуға мүмкіндік беретін құралдарды әзірлеу бойынша басқа да зерттеушілермен ынтымақтастығы туралы хабарлаған болатын.

Алайда осы ғалым атап көрсеткендей, ағзаның темекі тарту салдарынан болатын биологиялық күйзеліске төтеп беруге көмектесе алатын «қорғаныш қасиетіне ие генетикалық қолтаңбасы» бар адамдар үлесі» өте аз. Сондықтан ешкім де темекі тартуды жалғастыру мақсатында осы мақаланы сылтау ретінде пайдаланбауы тиіс.

Сондай-ақ оқу Шылым шегуді тастау әдетінен қалай арылса болады

Бірыңғай жағдай емес, ереже

Ал ұзақ өмір сүру статистикасы мен оның қарапайым адамдар арасында темекі тартуға тәуелділігіне байланысты жағдайы қалай екен? Яғни, гүлшетен өсетін италиялық ауылда тұрмайтын және гендердің қорғаныш құрамдастырымы жоқ жандардың жағдайы қалай? Медициналық зерттеулер дәлелдеп отырғандай, «паровоз сияқты бұрқылдатқан Мырқымбай ағайымыздың» жағдайында «тірі қалғанның қатесі» деп аталатын терминнің орын алуы өкінішті.

Темекі тарту мен ұзақ өмір сүру арасындағы өзара байланысты зерттеген италиялық ғалымдар көп жасаушылардың 83,8%-ы ешқашан темекі шекпегендерін анықтаған. Ұзақ өмір сүрушілердің 13,5 %-ы — бұрынғы шылықұмарлар, ал қалған тек 2,7 %-ы ғана — белсенді темекі шегушілер екен.

Сонымен бірге бұл ғалымдардың Нидерланды еліндегі әріптестері өздерінің зерттеулерінде ұзақ өмір сүретін адамдар тобындағы шылым шегушілердің пайызы қарапайым адамдар арасындағы репрезентативті іріктемедегі шылымқұмарлардың пайызынан төмен екендігін атап көрсетеді.

АҚШ-тың геронтолог мамандары анықтағандай, Құрама Штаттардағы мейлінше көп өмір сүру ұзақтығы Жетінші күн адвентистері шіркеуіне жататын отбасылардың мүшелері арасында байқалады. Зерттеушілердің пайымдауынша, басқа да факторларды қоса алғанда, бұл темекі тартуға деген діни тыйымның салынуымен белгілі бір дәрежеде байланысты болып отыр.

Қазіргі заманғы зерттеулер растап отырғандай, ұзақ өмір сүру салауатты өмір салты және зиянды әдеттердің жоқтығына тікелей байланысты болады екен.

Ал кейбір шылымқұмарлардың әбден қартайғанша дейінгі шаққа жету турасындағы дерегі – алуан түрлі сирек кездесетін факторлардың сәтті сәйкестігі деп білеміз, мәселен, адам ағзасына темекі тарту әдеті салдарынан келтірілетін биологиялық күйзеліске қарсы тұруға мүмкіндік беретін генетикалық қабілетін айтуға болады.

Біздер генетикалық тұрғыдан «бақытты» адамдар қатарына кіреміз дегенге сенім арту – лотереяда ұтып алу арқылы миллионер атануға үміттенумен бірдей. Оданда осы жаман әдетіңізден біржолата бас тартқаныңыз әлдеқайда нәтижелі болмақ, ал егер бұл әзірше сіздің қолыңыздан келмей жатса, онда темекіге қарағанда зияны анағұрлым төмендеу келетін балама нұсқаларға ауысқаныңыз абзал.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

1
3
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз