Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
  • Басты бет
  • Адамдар
  • Неге әлем бойынша бедеулікке шалдыққан ер адамдар саны артып келеді?
Редакция ұсынады

Неге әлем бойынша бедеулікке шалдыққан ер адамдар саны артып келеді?

Дәрігер-андролог айтып береді


Бедеулік – бұл күллі әлем бойынша ерлі-зайыптылардың 8-12% зардап шегетін күрделі клиникалық мәселе. Егер осыған дейін бұл мәселеге қатысты негізінен әйелдерге кінә тағылған болса, енді бедеуліктің барлық жағдайларының шамамен 40–50% ер адамдардың бедеулігімен байланыстырылады. Әдетте бұл өмір салты мен басқа да факторлардың салдарынан болатын шәуеттің жетіспеушілігі мен сапасына қатысты екен. 

Бедеулік бұл 12 ай және одан да көп уақыт бойына тұрақты әрі қорғалмаған жыныстық қатынастардан кейін жүктілікке қол жеткізуге қабілетсіздік болып саналады. Қазіргі уақытта бедеулік репродуктивті жастағы миллиондаған адамдарға әсер етеді. Мамандардың бағалауынша бедеулік түйткілі дүниежүзі бойынша 48 миллионнан бастап 186 миллион адамға дейін қамтиды. Бұл өте үлкен ауқымды мәселе болып келеді. Осы материалда біз қандай жаман әдеттер ұрықтылыққа тікелей ықпал ететінін және олардың зиянын қалайша төмендетуге болатынын қарастырамыз.

Қазақстандағы жағдай қандай?

Бірден айтып кетейін, жағдай жақсы емес. Кішкене статистикалық мәліметтерді келтіріп өтсем: 2021 жылдың ішінде бедеулік диагнозымен есепке алынған қазақстандықтардың саны өткен жылдармен салыстырғанда 21,8%-ға артты. Бұл аз да емес, көп те емес – 21,4 мың адам. Сондай-ақ бұл тек қана есепке тұрған адамдар. Әрі, әлбетте, осы мағлұматтардың негізін аталмыш түйткілге тап болған әйелдер құрап отыр, мұндағы көрсеткіш – 19,9%, ал 1,5 мың – бұл ер адамдарда анықталған түйткілдер. Қарап отырсақ, айырмашылық жер мен көктей. АЛАЙДА! Шын мәнісінде бәрі де сәл басқашалау. Өзімнің тәжірибем мен әріптестерімнің тәжірибесіне сүйенер болсам, әйелдер бедеулігі=ер адамдардың бедеулігі (+- 10%) деп сенімді түрде айта аламын. Сонымен, неге осылай болады екен? Бұл жерде тағы да біздің менталитетіміз, яки, «әдетіміз» алға шығады: бала жоқ па – әйел кінәлі. Біздің әйелдер «тозақ шеңберлерінен» бір емес, бірнеше рет өтіп, түйткілдің себебін іздеумен әлек болып жүреді. Нәтижесінде олар қайткенде де жүкті болу үшін жоқтан бір мәселелерді тауып алады. Өзіме келетін барлық баласы жоқ жұптарға менің әрдайым айтатын бір кеңесім түйткілдің себебін ер адамнан іздеп бастаған қажет (бұл қаражат пен уақытты үнемдейді). Ер адамдар тексерілуді ұнатпайды. Әдетте олар мына бір пікірді басшылыққа алатын көрінеді: еш жерім ауырмайды, демек, бәрі де жақсы. Сонымен қатар ер адамдар арасында келесі бір пікір де кеңінен таралып отыр: мен тексерілдім, менде ешнәрсе табылмады, мен кінәлі емеспін. Ал сол ер адамның темекі тартатыны, ішімдік ішетіні және бәрін қатарынан жей беретіні еш маңызды емес.

Мен бұл жерде медициналық сипаттағы (аурулар, даму ауытқулары және т.б.) себептерді тіптен қозғап та отырған жоқпын, тек қана басқа тұстар жайында айта кетейін. Мәселен, темекі тарту, ішімдікті шамадан тыс тұтыну және семіздік секілді өмір салтына байланысты факторлар ұрықтылыққа ықпал етуі әбден мүмкін.

Сондай-ақ оқу Генетик қазақстандықтардың бірегей гені мен жаман әдеттері жайында Гүлнар Святовамен сұхбат

Темекі тарту. Ресейде 2012-2013 жылдары ерлер арасында, яғни, ұрықтылыққа байланысты мәселелерімен мамандардың көмегіне жүгінген 255 адам арасында сауалнама жүргізілген болатын. Сауалнама кезінде 35% – темекі тартпайтындар; 27% – темекіден бас тартқандар; 38% – темекі тартатын ер адамдар болып шықты. Осы 38%-дың 70%-ы тұрақты түрде шылым шегетіндер. Ал осы темекі тартатын 70%-дың 58% ер адамының шылым шегу «өтілі» 10 жылдан жоғары болған; ал 35%-нда 6 жылдан жоғары болып келген. Жалпы алғанда бұрынғы және қазіргі шылымқұмарлардың 65%-ы. Дегенмен, тіпті, бұрынғы шылымқұмарларда да бала туу түйткілі қала беретін. Бұл темекі тартудың салдары бар екендігін көрсетіп отыр. Менің ойымша, Қазақстан осы статистикадан қатты алыстап кетпеген сияқты. Бұл тұста тек бір ғана қорытынды шығаруға болады – сіз неғұрлым ұзақ және көп темекі тартсаңыз, шылым шегудің салдары соғұрлым ұзағырақ және зияндырақ болады. Мен қозулық дисфункция туралы осыған дейінгі материалда айтқанымдай, біз темекіден толықтай бас тартуға қойылатын талаптардың – ұзаққа созылатынын және кейде (әрдайым дерлік) нәтиже бермейтінін түсінеміз. Сондықтан балама тәсілді, яғни, түтін шығармайтын темекі өнімдеріне ауысуды қарастыруға болады. Мұнда темекі жанбайды, тек қана қыздырылады. ТҚЖ-дағы температура Цельсий шкаласы бойынша 400 градустан аспайды. Әрі адам, зерттеулерге сәйкес, бөлінетін заттектердің мөлшері 95%-ға азайтылған никотинге қаныққан буды деммен бірге жұтады. Бұл темекі тартудың зиянын айтарлықтай төмендете түседі. Айта кетерлік бір жайт, қарапайым темекі 900 градустан астам температурада жанады. Болашақта темекіден бас тарту тіптен оңай болмақ. Мәселен, Ұлыбританияда дәрігерлерге аталмыш балама нұсқаларға дәріқағаз жазып беру рұқсат етілген.

Алкоголь. Күшті алкоголь ер адамдар бедеулігінің себебі болып келеді. Осындай қорытындыға британдық ғалымдар (British Medical Journal Open) келіп отыр. Экспериментке 18 бен 28 жас аралығындағы 1,2 мың ер адам қатысқан болатын. Күшті алкогольді тұрақты түрде тұтынып отырған ер адамдарда шәуеттің сапасы төмен (сперматозоидтар белсенділігінің төмендегені, сперматозоидтардың қалыпты формаларының азайғаны) екендігі анықталған. Әрі ер адам күшті алкогольді неғұрлым ұзақ уақыт тұтынған болса, оның ұрықтылыққа қатысты қайтарымсыз бұзылыстары да көптеп пайда болатын. Мамандар ұсынып отырғандай, аптасына алкогольдің 21-28 бірлігінен артық ішуге болмайды, сонымен бірге шарап бөтелкесінің (0,5 л) құрамында 2,3 бірлік алкоголь болады екен. Демек, күн сайын сыраның бір бөтелкесін, кейде екеуін де ішуге әбден болады. АЛАЙДА! Нәтижесінде біз сырадан пайда болатын қарын мен сыра алкоголизміне тап болып отырамыз. Мен, андролог-дәрігері ретінде, сізге қандай кеңес бере аламын? Тұрақты түрде тұтынылатын кез келген алкоголь түрін барынша шектегеніңіз абзал. Сонымен бірге қарынды «зиянсыз» сыраның литрлерімен толтырғаннан гөрі, шараптың бір бокалын немесе жақсы коньяктың бір рөмкесін алып қойған әлдеқайда артығырақ. Дегенмен бұл кеңес тек қана алкогольден бас тарта алмайтын адамдарға ғана арналады. Ал ішімдікті мүлдем тұтынбайтындар үшін бұл кеңес қажет емес.

Семіздік. ДСҰ мәліметтері бойынша 1,4 млрд адам артық дене салмағынан, ал 300 млн ересек адам семіздіктен зардап шегеді екен. Кейбір батыс елдерде (АҚШ, Еуропа елдері, Аустралия және тағы басқаларында) адамдардың 30%-нан 75%-на дейін артық дене салмағына ие болып келеді. Ресейде (сондай-ақ Қазақстанның өзінде де) репродуктивті жастағы адамдардың 30%-ы семіздіктен зардап шегеді. Мынадай үрдістің етек жайғаны байқалып отыр: жыл сайын АҚШ-тың ер адамдары сперматозоидтарының саны 1,5%-ға азайып жатады. Әрі бұл сан алуан зерттеулердің тек қана бір бөлігі. Семіздік ерлердің де, әйел адамдардың да эндокриндік жүйелеріне (гормоналдық ауытқулары) қатты әсер етеді. Сондай-ақ бұл ықпал әлі де толық зерттелмеген. Ғалымдардың бір қатары мына бір үрдісті байқап келеді: ИКСИ (сперматозоидты инъекция арқылы тікелей жұмыртқаға енгізу) процедурасын өткізу барысында әйелдерде жүкті болу мен босану бойынша статистикалық тұрғыдан маңызды төмендеуі байқалады. Осы жасанды ұрықтандыру тәсілі барысында эмбриолог сперматозоидты іріктеп алады да, микро құралдардың көмегімен жұмыртқаға енгізеді. Бұл ЭҚҰ-ға қарағанда, анағұрлым жоғары технологиялық үдеріс болып саналады. Семіздікке шалдыққан ерлердің сперматозоидтары, тіпті, ИКСИ процедурасы кезінде де жұмыртқаны ұрықтандыра алмайды. Бұл дегеніміз нені білдіріп отыр? Демек, семіздік ер адамға да, сол секілді бәлкім оның балаларына да кері әсер етеді.

Әрі бұл ер адамдар арасында бедеулікке дейін жеткізетін ұрықтылықтың бұзылуына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін себептердің аз ғана бөлігі болып саналады. Көбінесе біз өзіміздің бала табу қабілеттілігімізді «ләззаттарымызға» бола құрбан етеміз де, өз ағзаларымызды қайтарымсыз салдарға алып келеміз. Бақытымызға орай, бедеулік түйткілдері – бұл сіздің жыныстық серіктесіңізден мүлдем балалы бола алмайтыныңызды білдірмейді. Ұрықтандыру мүмкіндігін арттыра алатын көптеген емдеу тәсілдері мен процедуралары баршылық. Бұл туралы келесі материалымызда әңгімелесетін боламыз.


Аударған: Рита Сәрсенова

Корректор Елена Залевская
Редактор Александр Молодой
Дизайнер Мария Шишкова

Понравилась ли вам статья?

4
6
3

Тақырып бойынша тағы оқыңыз