• Басты бет
  • Орта
  • Вейптерге тыйым салынды, ал қыздырылатын темекіге салынбаған
Редакция ұсынады

Вейптерге тыйым салынды, ал қыздырылатын темекіге салынбаған

Шылымқұмарларға зиянды төмендетудің тәсілдері туралы егжей-тегжейлі айтып береміз

Вейптерге тыйым салынған, әрі 20 маусымнан бастап олар дүкен сөрелерінен ғайып болады. Темекі өнімдерінің ең зиянды формасы, яғни, шылымға қайта оралғысы келмейтін бұрынғы шылымқұмарлар үшін хиттер түріндегі заңды балама нұсқа бар.


Түтіннің орнына аэрозоль буы

Вейптер де, хиттерлер де (темекіні қыздыру жүйелері) никотинді қыздыруға арналған технологияларды қолданады, әрі мұнда никотин жанбайды, бұл дәстүрлі темекіні тартқан кезде болатын зиянды химиялық заттектердің мөлшерін айтарлықтай төмендетеді. Жану барысында темекі уытты шайыр мен басқа да канцерогенді заттектерді бөліп шығарады, ал вейптер мен хиттерлер жану үдерісіне жетпей-ақ, өнімді қажетті температураға дейін ғана қыздырады.

Олардың арасындағы негізгі айырмашылық тұтыну тәсілінде жатыр. Вейптерде арнайы буландырғышта никотині бар сұйықтықты қыздыруға арналған батареялар пайдаланылады, олар аэрозольді түзеді де, содан кейін адам оны деммен бірге жұтады. Вейптің негізі – пропиленгликоль және глицерин, әрі олар қыздырылған кезде формальдегид және басқа да альдегидтерге айналуы мүмкін, ал бұл қосылыстар ықтимал канцерогенді деп танылған.

Сондай-ақ бұл жерде техникалық қауіптер де баршылық, өйткені хиттерлерді шығаруға қарағанда вейптерді бақылау ісі онша қатаң түрде жүргізіліп жатқан жоқ. Осы тұста адамдардың қолында аккумуляторлардың жарылып кеткен жағдайлары, сонымен қатар сұйықтықтың ағып кетуі салдарынан болған химиялық күйіктер мен терінің тітіркенген жайттарының да аз емес екендігі белгілі.

Ал хиттерлер – бұл нағыз темекі қосылған стиктер салынған арнайы ұстағыштан тұратын құрылғылар болып келеді. Хиттер темекіні қыздырады – осы тұста аэрозоль буы пайда болады, әрі ол зиянсыз емес, дегенмен темекінің түтінімен салыстырғанда құрамындағы зиянды заттектердің мөлшері 95% төменірек болады.

Сондай-ақ оқу Сіз түтінсіз өнімдерге ауыссаңыз, не болады?

Шылым ғана емес

Вейптерге тыйым салынғаннан кейін не нәрсеге ауысу әркімнің өзіне байланысты таңдауы болып отыр. Егер бірден дәстүрлі шылымға көшу күрт ауысу болып көрінсе, ал темекі шегуден мүлдем бас тарту әзірге қолыңыздан келмесе, онда басқа балама тәсілдерді қарастыру арқылы зиянды төмендете аласыз.

Еуропаның кейбір елдерінде кеңінен танымал тәсілдердің бірі снюс – бұл жоғарғы ерін мен қызыл иек арасына орналастырылатын майдаланған ылғалды темекі. Мұндай әдіс негізінен Швецияда кеңінен таралған, Қазақстанда снюсті ресми түрде сатып алуға болмайды. Сонымен бірге никотинді алмастыратын терапия да болады, оған никотин жабыстырғыштары, сағыздар мен кәмпиттер жатады.

Қазақстанда темекінің неғұрлым танымал балама нұсқасы – хиттерлер. Олар, атауы айтып тұрғандай, темекінің өзін никотинді шығаруға жеткілікті болып саналатын температураға дейін ғана қыздырады, содан кейін адам түзілген буды деммен жұтады. Бір қарағанда жұмыс істеу қағидаты ұқсас келетіндігіне қарамастан, хиттерлер әлдеқайда төмен температураларда жұмыс істейді, сол себептен зиянды заттектердің концентрациясы, әдетте, дәстүрлі шылымның түтіні мен вейптердің аэрозолдеріне қарағанда айтарлықтай төмен болып келеді.

Балама нұсқаның екеуі де өзіндік ерекшеліктер мен қауіп деңгейлеріне ие болып отыр, сондықтан оларды мұқият зерттеу және денсаулық үшін зиянды мүмкіндігінше төмендету мақсатында өзіңізге ең қолайлы әдісті таңдау маңызды.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

6
3
4

Тақырып бойынша тағы оқыңыз