Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
  • Басты бет
  • Шолулар
  • Жұлдыздар түтінсіз-ақ жарқырайды: темекіден бас тартқан атақты адамдар
Редакция ұсынады

Жұлдыздар түтінсіз-ақ жарқырайды: темекіден бас тартқан атақты адамдар


Темекі тартуға деген әуестігінен құтыла алған және өз жанкүйерлері үшін айқын мысал бола білген жұлдыздардың оқиғаларын жинадық. Олардың жолдарында қандай қиындықтар мен сынақтар болған? Салауатты өмір салтының басты трендсеттерлері кімдер? Ал кімдер балама нұсқаларға ауыса отырып, зиянды төмендетуге бел буған?Осы мақалада айтып береміз.

Гарри ханзада

Өзінің бүлікшіл мінезімен белгілі Сассекс герцогі сонау жасөспірім кезінде Итон колледжінде оқып жүргенде-ақ темекі тартып бастаған еді, әрі ханзада он бес жыл бойына шылым шегуді жалғастыра берген екен. Дегенмен темекі тарту жас ханзаданың жалғыз міні емес еді. 17 жасында ол, тіпті, британдық баспасөз беттерінде өзінің марихуана және алкогольге деген тәуелділігі салдарынан «қиын бала» («wild child») деген атаққа да ие болады. Алайда оны салауатты өмір салтына итермелеген бастапқы себеп неде екен? Әрине, бұл оның Меган Марклмен болған тағдырлы кездесуі екендігі сөзсіз.

Жұптың қарым-қатынастары айтарлықтай қарқынды түрде дамып келе жатты, әрі бір жылдан кейін жұп бір-біріне сөз беріскендері туралы жариялаған болатын. Меган Марклмен үйлену тойының қарсаңында Гарри «түтіндету» әдетінен бас тарту турасында шешім қабылдайды. Өзінің болашақ жұбайының ықпалымен денсаулығын күтіп бастаған және йогамен шұғылданып жүрген Гарри тамақтану жөніндегі корольдік кеңесші Габриэла Пикокқа кеңес алу үшін жүгінеді. Олар екеуі ханзаданың тамақтану рационын жақсарту бойынша, оның артық салмақтан арылу, әрі ақыр соңында, темекіден біржолата бас тартуы үшін бірлесіп жұмыс істеді. Жұп ата-ана атану үшін дайындыққа да біршама байыптылықпен қарап, дүниеге сау баланы әкелу үшін, тіпті, фастфуд пен кофеинді тұтынудан да бас тартқан екен.

Гарри ханзада темекіден бас тарту шешімі анасы, Диана ханшайымның өліміне байланысты өмірінде пайда болған әрі ұзақ уақытқа созылған «хаос» кезеңімен күресу жолындағы әрекеттерінің нәтижесі екендігін мойындады.

Кэти Перри

Кэтти Перри темекі тартуды 2010 жылы бастаған, ол кезде әнші Рассел Брэндпен үйлену тойына дайындық үстінде болған еді, әрі ол осы жаман әдетінен сан рет құтылуға талпынғанымен, бұл әрекеттері нәтиже бермей, барлық талпыныстары сәтсіздікке ұшырап отырды.

2013 жылы ол темекі тартудың денсаулығы мен дауысына тигізетін зиянын ұғынып, балама нұсқаны табу туралы шешім қабылдайды. Қарапайым темекі тартуды жалғастырудың орнына Перри вейптерді қолдануға ауысады.

Вейпинг – бұл темекіні жандырмай-ақ, никотиндік буды ингаляциялауға мүмкіндік беретін электрондық буландырғыштарды қолдану үдерісі болып келеді. Перри өзінің тәжірибесі жайында айта отырып, вейпинг оның никотинге деген қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік беретіндігін, әрі жағымсыз салдарды азайтатыны туралы түсіндіреді. Сонымен қатар вейпинг оған дауыс қабілеттерін бүлдіріп алмауға көмектесетіндігін, өйткені бұл дәстүрлі темекіні тарту кезіндегідей, тамақ пен өкпеге кері әсерін тигізбейтіндігін алға тартады.

Сондай-ақ әншінің көптеген фанаттары оның Орландо Блуммен некеде болған кезінде ана атануға дайындалып жүрген екен деп күдіктеніп, бұл оған қосымша ынталандырма болған деп ойлайтын. Қазіргі таңда ол, Дейзи қызының дүниеге келуінен кейін, көпшіліктің көзіне вейппен түсуді жөн көреді, әрі темекі тарту – бұл өткен өмірінің бір бөлігі екендігін ашық мойындап, былай деп айтады: «Мен әлі де тепе-теңдікті сақтап келемін, мен өзімді қинамаймын, әрі мен клубта емеспін... Сен ішімдік пен темекіден бас тартып, бала көтеруге бел буғаныңда, сенің денең: «Мені, бір күн болса да, еркелеткеніңізге рахмет» дегендей болады».

Скриптонит

Әділ Жалелов, «Скриптонит» лақап атымен өнер көрсетіп жүрген қазақстандық рэп-орындаушысы әрі музыкалық продюсер, өзінің жаман әдетіне балалық шағында әуестеніп кеткен.

Осыған дейін Скриптонитті темекісіз елестету қиынға соғатын – темекі тарту оның ерекше бейнесінің ажырамас бір бөлігі іспетті еді. Оның үстіне, тіпті, Әділдің «түтіндету әдеті» туралы сөз етілмейтін әнін де елестетудің өзі қиын болатын.

Бүгінгі таңда Скриптонит өзінің өмір салты туралы ойлана бастағаны мен айтарлықтай өзгерістерді енгізуге шешім қабылдағанын мойындап отыр. Әртіс темекіден біржолата бас тартып, спортпен айналыса бастаған, әрі спирттік ішімдіктерді тұтынуды едәуір азайтты және тыйым салынған заттарға қол тигізбейтін болды.

Адель

Дарынымен миллиондаған жүректерді жаулап алған Адель қазіргі заманның жоғары сұранысқа ие және бірегей әншілердің бірі болып келеді. Бұл махаббат, көңілдің қалған сәттері және өмірлік сынақтар турасындағы әуезді балладаларын өзіне ғана тән ерекше дауыспен орындайтын ағылшын дивасы нағыз үлгі тұтарлық бейнеге айналғаны рас.

Әнші ұзақ уақыт бойы нағыз шылымқорлар қатарын толықтырып тұрғандығын және кей кездерде тәулігіне, тіпті, 25 темекіге дейін тартып келгендігін мойындайды. Бұл хикаядағы «соңғы тамшы» ретінде әншінің денсаулығына байланысты күрделі түйткілдердің пайда болғанын алға тартады: әнші даусынан мүлдем айрылып қалып, бұл бүкіл әлем бойынша көптеген концерттерінің өтпеуіне әкеліп соқтырған еді. Адель мойындап отырғандай: «Егер мен темекі тартуды жалғастыра бергенімде, онда темекі тудыратын белгілі бір аурудан көз жұмар едім. Әрі бұл мүлдем мақтан тұтарлық дүние емес».

Өзінің тәуелділігінен толықтай арылуға оған аналық қуанышы – Анджело ұлының өмірге келуі көмектескені сөзсіз. Темекі тарту баласының алдындағы жауапкершілігімен мүлдем үлеспейтіндігін түсінген ол, ұлының амандығы үшін осы жаман әдетінен біржолата бас тартады.

Бруно Марс

Бруно Марс — американдық әнші, әндердің авторы, музыкант және «өтілі» жоғары нағыз шылымқор.

2013 жылы әртіс ми аневризмасына шалдыққан анасынан айырылады, әрі бұл оның темекіні тастаудың басты себебіне айналады. Бруно Марс денсаулығын күту мақсатында жаман әдетінен бас тартатыны туралы өзінің анасына уәде берген болатын, осыдан кейін ол электронды темекіге көшіп, бұл оқиға жайлы, тіпті, Twitter желісінде жазбаны да қалдырады.

Электронды темекіге ауысу Бруно Марс үшін өзінің денсаулығына деген қамқорлық танытуының белгісі ретінде ғана емес, сондай-ақ өнерінің табынушылары үшін жарқын мысалына айналғаны сөзсіз. Бұл тұста темекі жану үдерісіне ұшырап, әрі уытты химиялық қосылыстар түзілетін қарапайым шылымға қарағанда, электронды құрылғының жұмысы темекіні қыздыру қағидатына негізделеді де, әртүрлі аурулардың пайда болу қаупін айтарлықтай төмендете түседі.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

25
3
3

Тақырып бойынша тағы оқыңыз