Редакция ұсынады

Циррозға қол созым қалғанда

Алкогольдің қай көлемі бауырды бұзып тынады?

Циррозға қол созым қалғанда: Алкогольдің қай көлемі бауырды бұзып тынады?

Бауыр циррозына ұшырау үшін қанша ішу керек? Демалыс пен мерекеде ғана ма, әлде салынып ішу керек пе? Бәлкім, жылына бір рет «шаршағанды басу» түптің түбінде ауру қылар? Жаман диагнозды естуге алып келетін сәт қашан келетінін анықтауға тырыстық. 


Бауыр циррозы деген не?

Бауыр циррозы – созылмалы гепатиттің, бауырдың алкогольді немесе алкогольді емес майлы ауруының асқынатын ақтық кезеңі. Бауыр циррозынан айығу мүмкін емес, дәрімен немесе басқадай әдіс-тәсілдер тек сырқаттың ушығуына тоқтатуға бағытталады. Бұл ауруға ұшырағандардың 50%-дайы ішімдікті шамадан тыс көп тұтынған және бауырдың алкогольді ауруына шалдыққан.

Дәрігерлер алкогольдің бауырға у болатын дозасын анықтады – ол таза этанолдың 40-80 грамы. Басқаша айтсақ, 100-200 мл арақ, 400-800 мл құрғақ шарап немесе 800-1600 мл сыра. Бұл ретте ішімдіктің зиянсыз дозасы деген миф екенін айта кету керек, яғни қанша ішсеңіз де, зардабын көресіз. 

Сирек, бірақ «жақсылап» па, әлде аз-аздан, алайда күн сайын ба?

Тәуелді әдеттерден емдеу клиникасының бас дәрігері Руслан Әлиевтің пікірінше, ішімдікке үйір адамда цирроздың қашан пайда болатынын нақты айту қиын. Бұған адамның алкогольді қашан бастағаны, қандай сусынды ұнататыны, қаншалық көп ішетіні, қандай күйге түсетіні секілді көптеген фактор әсер етеді. 

Адам күшті алкогольді тұрақты түрде ішіп тұрса, бірақ салынбаса, айына тек 2-3 рет қабылдаса, 1,5-2 жылдың цирроз табылуы мүмкін. 

«Тағы бір нұсқаны қарастырып көрейік. Адам шамадан тыс ішеді. Алайда бұл сирек кездеседі делік. Мәселен, жылына 2 рет болады, тек әр жолы 5-6 күнге арақтың соңына «түседі». Бұл жағдайда цирроздың пайда болу ықтималдығы 15-20 жылдан анықталады», – дейді Руслан Әлиев.
Сондай-ақ оқу Сауық-сайранның зияны : ішімдікті тұрақты ішу миымызды қалай бұзады Алкогольді қойып кеткіңіз келмесе, не істеу керек?

Өзіміз көріп отырғандай, цирроз шалдыққан ауру үйсіз-күйсіз қаңғыбасқа немесе көшеде құлап жататын маскүнемге ұқсауы міндетті емес. Тіпті БҰҰ сарапшыларының айтуынша, жер бетіндегі әр 4-адам алкоголь тұтынады екен. Әлем бойынша барлығы 2 миллиардтай адам ішімдікке жақын. Және әрқайсысы «әй, осы, мен ауыра қоймаспын» деген пікірде.

Алайда цирроздың «залымдығы» сол, бұл ауру ондаға жыл бойы «ұйқыда» жатуы мүмкін. Ауыр сырқаттың алғашқы белгілерін адам я ешқандай ем көмектеспейтін жағдайға жеткенде, я бауыр ауыстыру керек болғанда барып бір-ақ байқайды.

Дәрігерлердің өзі ультра-дыбыстық зерттеу арқылы бауыр патологиясын анықтау қиын, ал қанның биохимиялық анализдер бұл аурудың процесін әр жолы көрсете бермейді дейді. 

«Шекті білу» мен «Болар іс болдының» арасы қай жерде?

Жақсы ақпарат та бар. Адам ішімдікті қойып кетсе, бауырдың жағдайы ешқандай дәрісіз-ақ жақсара бастайды. Алайда бұл үшін адам белгілі бір шектен асып кетпеуге тиіс, яғни бауыр емдеуге келетін күйде болуы керек.

Алкогольге келгенде бұрыннан таныс әдістер көмекке келе алады. Біріншіден, шекті білу қажет. Мүлдем ішпеу мүмкін болмай жатса, зиянды азайту концепциясына сәйкес, құрамында 20%-ға дейін этанол бар сусындарды таңдаған қауіпсіздеу.

Екіншіден, денсаулығыңызды ұмытпаңыз. Тексеріліп тұрыңыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесіне сай, ауруды ерте анықтау бағдарламасынан жыл сайын өтіп тұру керек. Бұл асқынған сырқатты емдеуге қарағанда әлдеқайда арзанға түседі.


Аударған Димаш Зиядин

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз