Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Ұзақ және бақытты өмір: жаман әдеттері жоқ 4 ел

Тәуелділігі жоқ адамдар қайда тұрады?


Барлық тұрғындары зиянды әдеттерінен толықтай құтыла алған мінсіз ел жоқ, тек өздерінің салауатты өмір салтындағы және жаман әдеттерімен күресу жолындағы оң үрдістерімен ерекше көзге түсетін кейбір елдер ғана баршылық.

ШВЕЦИЯ – темекі түтіні жоқ ел

Швеция мемлекеті баршаға өзінің әдемі табиғат көріністері және өмір сапасымен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік түйткілдерді шешудегі инновациялық әдіс-тәсілдерімен де белгілі. Мұнда темекі тартумен күрес жүргізу және, кем дегенде жану үдерісі жоқ зияны төмендеу балама нұсқаларға біртіндеп көшу ісіне ерекше назар аударылып отыр. Әрі осы саладағы Швециялық үлгі бүкіл дүниежүзі бойынша терең қызығушылық пен таңданысты тудырады.

Негізгі идея дәстүрлі темекі тартудан алшақтап, балама өнімдерді пайдалануға ауысуда жатыр. Сонымен қатар бұл үлгі балама нұсқаларға ауысу тұрғысынан темекі шегуден бас тарту бағдарламасын қаржылық қолдау мен темекі бұйымдарына деген жоғары салықтарды қамтиды. Корольдік дәрігерлер колледжінің мәлімдемесіне сәйкес, ұзақ уақыт бойы электронды темекінің буын деммен бірге жұтуға байланысты адамның денсаулығына деген қауіп-қатер 95%-ға төмендетілген, ал темекінің жану үдерісі бар дәстүрлі шылымды тартудан болатын ауыр салдар туралы олай айтуға болмайтыны айқын.

Соңғы 15 жылдың ішінде Швеция еліндегі шылымқұмарлардың саны халықтың 15%-нан 5,6%-на дейін азайған, әрі алдағы уақытта мемлекет «темекі түтіні жоқ» алғашқы мемлекетке айналуды көздеп отыр. Сонымен бірге Швецияның Аустралия, Жапония, Жаңа Зеландия және Ирландия секілді темекі тартуға қарсы бар күшін салып күрес жүргізіп жатқан көптеген одақтастары да бар.

ЙЕМЕН - алкогольді ішпейтін ел

Салауатты өмір салтының басқа бір жағымды мысалы ретінде Йемен мемлекетін қарастыруға болады. Бұл елде алкогольді ішімдіктерді сатуға және ішуге толық тыйым салынған. Бұл тыйым салу діни және мәдени себептерге негізделген, сонымен қатар әлеуметтік тұрақтылық пен халықтың денсаулығын сақтауға бағытталып отыр.

Әуел баста Йеменде алкогольді ішімдіктерге деген тыйым салудың негізгі себебі діни фактор болып табылған. Ислам діні және Құран кітабына негізделген ислам заңы басым елде кез келген алкогольді ішуге тыйым салынған. Ислам мәдениетінде алкоголь азғындыққа, ұстамдылықты жоғалтуға және Құдайдан алыстауға әкелетін заттек ретінде қарастырылады.

Діни аспектілерден басқа Йемендегі алкогольді ішімдіктерге деген тыйымның мәдени тамыры да бар екен. Йемендік мәдениетте ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан алкогольден бас тарту дәстүрі баршылық. Жалпы алғанда Йемендегі қоғам консервативтік құндылықтарды ұстанып, өзінің салт-дәстүрі және моральдық нормаларын сақтап қалуға тырысып келеді.

Йеменнен бөлек алкогольден толықтай немесе ішінара бас тарту туралы шешімді 13 ел қабылдап отыр: Бангладеш, Бруней, Үндістан, Иран, Кувейт, Ливия, Мальдив аралдары, Мавритания, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Сомали, Судан және БАЭ.

БРАЗИЛИЯ – құмар ойындары жоқ ел

Әсем жағажайларымен, футбол және карнавалдарымен танымал Бразилия құмар ойындар, соның ішінде казиноларға мүлдем тыйым салынған ел болып келеді. Бұл мемлекетте оның аумағында құмар ойындардың кез келген түріне тыйым салатын қатаң заңнама әрекет етеді.

Мұндағы тыйым салу қауіпсіздікке, әлеуметтік тұрақтылыққа, діни көзқарастарға және құмарлық сезіміне байланысты пайда болуы мүмкін түйткілдермен күреске негізделіп отыр. Құмар ойындарға қарсы негізгі аргументтердің бірі – бұл тәуелділік пен қаржылық тәуекелдерге қатысты мәселелермен күрес болып саналады. Құмар ойындарға қарсы адамдардың пайымдауынша, бұл қауіп-қатерлер нашақорлық, криминал және отбасылардың бұзылуы секілді теріс әлеуметтік салдарға әкеліп соқтыруы ықтимал.

Діни наным-сенімдер де аталмыш тыйым салуды қолдауға өз үлесін қосып отыр. Бразилия халқының басым бөлігі католицизмді ұстанады, әрі шіркеу де құмар ойындарға деген тыйымды белсенді қолдайды, өйткені мұны моральдық құндылықтарға қайшы келетін ойын-сауықтың орынсыз түрі ретінде қарастырады екен.

Бразилиядан басқа құмар ойындарға тыйым салу Ауғанстан, Бангладеш, Қытай, Сауд Арабиясы, Жапония, Ливия және Судан елдерінде бар.

ҰЛЫБРИТАНИЯ – дұрыс тамақтану жолындағы ел

Соңғы жылдары елдің үкіметі мен қоғамдық ұйымдары зиянды тағамдарды тұтынуды азайту және нашар тамақтанудың салдарынан болатын семіздік және де одан туындайтын ауруларға байланысты түйткілдермен күресу мақсатында белгілі бір қадамдарды жасап келе жатыр.

Әлбетте, қазіргі уақытта ел ішінде фастфуд өнімдерінің сатылымына толық тыйым салынбаған, дегенмен Ұлыбритания зиянды тағамдардың сатылымы мен жарнамалауын реттеуге бағытталған бірқатар шараларды енгізген болатын. Мәселен, 2018 жылы тәтті газдалған сусындардың тұтынылуын азайту үшін құрамында қанты бар сусындарға салық енгізілген еді. Сонымен қатар елде зиянды азық-түлік өнімдерінің (құрамында трансмайлар, тұз және қанты көп кездесетін қуырылған, ащы, майлы тағамдар), әсіресе балаларға арналған жарнамасына шектеулер қойылған. Мұндай шаралар зиянды өнімдердің қолжетімділігі мен тартымдылығын шектеу мақсатында және анағұрлым салауатты балама нұсқаларды таңдауды ынталандыру үшін қолға алынып отыр. Ұлыбритания үкіметі тарапынан дұрыс тамақтану мен белсенді өмір салтының маңыздылығын паш ететін білім беру бағдарламалары және науқандарға әрдайым қолдау көрсетіліп тұрады. Мектептерде де түскі ас бағдарламалары енгзіліп, әрі жақсартылып келеді.

Ұлыбританиядағы дәстүрлі зиянды тағамдарға қарағанда әлдеқайда пайдалы және балғын балама нұсқаларды ұсынып отырған мейрамханалар мен кафелердің танымалдылығы артқан сайын елдегі қоғамдық тамақтану саласы да өзгеріске ұшырап отыр. Бұл адамдарға үйден тыс жерде де пайдалы тағамдарды таңдау бойынша зор мүмкіндіктерді береді. Бұқара арасында дұрыс тамақтануды енгізу идеясын көптеген басқа да елдер қолдаған болатын, солардың ішінде: Франция, Норвегия, Мексика, Жапония және Швеция.

Біздің қай елде өмір сүріп жатқанымыз маңызды емес, жаман әдеттерден құтылу – бұл бар күш-жігерімізді, табандылық пен қолдауды, кей кездерде, тіпті, кәсіпқой көмекті қажет ететін үдеріс екендігін ұғыну ең маңызды болып келеді. Әрбір адам салауатты өмір салтын қалыптастыру ісіне өз үлесін қоса алады және өз мысалымен денсаулық пен амандық басымдыққа ие болатын, ал жаман әдеттер салауатты және белсенді өмір салтына жол беретін мемлекетті құру үшін айналадағы адамдарға ықпал ете алатыны сөзсіз.

Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

2
3
1

Тақырып бойынша тағы оқыңыз