Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
  • Басты бет
  • Орта
  • «Бас тартудың орнына»: үлкен ақша үшін шылымқұмарға арналған тәсіл
Редакция ұсынады

«Бас тартудың орнына»: үлкен ақша үшін шылымқұмарға арналған тәсіл

Темекі тастау үшін не істеуге дайынсыз?

«Бас тартудың орнына»: үлкен ақша үшін шылымқұмарға арналған тәсіл: Темекі тастау үшін не істеуге дайынсыз?

Құрметті оқырмандар, алмасу туралы не дейсіздер… зат алмасу туралы? Жоқ, бұл мақалада метаболизм жайлы сөз қозғалмайды. Бұл жерде канцерогенді шайыр, күшәла, тұншықтырғыш газ және көміртегі тотығы секілді 6000 жуық уытты заттардың никотинге іс жүзінде алмасуы туралы айтылады.

45 МИЛЛИОНҒА ТАТИТЫН ҰСЫНЫС

Міне, алмасу туралы дәл осындай керемет ұсыныс жақында Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Нил О’Брайеннің атынан осы елдің темекі тартатын азаматтарына түскен болатын.

Шылым шегуден бас тартқан шылымқұмарларға темекінің орнына әркім өзі үшін қолайлы нұсқаны таңдай алатындай алуан түрлі беріктігі мен дәмдері бар өнімдермен бірге вейпингке арналған жиынтықтар ұсынылады. Шенеуніктердің айтуынша, бұл бүкіл ел бойынша ұйымдастырылатын алғашқы осыншама жаһандық бағдарлама болып саналады, әрі ол темекі тартатын әрбір бесінші шылымқұмарды қамти алады.

Ресми тұлғалардың бағалауы бойынша жобаны қаржыландыру шамамен 45 миллион фунт стерлингке түспек, әрі бұл қаражат екі жыл ішінде британдық Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің бюджетінен бөлінетін болады.

Сонымен бірге бұл «өз дәрежесіндегі тұңғыш» деген атауға ие болған бастаманың тек бір бөлігі ғана. Оның екінші бөлігі темекі тартатын жүкті әйелдерге байланысты болмақ.

«ТЕМЕКІ ТАРТАТЫН АНА ЕШҚАШАН ДА ӘКЕ БОЛМАЙДЫ»

Кеңестік-ресейлік «Бақыт-компот» атты рок-тобының әніндегі осы жол күлкілі болғанымен, алайда бұл жаман әдеттің әйелдің ұрпақ жаңғырту денсаулығына деген әсері өте қорқынышты. Болашақ аналардың барлығы бірдей осы әдеттен бас тартуға дайын еместігі өкінішті.

Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрлігінің зерттеулеріне сәйкес, Англиядағы әйелдердің 9%-ы жүктілік кезінде темекі тартуды жалғастыра береді екен. Осынау зиянды әдетпен қоштасуға көмектесу және болашақ балаларының денсаулығын сақтап қалу мақсатында темекі тартатын аяғы ауыр әйелдерге шылым шегуден бас тартқандары үшін 400 фунт стерлингке (224 000 теңге) дейін ақша төленетін болады.

Бағдарламаның егжей-тегжейлілігі әзірше анықталмаған, дегенмен ресми тұлғалардың болжамы бойынша бас тартқандарға арналған ваучерлер бүкіл жүктілік барысында қолжетімді болады. Әрі олар осындай қаржылық ынталандырма екіқабат әйелдерге темекіні тастауға көмектеседі деп үміттенеді.

«2030 жылға қарай Ұлыбританияны темекі түтінінен тәуелсіз ету» мақсаты британдық үкіметпен 2019 жылы жарияланған болатын. Ал аталмыш жаңа бастамалар – осы бағыттағы кезекті қадамдар болып саналады. Мәселен, Action on Smoking and Health компаниясының атқарушы директоры Дебора Арнотт секілді белсенді азаматтар атап көрсеткендей, «вейптер темекіқұмарлардың шылымнан сәтті бас тартуға мүмкіндігін арттыра түседі, сол секілді темекі тартатын жүкті әйелдерге арналған ваучерлер де тиімді болары сөзсіз». Алайда белсенділер «бұл қадамдардың жеткіліксіз» екендігін алға тартады.

Алдағы уақытта әрбір темекі қорабына шылымнан бас тарту туралы ұсынымдары жазылған ескертпелер салуды қамтитын бағдарламаны іске асыру жоспарланған. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарға электронды темекі сатқаны үшін жазаны күшейту де көзделіп отыр.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз