Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Жақындарыңызды қатерлі ісіктен қалай қорғауға болады?

Танымал дәрігер терапевт Гинтаутас Кентра баяндайды


(Читайте интервью на русском языке здесь)

Қалайша шылымқұмарлар барлық дәрігерлердің пациенттеріне айналады? Никотиндік тәуелділік, никотиннің тәуліктік дозасы дегеніміз не және дәстүрлі темекі түтінінің құрамындағы жану үдерісінің өнімдері адам ағзасына қандай теріс әсер тигізеді? Осы және басқа да сұрақтарға дәрігер-терапевт, «Денсаулық» – адам денсаулығына қауіп факторларының зиянын төмендету ұлттық қауымдастығының» төраға орынбасары Гинтаутас Кентра жауап береді.

Шылымқұмарлар қандай дәрігерлерге жиі жүгінеді?

Темекі тартушылар барлық дерлік дәрігерлердің пациенттері болып келеді. Дегенмен алғашқы болып соққыны, әлбетте, пульмонологтар алады. Жиі кездесетін аурулардың ішінде өкпенің созылмалы аурулары, шылымқұмар жөтелі, басқа анағұрлым күрделі түрлерге ұласуы мүмкін созылмалы бронхиттер, әртүрлі респираторлық дерттер, жалпы иммунитеттің төмендеуі секілді ауруларды атап өткен жөн. Сонымен қатар гинекология, эндокринология және кардиология кездеседі. Темекі тарту белгілі бір жүйеге ғана емес, адамның бүкіл ағзасына кері әсерін тигізеді.

Темекі тартудың қандай ең қорқынышты салдарын атай аласыз?

Ең қорқынышты салдары – бұл, әрине, онкологиялық аурулар. Алайда басқа да бірқатар қауіпті аурулар туралы ұмытпаған абзал. Мен өкпенің созылмалы обструктивті аураларына (ӨСОА) баса назар аударар едім. Бұл жерде теріс әсерлерге әкеліп соқтыратын аурудың дамуының өте ұзақ үдерісі болып жатады. Тіпті, өлімге әкелетін жағдайлар да болады. Алайда оған дейін адам еңбекке жарамсыздықтан зардап шегеді, әрі ауру әртүрлі жолдармен көрініс табуы мүмкін. Мысалы, ауаның жетіспеушілігі, оттегінің жетіспеушілігі, адам үнемі тұншығып қалып отырады. Инфаркттар мен инсульттердің пайда болу ықтималдылығы аса жоғары, бұл да қайғылы салдар мен өлімге әкелуі мүмкін. Айта кетерлік бір жайт, өкпенің қатерлі ісігіне шалдығатын 90% жағдайдағы науқастар – бұл шылымқұмарлар немесе бұрынғы шылымқұмарлар болып келеді.

Темекі мен темекіні қыздыру жүйелері арасында айырмашылық ба ма?

Айырмашылық, әлбетте, бар. Әртүрлі девайстар, никотиннің жеткізілуінің әртүрлі тәсілдері. Дегенмен оларды бір нәрсе біріктіреді – бұл никотиннің адам ағзасына түсуі. Барлығымыз білетіндей, шылымқұмар үшін ең басты нәрсе – бұл никотин, никотинге деген тәуелділік. Ал егер темекі шегуден біржолата бас тартсаңыз, онда аталмыш абстинентті синдром пайда болады, әрі ол қарапайым есірткілік заттардан болады. Мұндағы механизм де дәл осындай. Дәстүрлі темекіні тартқан кезде түтін, яғни, жану өнімдері түзіледі, ал олардың құрамында канцерогенді шайыр мен тұншықтырғыш газ, немесе тағы бір атауы – көміртегі монооксиді. Осылайша, тұншықтырғыш газ оттегімен бәсекеге түседі де, оның гемоглобиндегі орнын алмастырады. Яғни, темекі тарту үдерісі кезінде шылымқұмарда белсенді гемоглобиннің мөлшері 3%-5% төменірек болады. Ал күніне бір-екі қораптан артық темекі тартатын нағыз шылымқорда бұл көрсеткіш 10%-ға дейін жетуі де әбден мүмкін. Адам қажетті мөлшердегі оттегіні алмайды да, осының нәтижесінде ағзаларының тіндері гипоксиядан зардап шегеді екен. Ал бұл жерде не тартсаңыз да еш маңызды емес. Егер біз, тіпті, қарапайым шөптің өзін алып, кептіріп алсақ, оны қағазға орап, оны тарта бастасақ, мұның да теріс әсері кәдімгі темекіден болатын әсерден кем түспейді. Өйткені екі жағдайда да зиянды жану өнімдері тигізіп отырады. Темекінің жану үдерісі барысында пайда болатын дәл осы канцерогенді заттектердің шоғырлануынан ең қауіпті асқыну түрі туындайды – канцерогенді шайырлар қоздыратын өкпенің қатерлі ісігі. Әрі егер қарапайым темекі мен темекіні қыздыруға арналған жүйелерді салыстыратын болсақ, ТҚЖ-да жану үдерісі жоқ. Бұл жерде никотиинің булануы болатын қыздыру үдерісі ғана баршылық.

Никотиннің рөлі мен адам денсаулығына деген биологиялық әсері?

Никотин адамның ағзасына түскен кезде ірі және ұсақ тамырларды зақымдайды да, атеросклероздың дамуына өз септігін тигізеді. Сонымен қатар ол адамның сыртқы келбетіне де теріс әсер етеді. Терінің нашарлауына, тістің қараюына, сондай-ақ ауыздың жағымсыз иісіне әкеліп соқтырады.

Никотиннің қауіпті мөлшері бола ма?

Никотинді тұтыну, әрине, адам ағзасына теріс ықпал ететіні сөзсіз. Алайда никотин қатерлі ісікке әкелмейді. Егер сандарға назар аударатын болсақ, орта есеппен алғанда адам бір темекіден 1 мг мөлшеріндегі никотинге ие болады. Темекі тартпайтын адам үшін өлімге әкелуі мүмкін никотиннің мөлшері 50-100 мг құрайды. Бұл сол адамның осы дозаны бір уақытта алатын болса. Ал никотиннің ағзадан жартылай шығарылу кезеңі 4 сағаттан бастап 6 сағатқа дейінгі уақытты алуы ықтимал. Екі тәуліктен кейін никотин толығымен шығарылады. Сондықтан бір уақытта осындай дозаны алу, яки, бірнеше блок темекіні тартып шығу, тіпті, мүмкін емес. Адам осыншама темекіні тарта да алмайтыны хақ.

Темекіден бас тарта алмай жүрген адамдарға сіздің берер кеңесіңіз қандай?

Барша адамдар темекіден немесе алкогольден бірдей бас тарта алмайтындарын ескерген маңызды. Сол себептен біз ғылыми базаға негізделген балама нұсқаларды ұсынып отырмыз. Егер адам өзінің жаман әдеттерінен бас тарта алмаса, не болмаса одан айырылғысы келмеген жағдайда, онда оған зияны әлдеқайда төмендеу балама нұсқаны ұсыну қажет. Осындай зияны айтарлықтай азырақ болатын балама ретінде никотинді жеткізетін қазіргі заманғы құралдар – темекіні қыздыруға арналған жүйелер болып саналады. 2017 жылы Ұлыбританияның токсикология комитеті баяндама әзірлеген болатын, ол жерде айтылғандай, қарапайым темекімен салыстырғанда, ТҚЖ-да зиянды заттектер 50%-90% дейін азырақ кездеседі. Сондықтан темекі тартумен күрес жүргізу мақсатында елімізде қолданылатын зиянды төмендету тұжырымдамасы дәстүрлі темекіден ТҚЖ-ға ауысуды ұсынып отыр. Осындай құрылғыларда темекінің жанып кету үдерісі жоқ, әрі залалды канцерогенді құрауыштардың мөлшері 95%-ға дейін төмендетілген. Бұл ұсыныстар ғылыми мәліметтердің негізінде және нәтижелері расталып отырған, әрі зиянды төмендету қағидаттары қолданылатын елдерде өткізілген зерттеулер қорытындылары бойынша әзірленіп шығарылған. Естеріңізде болсын, темекі шегуден толықтай бас тарту – темекі шегумен күресудің алтын стандарты болып келеді. Адам темекіден бас тарта алмаса немесе бас тартқысы келмеген жағдайда ғана оған балама нұсқаны ұсыну керек – мәселен, ТҚЖ.

Гинтаутас Кентраның толық сұхбатын «Денсаулық» – адам денсаулығына қауіп факторларының зиянын төмендету ұлттық қауымдастығының» YouTube-арнасынан қарай аласыздар.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

18
5
1

Тақырып бойынша тағы оқыңыз