Редакция ұсынады

Пульмонолог өлім-жітімнің басты себептері туралы

Сондай-ақ қай ауру қазір бірінші орында жайлы да сөз қозғайды


(Читайте интервью на русском языке здесь)

Никотин өкпенің қатерлі ісігіне әсер етпейді? Онда қатерлі ісік жасушалары қайдан пайда болады? Темекі тартудың баламаларына қатысты зерттеулер нені көрсетіп отыр? Темекіден бас тартуға дайын емес адамдар үшін не істеуге болады? Неліктен шылымқұмарлар үшін темекі тарту рәсімі соншалықты маңызды? Осы және басқа да сұрақтарға медицина ғылымдарының кандидаты, пульмонолог, торакалды хирург Евгений Симонец жауап берді.

Шылымқұмарларға темекі тартудан болатын аурулардың ықтималдылығын қалай төмендетуге болады?

Аурудың ықтималдылығын төмендету үшін ең үздік әдіс – темекіден біржолата бас тарту. Алайда никотиндік тәуелділігі жоғары болатын адамдар тобы кездеседі. Мұндай адамдар үшін темекінің орнын басуға тырысатын көптеген алуан түрлі әдіс-тәсілдер бар. Бәріміз де никотинді қабылдауды жалғастыруға көмектесетін құрамында никотині бар сағыздарды, никотині бар жапсырмаларды жақсы білеміз, олар темекі тарту қажеттілігін жоққа шығарады. Дегенмен, шын мәнісінде, адамның бойында темекіге деген тәуелділік бәрібір сақталады. Бұл адамның әдетке айналған салты ғайып болғанына байланысты болып отыр. Шылымқұмарлардың барлығы да салттың не екендігін біледі. Бұл бір шыны кофе немесе шарап, шегілген темекі, шылымды ішке тарту, түтін... яғни, бұл темекі тартушыларға соншалықты ұнайтын белгілі бір салт. Ал жапсырмалар, сағыздар, басқа да құрамында никотині бар құралдар осы салтты алмастыра алмайды. Темекі тартуға қарағанда, дәл осы психологиялық тәуелділік үлкен мәнге ие болып отыр. Бүгінгі таңда нарықта зияны төмендетілген тағы да бір өнім бар – бұл темекіні қыздыруға арналған жүйелер (ТҚЖ). Бұл өзі не нәрсе? Ол стикті 300-350 градус температураға дейін ғана қыздырады. Айта кетсек, кәдімгі темекінің жану температурасы 850-900 градусқа дейін жетеді. Яғни, қыздыру барысында тұтынушының ағзасына түсетін никотин бөлініп шығарылады. Бұл балама нұсқаларда жану үдерісі жоқ. Ағзамызға ықпал ететін және онкологиялық ауруларды қоздыратын шайыр да бөлінбейді.

Қатерлі ісік пен никотиннің байланысы қандай?

Никотин іс жүзінде өкпенің қатерлі ісігі дертіне әсер етпейді. Немесе былай десек те болады, ол мүлдем жанама мағынаға ие. Никотин дегеніміз не? Бұл, мәселен, кофеин секілді дәл сондай альдегид. Әрі ол тәуелділікті тудырады. Қатерлі ісіктің пайда болуы, жасушалардың мутациясы мен дұрыс бөлінбеуінің себебі никотинде емес. Оның себеп-салдары жану өнімдерінде жатыр. Жану үдерісі және зиянды химиялық заттектерге байланысты болып отыр.

Темекі өкпенің қатерлі ісігін қалай қоздырады?

Ең алдымен мына сұраққа жауап беріп көрейік: «Қатерлі ісік дегеніміз не?» Бұл жасушалардың тоқтаусыз бөлінуі, әрі жасушалар дифференциалданбаған болып келеді. Яғни, қарапайым, қалыпты жасуша кәдімгі жағдайда толыққанды бөлінуге тиіс. Ал осы жасушамыз деформацияланған түрде бөлінеді де, бұл онкологияның пайда болуына, біздің ағзамыз үшін әдеттен тыс, басқа жасушалардың пайда болуына әкеліп соқтырады екен. Осындай жағдайдың туындауының негізгі себебі жасушаға сырттан әсер ететін аталмыш факторлардың ықпалы болып саналады. Сөз етіп отырған осы жағдайымызда, яғни, тыныс алу мүшелерінің жасушаларына деген ықпал. Шылым тарту барысындағы сырттан әсер ететін факторлар – бұл темекі түтіні. Түтіннің құрамы осы жасушаларға өз әсерін тигізіп отырады. Бірінші кезекте, бұл шайыр. Жану өнімдері. Олар жасушаның патологиялық бөлінуіне әкеліп соқтырады да, өкпенің әр түрлі позицияларындағы қатерлі ісігін тудырады. Орналасқан жеріне байланысты бұл басты бронхтың қатерлі ісігі болуы мүмкін, кеңірдектің қатерлі ісігі, өкпенің басқа да сегменттерінің қатерлі ісігі болуы ықтимал. Демек, патология пайда болады.

Темекі тарту қандай ауруларға әкеліп соқтырады?

Темекі тарту негізінен тыныс алу мүшелерінің ауруларын қоздырады. Бірінші кезекте – баршамызға белгілі «шылымқұмардың бронхитін» тудырады. Бұл ең көп таралған ауру. Дегенмен, бұдан да «қаһарлы» аурулар баршылық – пневмония, созылмалы обструкциялық бронхит, соңғысы уақыт өте келе созылмалы обструкциялық өкпе ауруына айналуы әбден мүмкін. Ал ең «қаһарлы» ауру – бұл, әрине, қатерлі ісік. Өкпе обыры, жоғарғы тыныс алу жолдарының қатерлі ісігі, ауыз қуысының қатерлі ісігі.

Өкпенің қатерлі ісігі – өлім-жітімнің №1себебі ме?

Егер біз жалпы өлім-жітімнің себептерін алып қарастыратын болсақ, бірінші орында жүрек-қан тамырлар аурулары тұр Екінші орындағы себеп – бұл онкологиялық аурулар. Онкологиялық ауру-сырқаулықтың құрылымында өкпенің қатерлі ісігі бірінші орынға ие. Үшінші немесе төртінші орында, жылға байланысты, әдетте, тыныс алу мүшелерінің патологиясы тұрады. Егер біз өлім-жітімнің себептерін – өкпенің қатерлі ісігі және тыныс алу мүшелерінің ауруларын бәрін тұтас алып санайтын болсақ, нәтижесінде олар жүрек-қан тамырлар дерттерінен асып түседі. Әрі бұл себептер барлық елдерде, соның ішінде Қазақстанда да, басқа да кез келген мемлекетте өлім-жітім құрылымында бірінші орынға шығып отыр.

Темекіден бас тартқысы келмейтін адамдар үшін не істеу керек?

Мен басқарып отырған ұйым «Бүкілукраиналық респираторлық клуб» деп аталады. Біздер 2019-2020 жылдары осы гаджеттерді қолданған кезде зиянның азаятынын дәлелдеу үшін зерттеу өткіздік. Әрі біз шылым шегуді жалғастырғандар немесе сап-сау адамдармен салыстырғанда, темекіден бас тартқан науқас пен темекіні қыздыруға арналған жүйеге ауысқан науқаста іс жүзінде сыртқы тыныс алу қызметтерінің теңдескенін дәлелдей алдық. Яғни, бұл ТҚЖ зиянды төмендетудің қалыпты баламалы әдістемелерінің бірі екендігін дәлелдеп отыр. Дегенмен, бұл тек қана жоғары никотиндік тәуелділікке ие адамдар үшін әрі темекі шегуден бас тарта алмайтындар үшін ғана арналғандығына баса назар аударамыз. Дәл осы себептен олар зияны азырақ өнімдерді қолдануы тиіс. Алайда ең жақсысы, тағы да бір қайталап айтамын, темекі шегуден мүлдем бас тарту.        

10 жылға дейінгі өмірді қалай сақтауға болатыны туралы жоба – Plus On YouTube арнасынан Евгений Симонецтің толық сұхбатын қараңыздар.    

 

Аударған: Рита Сәрсенова

Корректор Елена Залевская
Редактор Александр Молодой
Дизайнер Мария Шишкова

Понравилась ли вам статья?

14
5
3

Тақырып бойынша тағы оқыңыз