Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Толық match: темекі тарту мен спортты біріктіруге бола ма?

Спорттың салауатты өмір салтының негізгі элементі ретінде мойындалғаны қашан?! Дегенмен осы бір пайдалы әсердің жаман әдеттердің салдарынан нәтиже бермейтін жағдайлары да кездеседі. Кейбіреулердің пайымынша, физикалық белсенділік темекі тартудан болатын зиянды төмендете алады, ал басқалар темекі шегуге деген тәуелділігі бар адамдар үшін спортпен шұғылдану жағымды әсер бермейді деп санайды. Шынымен де, темекі тарту мен физикалық белсенділік үйлесімділікте бола алатын нәрселер ме, әлде бұл кезектен тыс тағы бір дақпырт па? Біріншісі мен екіншісінің зиянын төмендетудің жолы бар ма? Анықтап көрейік.


Мatch болды ма?

Жүгірумен айналысатын немесе жүктемесі жоғары болып келетін спорт түрлеріне қатысатын адамдарда басқаларға қарағанда шылым шегуге деген әуестігі азырақ болатыны баршамызға белгілі. Осы спорт түрлерінің адам ағзасының алдына қоятын физикалық жүктемесі темекі тартуды әдеттегіден де нашар идеяға айналдырады. Runner’s World журналы өткізген сауалнамаға сәйкес, 2500 респонденттің ішінен небәрі 150-і ғана (шамамен 6%) шылым шегетінін айтты. Бұл жалпы халық арасындағы көрсеткіштен, әрине, айтарлықтай төмен, алайда бәрібір басқалардан гөрі темекі тартудың ықпалы туралы жақсырақ білуге тиіс жиырма желаяқтың біреуінен астамын көрсетіп отыр. 

Бір қарағанда темекі тарту мен физикалық белсенділік бірін-бірі тамаша толықтыратындай болып көрінуі мүмкін. Өйткені физикалық белсенділік те, темекі тарту да, адам ағзасы үшін нағыз стресс болып келеді. Бірінші жағдайда бұл төзімділік пен күшті еселей түсуге бағытталған оң стресс десек, екінші жағдайды қарастыратын болсақ, бұл теріс, әлсірететін және улы стресс. Себебі никотин тыныш күйдегі жүректің ырғағын ынталандырады да, жүректің жиырылу күші мен айдалатын қанның көлемін арттыра түседі. Осы факторлардың барлығы да аэробты шыдамдылықтың жақсаруына септігін тигізуі керек іспетті көрінеді. Дегенмен мұндай логика қате болып саналады. Шылым шеккеннен кейін қанның құрамында тұншықтырғыш газдың деңгейі көтеріледі де, бұл гемоглобинмен байланысқа түсіп, оның оттегіні тасымалдау қабілетін төмендетеді. 2013 жылы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) никотинді, тіпті, спорттық өнімділікке деген әсерін зерттеу мақсатында бақылау бағдарламасына қосқан болатын. Алайда чех ғалымдары растағандай, никотиннің 4 мг мөлшерлемесін тұтынғанның өзінде спорттық нәтижелерде ешқандай да жақсартулар болмайды.

Бұлшықеттеріңіз оттегіні энергия көзі ретінде қолданады және барлық мүшелердің дұрыс қызмет етуі үшін оның ұдайы түрде жеткізілуін қажет етеді. Темекі тартпайтын адамдар үшін бұл, тіпті, ешқандай қиындық тудырмайды. Олардың қаны оттегінің дайын қорына ие, әрі оны жүректің қаншалықты жылдам жұмыс істейтіндігіне байланысты бұлшықеттерге жеткізіп отыруға болады. Шылымқұмарлардағы жағдай басқаша болып келеді. Сіз темекіні ішке алғаш тартқан кезде ағзаңызға тұншықтырғыш газ түседі. Ол эритроциттеріңізбен тасымалданатын оттегіні ығыстырып алуға қабілетті, демек темекі тартатын адамдарда бұлшықеттерге жеткізуге қолжетімді оттегінің көлемі азырақ болады. Жағдайды одан әрі ұшықтыру үшін темекі тарту қан тамырларыңыздың тарылуын тудырады да, бұлшықеттеріңізге келіп түсетін оттегі мөлшерін азайта отырып, сол нәтижелерге жету үшін жүрегіңізді анағұрлым ширыққан күйге апарады. Осы себептен шылымқұмарлар темекі тартпайтын адамдарға қарағанда айтарлықтай тезірек шаршайды және ентігуді сезінеді.

Спорттық көрсеткіштердің салдары қандай?

Рио-де-Жанейро федералдық университеті мен Коччи университетінің қатысуымен Сан-Диего қаласындағы Калифорния университетінде өткізілген ғылыми зерттеулердің барысында ғалымдар темекі тарту аяқтың бұлшықеттеріне оттегі мен қоректік заттектерді тасымалдау үшін жауап беретін ұсақ қылтамырлар санының азаюына әкеліп соқтыратынын анықтады. Мұндай теріс үдерістер жалпы метаболизм мен адам белсенділігінің деңгейіне ықпал етеді де, тыныс алуға байланысты түйткілдерді, кеуде тұсындағы ауырсынуларды, жөтел мен басқа да жағымсыз белгілерді тудырып отырады.

Манчестер университеті ғалымдарының шылым шегудің күштік жаттығуларға деген ықпалы бойынша зерттеулері көрсеткендей, шылымқұмарлар мен темекі тартпайтын адамдар арасында максималды күш, бұлшықет массасының көлемі, жиырылу қабілеті, бұлшықеттердегі қылтамырлардың саны мен қысқамерзімді төзімділікке байланысты айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Алайда күштік төзімділік саласында елеулі айырмашылықтар байқалады, яғни, бұл жерде шылымқұмарлар темекі тартпайтын әріптестеріне қарағанда «жеңіліп» отыр, өйткені біріншілердің бұлшықеттері тезірек шаршайды. Темекі тарту адам ағзасында токсиндердің жиналуына жағдай жасайды, әрі бұл бұлшықет тініне зақым келтіруі және оның қабынуын тудыруы мүмкін. Осы жайт оксидативті стресс және бұлшықеттердің жұмыс тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соқтыруы ықтимал, бұл әсіресе дене шынықтыру жаттығуларын орындаған кезде сезіледі.

Сондай-ақ оқу Неліктен жаттығу барысында тамырдың соғуын қадағалап отыру маңызды? Ақылды фитнесс

Темекіні жаттығудан бұрын, әлде одан кейін тарту – айырмашылық бар ма?

Бәлкім, осы әдеттің уақыты ерекше маңызға ие шығар? Темекі тарту мен физикалық жүктемелерді үйлестіру зиянды практика болып келетіні сөзсіз, өйткені қан айналымының қарқындылығы жоғарылаған сайын темекі токсиндері тезірек және әлдеқайда жоғары концентрацияларда абсорбацияланады. Бұл, өз кезегінде, жүрек-қан тамырлары жүйесіне түсетін жүктемені арттырады. Тұншықтырғыш газға шылымқұмардың ағзасынан толықтай шығу үшін бір туәліктей уақыт қажет, сондықтан осы тұста сіз жаттығуға дейін темекі тарттыңыз ба, әлде мұны жаттығудан кейін жасадыңыз ба – бұл маңызды нәрсе емес, себебі ағза онсыз да аса зор жүктемеден зардап шегуде. Осы фактор жаттығулардың тиімділігін төмендетеді және физикалық белсенділіктен кейін ұзақ уақыт бойы жүрек пен қан тамырлардың денсаулығына қосымша теріс әсер етуі бек мүмкін.

Темекі тартудың зиянын төмендетудің жолы қандай?

Егер сіз үшін темекі шегу әдетінен бас тарту әлі де қиынға соғып жатса, дегенмен спортпен шұғылдана бастауды жоспарлап жүрсеңіз, бәлкім, сіздің түтін шығармайтын балама нұсқаларға назар аударғаныңыз жөн шығар, олар жану үдерісінің жоқтығы себебінен тұншықтырғыш газдың ағзаға енуіне жол бермейді. Мәселен, қыздырылатын темекіде деммен шығарылатын ауадағы СО құрамы айтарлықтай аз, кәдімгі темекімен салыстырғанда 98,6%-ға төменірек келеді.

Сонымен бірге мынадай бірнеше ережені ұстанған маңызды:

·     жаттығудың алдында бірнеше сағат бұрын темекі тартпаңыз

·     одан кейін жарты-бір сағаттай темекі шекпеңіз

·     тамақтанар алдында және одан кейін темекі тартудан аулақ болыңыз.

Осы қарапайым қадамдар сіздің жалпы физикалық хал-күйіңізді жақсартуға көмектесе алады және темекілік заттардың ағзаға деген теріс әсерін төмендете отырып, спортпен шұғылдануды анағұрлым тиімдірек етуге септігін тигізеді.

Егер сіз темекі тартуды жалғастыру туралы шешім қабылдасаңыз, өзіңізге мына бір сұрақты қойып көріңізші: сіз қажетті нәтижелерге қол жеткізбей, сонда да спорт залындағы жаттығуларға ұдайы қаражат құйып отыруға дайынсыз ба?


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

3
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз