Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Керексіз пәтерші

Үшіншілік түтін – денсаулық үшін жасырын қауіп

Керексіз пәтерші: Үшіншілік түтін – денсаулық үшін жасырын қауіп

Ол өткір, сіңгіш және жағымсыз. Ол – темекі жануының улы нәтижесі әрі сондықтан көптеген аурулардың және миллиондаған адамдардың қайтыс болуының себебі. Ол – темекі түтіні. Негізгі, екінші және үшінші.


Үшіншілік түтін дегеніміз не?

Біріншілік түтінмен, немесе негізгісімен, бәрі де түсінікті. Ол әлдебіреу темекіні тұтатқанда, мүштік немесе қорқор көмірін жаққанда пайда болады.

Темекінің екіншілік түтіні – бұл жанып тұрған темекі бұйымы шығаратын және шылымқұмардың деммен шығарылған түтіні.

Шылым тарту барысында темекінің екіншілік түтіні ешқайда ғайып болмайды. Оның бөлшектері пәтер немесе кеңседегі заттардың бетінде – терезелер, төбелер, жиһаздар, кілемдер, тұсқағаздар, балалар ойыншықтарының үстінде, сонымен қатар көлік салонында жинақталып, үшіншілік түтінге айналады да, маңындағыларға теріс әсер етуді жалғастыра береді.

Осыған дейін темекі шегілген бөлмелерде ұзақ уақыт бойы және жиі болу, тіпті, олардың ішіндегі ауасы белсенді түрде желдетіліп тұрса да, ғалымдар мұны үшіншілік темекі тарту деп атап кетті. 

Үшінші түтін басқа түрлерге қарағанда несімен зияндырақ?

Үшіншілік түтін нағыз зұлым. Оның басты ерекшелігі көзге көрінбейтін зиянкес екендігінде жатыр, оны кез келген адам, тіпті, сезе де қоймайды. Сонымен бірге ол тура «үлкен ағалары» секілді сол аталмыш қауіп-қатерлерге әкеліп соқтырады, оған қоса түтін пәтер ішінде апталар және айлар бойы жинақталғандықтан әлдеқайда жоғары мөлшерде шоғырланған түрінде әсер етеді. Бұл туралы американдық ғалымдар Сьюзен Шик және Стэнтон Гланц өз зерттеуінде жазады. 

Негізгі түтінге қарағанда үшіншілік түтіннің уыттылығы 12 есе жоғары болуы мүмкін.

Берклиде (АҚШ) орналасқан Лоуренс атындағы Ұлттық зертхананың эксперименттері көрсеткендей, үшіншілік түтіннің құрамында кездесетін мутагендер мен басқа да зиянды заттектер тышқандарда өкпенің қатерлі ісігінің дамуына әкеледі.

Ғалымдар Scientific Reports журналында жарияланған мақалада мәлімдегендей, үйдегі заттардың бетіне, соның ішінде балалар ойыншықтарының үстіне шөгіп, сіңіп қалатын темекі түтінінің іздері балалардың дамуындағы кешеуілдер және иммунитет жұмысында пайда болатын түйткілдермен байналысты екендігін анықтады.

Сондай-ақ оқу Адам тұншығарлық ауа Үй ішіндегі темекі иісінен қалай құтылуға болады

Үшіншілік түтін тағы да несімен қауіпті? Темекі тартатын адамдар да, сол секілді темекі тартпайтын адамдар да, оны өзінің үстінде тасымалдайды. Әрі айта кететіні, бұны тұрақты түрде жасайды екен. Түтін және шайырдың қатты бөлшектері адамның шашы мен терісінде қоныстанып, тасымалдаушысымен бірге жай қана «саяхаттайды» да, осылайша, түтіннен таза тұрған орындарға түседі. 

Сонымен бірге Йель университетінің зерттеушілері темекі шекпейтін адамдарға арналған кинотеатрдағы ауа құрамын талдауға алып, залдағы көрермендер саны ұлғайған сайын мұндағы темекіге байланысты ұшпалы қосылыстардың шығарындылар мөлшерінің артқанын анықтады. Демек, залдың ішіне зиянды бөлшектерді адамдар әкелген екен. Ғалымдардың айтуынша, бұл шығарындылар кинотеатр келушілерін шамамен 1-10 темекіден болатын екіншілік түтінін жұтуымен салыстыруға келетін әсерге ұшыратты.

Қаіпті қалай жеңуге болады?

Ең дұрысы – темекі шегуден біржолата бас тарту. Мұны істеу қиын болуы мүмкін, әрі тәуелділікпен күрес жүргізуде маманнан кеңес алу және тиімді әрі қауіпсіз терапияның тағайындалуы көмектесе алады. 

Сонымен қатар бүгінгі таңда темекіден мүлдем бас тарта алмаса да, кем дегенде, денсаулық үшін қауіпті төмендеткісі келетіндер үшін жаңа буын технологиялары – никотинді тұтынудың түтінсіз электрондық жүйелері қолжетімді. Мұндағы негізгі сөз «түтінсіз».

Темекіні қыздыру жүйелері түтінсіз деп аталуының себебі жану үдерісінің жоқтығында жатыр, мұндағы темекі тек қауіпсіз температураларға дейін ғана қыздырылады. Олардың құрамында кездесетін зиянды заттектер, қарапайым темекімен салыстырғанда, 90-95% төмен келеді, әрі темекіге деген қатты психологиялық тәуелдігі бар жандар үшін ерекше маңызды болып саналатын әдетінен түбегейлі бас тартуды талап етпейді. 

Денсаулық үшін қауіпті тағы да қалай азайтуға болады?

Мысалы, қатаң ережені енгізу: үйде – асүйде болсын, дәретханада болсын және, тіпті, лоджияда да – ешқашан темекі тартпау. Ең дұрысы темекіні далада тарту, сонымен бірге мұны балалар мен жасөспірімдердің көзінше жасауға болмайды, өйткені жаман әдет те жұқпалы ауру сияқты, тез тарайтыны белгілі. 

Екінші маңызды мәселе – шылымқұмарлардың пәтерлерінде ылғалды тазалауды мүмкіндігінше жиі жасап, әрі бөлмелерді желдетіп отырған абзал. Ал асүй мен дәретханада қосымша желдеткіш құрылғыларын орнатқан жөн.

 

Аударған Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз